Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ғылыми қазына» мақсатты бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет31/126
Дата01.11.2023
өлшемі2.92 Mb.
#482164
түріБағдарламасы
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   126
4100d37a29d9cd8e6f0c6385f1c84be9

ОҒЫЗ НАМА
«Оғыз нама» - көне тайпалардың аңыз сөздері топталған 
ескі шығарманың бірі. Кейбір ғалымдардың (Пелльо, Бартольд) 
жорамалдауынша, шығарманың ескі вариантын бірінші жа зып қалдырған 
атақты Рашид-ад-дин (XIII ғ.), одан кейін оны толығырак жазған 
Абылғазы (XVIII ғ.). 
Біздің заманымызда «Оғыз наманы» жақсы тексерген ғалымдар: 
Н.Ф.Диц, В.В.Радлов, П.Пелльо, В.В.Бартольд. Бұл тегінде Жетісу, 
Қашқар арасын қоныстанған тайпалардың (Карлук, Яғма) мұрасы болуға 
тиіс.
«Оғыз наманың» негізгі кейіпкері - Оғыз қаған. Шығармада соның 
өмір жолы, күресі, ата тегі баяндалады. Анасы Айқағанның керемет бір 
ұл тапқаны, оның емшек ембей, ет жемей, қырқынан шығысымен жүріп, 
ойнап кеткені, одан кейін алып денелі болып өскені, жылқы күзетіп, 
ерлігімен сәби кезінен-ақ көзге түскені, аң аулауға шығып, киікті, аюды, 
ұшқыр қыран кұстарды атып алған мергендігі, оның жалғыз көзді Қият 
дәуді жеңген ерлігі суреттеледі. 
Одан кейін Оғыздың үйленуі, балалы болуы айтылады. Ол көк тәңірі 
жіберген, күн десе көзі бар, ай десе аузы бар, темір қазықтай меңі бар 
сұлуды алады. Одан Күн, Ай, Жұлдыз деген үш бала көреді. Бұдан кейін 
Оғыз көл ортасында өсіп тұрған жалғыз шынарды тауып, оның басында 
отырған екінші бір тамаша сұлуды көріп, соған үйленеді. Ол сұлу да үш 
бала табады. Оларға Көк, Тау, Теңіз деп ат кояды. Бұлардың бәрі аттарына 
сай батыр болып еседі. Осындай батыр ұрпақты Оғыз хан өзі бастап
Көк бөріні ұран ғып, қалқанды таңба тұтып, окжақ пен темір жебе алып 
жауға аттанады. Алтын, Ұрум қағандарын бағындырады. Мұз тауды 
басып алады. Бұл араға Қарлұқты бек етіп сайлайды. Енді бір жерге 
Калач Джуржит деп ат қойып, оны жаулап олжа түсіреді. Оның касында 
данышпан ақыл иесі Ұлүғ Түрүк (Ұлы Түрік) деген қария жүреді. Ол 
Оғыз ханға ақылшы болады. Сол қарияның ақылымен Оғыз кейін өзінің 
картайғанын мойындап, өзіне қараған өлкені балаларына билетеді. Өз 
хандығының оңтүстігін Күн, Ай, Жұлдыз, солтүстігін Көк, Тау, Теңіз 
деген ұлдарына бөліп бермекші болады. Құрылтай шақырып, жұртты 
билеуді балаларына жүктеп, той жасап, бар қазынасын бөліп беріп, кең 
байтақ жерге ие болуды өсиет қып, бата береді.
«Оғыз нама» аңызының оқиғасын кейбір зерттеушілер Шыңғыс 


136
ханмен байланыстырады. Біздіңше, бұл дұрыс емес. Кейбір ғалымдар 
оны (Н.Я.Бичурин) Түркі қағанатымен, немесе Қарахан дәуірімен 
орайластырады. Түркі тайпалары тари хында Оғыз немесе Уыз хан 
Қараханның баласы болып суреттеледі. Аңыз сол ханның атына 
байланысты шыққанға ұқсайды. Шындыққа осы соңғысы жақын болуы 
ықтимал. Бұл көшпелі халықтар (қазақтар) арасында пайда болған 
мифтік сюжеттегі ерлік эпос. Кейін қағаз бетіне түсіріліп, көне түркімен 
тілінде (ұйғыр әрпімен) жазылған қалпында сақталған.
«Оғыз наманы» Г.Н.Потанин XV ғасырдағы қазақ тарихымен 
байланыстырып, оның оқиғасы Керей мен Жәнібекке байланысты 
казақ ішінде туды. Оғыздың арғы тегі эпостык образ болуғы тиіс дейді. 
Бұл пікірді қостау өте қиын. Себебі «Оғыз наманың» сюжетінде ерте 
замандағы Қазақстан жерінде болған оқиғалардың эпосқа айналған 
шындык сілемедері болса да Жәнібек пен Керейге байланысты ештеңе 
жоқ.
Абылғазы еңбектеріне сүйенген Шоқан Оғыздар қазақтың арғы 
аталары болды деп сендіреді. Ол: «Қазақтар - түркі халқы. Олар Оғыз 
ханның немересі Қырғыздан шыққан»
55
дейді.
Оғыз каған туралы арнайы еңбек жазған А.Н.Бернштам Оғыздың 
аңыздық жағын біркелкі тексеруге тырысқан. В.М.Жирмунский өзінің 
1962 ж. шыққан бір еңбегінде Оғыз наманың Қорқыт әңгімесімен 
өкшелес шыққан түркі халықтарының ортақ эпосы екенін айтқан.
Құрбанғали Халидов өзінің «Тауарих Хамса» атты кітабында «Оғыз» 
деген сөзге тоқтап, оның түбі «ғыз», «хуз» деген қытай сөздері деп 
жорамал айтқан. Оның ойынша, қытайлар сары үйсіндерді «Оғыз яғни 
қызыл сақалдылар» деп атаған, Оғыз сары үйсіндер деген сөз дейді.
56
Өзінің тілі жағынан да «Оғыз нама» көңіл аударарлық. Қазіргі оқушыға 
түсініксіз сөз онда өте аз. Кейбір ескірген сөздер мен архаизмдік тіркестер 
де кітап шыққан заманның тілдік нормасына сыйымды. Сондықтан 
болса керек, кейбір зерттеушілер осы тіл ерекшелігіне сүйеніп, бұл 
аңызды қазақтың жерінде жасалған шығарма болуы да ғажап емес 
дейді. Әсіресе, олар эпостың кейінгі вариантын қазаққа таңады. Мұндай 
пікірлерді В.В.Бартольд, П.Пелло айтқан. «Аныздың авторы ұйғыр емес, 
қазақ даласының тұрғындары болса керек. Оғыздардың сол жерлерде 
ұзақ тұрғандары да әркімге мәлім ғой» - деген Бартольд. 
Тілінің түсініктілігіне қоса, қазақта бар өзіндік дыбыстардың аңызда 
көп қолданылуы да оның қазаққа тума жыр екенін айқындай түседі. Олар: 
ә, ө, х, ұ, і, ы, қ, ғ, д, ж, ч, ң, дыбыстары, алтын, қатын, жарық, тірік, өлік, 
тағ, айғыр, киік, күң, бұлт, құн, түндік, нөкер, қанға, адуң, қият, кағатыр 
және басқа сөздер. 
Мәтінен бір үзінді келтірелік:
55
Чокан Валиханов. Соч. Том.1 А., 1965, стр 352.
56
Қараңыз: Құрбанғали Халидов. Тауарих Хамса, Қазан, 1911, 633-бет.


137
«...Ошбу йаруқтың арасында бір қыз бар еді. Жалғыз, отырған еді. 
Нақшы, көріклі бір кыз еді. Оның басында аташлұғ йарықлұғ бір мең бар 
еді. Алтын қазықтай еді. Ошул қыз әйдег көрұқлык еді, кім күлсе тәңірі 
күле тұрар, йығыласа, көк тәңірі йылып тұрар. Оғыз қаған оны көрді де 
есі қалмады, кәтта, сезді, алды, анұң бірле ижатты тіләг ұсыналды. Төл 
бұғаз болды. Күнлерден соң, кәчәлардан соң иаруди, уч еркек үғлыны 
тоғырды. Бірінчисиға Күн ат қойдылар, икінчісіне Ай ат қойдылар, 
үчинчисіне Жұлдыз ат қойдылар. Иәне бір күн Оғуз қаған аңға кәтті. Бір 
көл арасында алдынан бір иғач көрді. Бұл иғачтың кабучағында бір қыз 
бар еді. Иалғыз отыр еді. Оның көзі көктен көгірек еді. Оның чачы аққан 
судай, тісі інжудай еді. Асқан көркілі еді. Кімде кім оның ажарын көрсе, 
ай, ай, ах! өлерміз дейтін. Ол иелгенде сүт қымыз бола түралар. Оғыз 
каған оны көрді де есі кетті, жүрегі ата түсті, оны өбіп алды, онымен 
жатты, тіл оғұсын алды. Төл боғаз болды, күнләрден соң йары-ды. Уч 
еркек ұғлыны тұғырды. Бірінчисине Көк ат қойдылар, икінчісіне Тағ 
ат қойдылар, учинчисіне Теңіз ат қойдылар. Анан соң Оғыз каған әдүк 
той берді, әр күнге йарлық иарлап кәң әштілер, кәлділәр. Кирик шірә, 
кирикбайдәң чаптурди, түрлуч ашлар, түрлүуч сүрмәләр, чүбу янлар, 
қимиялар ашади-лар, іштіләр. Тойдан соң Оғыз қаған бектәріге һәм 
күндәріге ярлик берді, таки дади: кім мән сәнлерге болдум қаған, аланиң 
я таки қалқан, тамға бізге солсун буяң, көк бері болсун ғил Уран: темүр 
жидәлар бол орман, әв йерде юрсун құлан таки та лу таки мүрен; күн 
түт болғыл, көк күркән дәб деді. Кәне аңдан соң Оғуз каған төртшариға 
ярлык юмшади...» 
Бұл келтірілген деректер «Оғыз наманың» сюжеті ескі қазақ 
тайпаларының ортасында шығып тараған аңыз деп болжау айтуға ерік 
береді.
Шығарманың идеясына келсек, ол ерлікті, бірлікті көксейді. Қазақ 
халқы жасаған белгілі эпос жырларға әуендес келеді. Стилі жағынан 
қазақ ауыз әдебиетімен бүтіндей ұштасып жатады. Сондықтан бұл 
шығармаға ортақтасуға қазақтың құқығы молырақ.


138


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   126




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет