141
Жау койға тигенде олар үш жерде тұрып жауға тас лақтырып берілмей,
айтарлықтай ерлік көрсетеді. Жауды Қарақойшы күшпен бөгеп, баққан
малын алдырмайды. Бірақ шаршап,
шалдығады, көмекке келер ханды
жоқтап жапа шегеді.
Алыстағы Салар Қазан да бұл кезде түс көреді. Түсінде
жаман іс
көреді. Ақ түндіктің ордасын қара тұман басқанын сезеді. Үш күндік
жерді бір күнде жүріп үйіне келсе, қаңырап қалған жұртын көреді.
Шапқынға үшыраған туған жердің әрбір бұтасымен тілдесіп,
әбден
кайғырады. Көзі қарайып, қанды жасқа толады, ес жиып, жаудың соңына
жалғыз түседі. Жолында кездескен суға қарап, онан жөн сұрайды. Ол
жауап бермейді. Қасқыр кездеседі, одан жау алған ордасын сұрайды, ол
да жауап бере алмайды. Карақойшының қара итін кездестіреді. Одан да
жауап ала алмайды. Қарақойшыға келеді. Қарақойшы болған жайды өте
ауыр кайғымен хабарлайды.
Қазан мен Қарақойшы жаудың соңына түседі.
Бұлар жеткенше
гәуірлер Қазанның әйелін, баласын қорлайды. Ораздың етін кесіп, отқа
қақтап анасына жезігбек болады. Анасы мен баласы тілдесіп, зар шегіп,
мұндасады. Бірі мен бірі жауға берілмей, арын қорламай өтуге серттеседі.
Осы кезде Қарақойшы мен Казан хан да жетеді. Олар жаумен кездесіп,
аруағын шакырғанша Қазанның тоғыз батыры мен басқа бектері де келіп
жетеді. Бәрі гәуірлерге шауып, кескілескен қантөгіс ұрыс салып, кектерін
алады. Жеті күн, жеті түн жеңіс тойын жасай ды. Қырық құлы мен қырық
күңіне еркіндік береді, ер-азаматтарына үлкен
сый-сыяпат көрсетеді,
киім кигізеді. Жырда тоғыз батырдың ерлік сипаты ерекше бейнеленген.
Оқиғаның аяғында, бұл жырды Қорқыт ата шығарып кеткен еді дейді.
Достарыңызбен бөлісу: