139
кітабына» кірген жырлар баска да эпостар сияқты күрделі де ұзақ сапар
шегіп, талай заманның өндеу-жөндеулерінен өтіп жеткен. Ол ілкіде ұсақ
жыр, ертедегі әңгіме түрінде өмір сүре келіп, кейін біріктіріліп үлкен бір
циклды эпосқа айналған.
Эпостағы «Домрул» (Домбауыл), «Хан-Төрәлі» жырлары тіпті әріде
V-VI ғасырда пайда болған. Қорқыт
окиғасына тікелей байланысы
жоқ, өзінше бөлек шығармалар. Оларды жыршылар кейін «Қорқыт ата
кітабынан» оғыздардың ата аруағын әріден бастап, даңқын арттыра
түсу мақсатына коса салған.
59
«Қорқыт ата» циклында осындай 12 жыр-
әңгіме
бір желіге біріктіріліп, үлкен эпос жасалған. Эпостың бұлайша
циклденіп біту кезеңін В.М.Жирмунский XIV ғасырдың орта шені мен
XV ғасырдың бас кезіне жаткызады.
«Қорқыт ата кітабы» 12 жырдың қосындысы десек,
онда оншақты
ғасыр ішінде өмір сүрген он шақты ру тайпа ұлыстардың өткен дәуіріне
сай окиғалар суреттеледі. Жыр окиғасы әр түрлі жағрапиялық ортада өтеді.
Бірі Алтай жағында болса, енді бірі Орта Азия, Жетісу өңірінде, немесе
Сыр бойы, Сардала (Дешті қыпшақ), Персия, Кавказ, т.б.жерлерде өтіп
жатады. Бұлай болуын зертеушілер оғыздардың бір кездерде сол өлкелерді
қоныстанғандығымен байланыстырады. Бұл болжаудың да шындығы
бар. Соған қоса, біздіңше «Қорқыт ата кітабына»
енген әңгімелер бір
кезде, жоғарыда аталған оғыздарға қараған өлкелерді жайлаған көптеген
халықтардың ертегі-аңыздарынан алынып құрастырылған. Сондықтан
«Қоркыт ата кітабын» бір ғана халық меншіктене алмайды. Онда казіргі
бірнеше түркі халықтарының үлесі бар. Бұл пікірдің шындығын «Қорқыт
ата кітабының» мазмұнына көз жіберген адам бірден сезеді.
«Қорқыт ата кітабының» мазмұнымен В.Бартольд аудармасы бойынша
танысайық.
Достарыңызбен бөлісу: