Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ғылыми қазына» мақсатты бағдарламасы


 Дерсехан ұғлы Бұқаш хан туралы жыр



Pdf көрінісі
бет33/126
Дата01.11.2023
өлшемі2.92 Mb.
#482164
түріБағдарламасы
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   126
4100d37a29d9cd8e6f0c6385f1c84be9

1. Дерсехан ұғлы Бұқаш хан туралы жыр. Мұнда хандардың ханы 
Баяндүр той жасап, ел жұртын жинап, оғыздардың бектеріне сый-сияпат 
көрсетеді. Тойға жиналғандар үшін ол үш жерге түсті үй тіктіріп, үш 
түсті ту көтереді. Ақ тулы үйге ұлы барларды, қызыл ту астындағы үйге 
қызы барларды, қара тулы үйге баласы жоқтарды кіргізеді. Баласыздарды 
құдай қарғысына ұшырағандар деп санайды да, олардың астына қара 
киіз төсетіп, қонақасыға кара кой сойғызады, артық құрмет көрсетпейді. 
Осы жиынға Дерсенхан деген белгілі бек те келеді. Оның не қызы, не ұлы 
жоқ екен. Ол бұл қылықка әбден налып, үйіне кері кетеді. Үйде калған 
тамаша сұлу ханшасына барып, болған жайды түгел баяндап береді. Оны 
кінәлап, не бала тап, не қаныңды жерге төгемін дейді. Оған әйелі: «О 
ханым! Саспа, ашумен асығыс іс қылма. Мені тыңда: Құдай үшін қызмет 
кыл, шын тілекпен жалбарынайық, той жаса, мал-жанды құрбан қылайық. 
59
Қараңыз: «Книга моего деда Коркута» Огузский героический эпос, М., 1962


140
Етті тау ғып үй, қымызды көл ғып құй, ел-жұртты түгел жи, бәріне тік 
тұрып сый-кұрмет көрсет, аш-жаланаш, пакыр-мүскіннен дүниеңді аяма. 
Олар да біз үшін перзет тілесін, көптің тілегін кұдай кабылдар», - депті. 
Құдайы қылған үйдің қонақтарының тілегі қабыл болыпты, хан балалы 
болыпты...
Бала ер жетіп, 15 жасқа келгенде алып күш иесі болады. Ол Баяндүр 
ханның мүйізімен қара тасты ұн қылатын бұқасы мен қара бурасына 
қарсы шығады. Айбатына адам шыдай алмайтын асқан қара күш иелері 
- бұқа мен бураны жеңеді. Осыдан кейін халық жас баланың кайратына, 
батылдығына риза бола ды. Қорқыт атаны алдырып, оған Бұқаш деп 
ат қойғызады. Хан сайланып, таққа отырады. Алып күш иесі жастың 
күндестері оны әкесіне жамандайды, әкесін баласына қарсы айдап 
салады. Хан анда жүріп өз баласын өзі атады. Мұны сезген ханым қырық 
қызбен келіп, баласын іздеп зар шегеді. Бірақ оған дейін батыр баланың 
басына Қызыр келіп, ем-дом беріп, етіне түскен жараны тау гүліне ана 
сүтін қосып емдеуді аян етеді. Кавказ тауының қарлы шыңындағы құзға 
кұлап, әбден әлсіреп, құзғынға жем болғалы жатқан ұлын анасы табады. 
Қызыр аян еткен емді жасайды.
Бұл арада ананың өте қайғылы зары ұзақ толғау арқылы беріледі. 
Ем қонған батыр 40 күнде бұрынғы қалпына қайта келеді. Аң аулап
әкесіне көрінбей, дала кезіп ат арқасында жүреді. Дерсехан баласының 
тірі қалғанын көпке дейін білмейді. Ол күндердің күнінде өзінің кырық 
уәзірлерінен жапа шегіп, құлдарша жаяу айдалып, жауына тұтқын 
болады. Осы кезде анасы батыр баласына барып, болып жатқан жайды 
хабарлайды. Баласы қырық жолдасын ертіп әкесін құтқарады. Жауды 
жеңеді. Өзі Ұлы хан болады. Бұлар туралы Қорқыт ата жыр шығарады. 
Осымен бірінші жыр аякталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   126




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет