Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ғылыми қазына» мақсатты бағдарламасы


«Патшаның тастанды баласы» және «аң асыраған бала», «мұнара



Pdf көрінісі
бет72/126
Дата01.11.2023
өлшемі2.92 Mb.
#482164
түріБағдарламасы
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   126
4100d37a29d9cd8e6f0c6385f1c84be9

«Патшаның тастанды баласы» және «аң асыраған бала», «мұнара 
басындағы қыз». Бұл әңгіме авесталық Парадата (алғашқы адамдар), 
кейінгі ирандық Пешдадидтер династиясы заманында одан кейінгі 
Кейанидтер тұсында айтылған (Бойс М., 1988-151).


279
Кейінгі деректерден б.д.д. ХХҮІІ-ХХҮІ ғасырларда патша болған 
Гильгамеш туралы жазылған жырда да осы оқиға бар екенін көреміз. 
Кейінірек Гильгамештің тарихи тұлғасы мифтендіріле басталған. Ол 126 
жыл билік құрған патша, Урук билеушісі Лугальбанда мен Нинсун Құдай 
ананың баласы, күн Құдайы Утуштың ұрпағы болып бейнеленген. Осы 
жыр нұсқаларының бірінен «тастанды бала» оқиғасын табамыз.
Онда Сәуегейлер Урук патшасына қызынан туған жиені патшалығын 
тартып алатынын айтады. Патша дереу биік мұнара тұрғызып, қызын 
жан баласына тигізбей ұстайды. Бірақ қыз кімнен екені белгісіз, бір ұл 
туады. Патшаның пәрменімен баланы биік мұнарадан тастатады. Осы 
кезде ұшып келген бір бүркіт баланы қағып алып, бағбанға апарып 
береді. Бағбан баланы асырап өсіреді. Бағып алған баланы Бильгамос 
(Гильгамеш) деп атайды (Афанасьева В.К., 1991-154). Осы жерде 
Бильгамос деп ат қойылуында көп мән бар сияқты. Ол ҮІІІ ғасырда Түрік 
қағанатының билеушісі болған Білге атымен ұқсас. Гильгамешіміз Білге 
болуы мүмкін демекшіміз.
Осы желі кейінгі қазақ аңыздарында (Мысалы, «Дыңсұлу») айтылады 
және қиссалардың сюжетіне де негіз болған. Көбіне, патша қыздарының 
әкесінен бөлек, мұнара, сарай салдырып тұрғаны айтылады, оларға 
жан баласын көрсетпесе де, ғашықтарымен бағбанның көмегі арқылы 
табысады. 
Бір сарай сонда патша салдырады,
Әр жерден ұста болса алдырады.
***
- Ей, бағбан, алтын-күміс берейін деп,
Өзіңді жақсы сыйлап жүрейін деп.
Жігітті анау жүрген шақырып кел,
Кім екен, мен жолығып көрейін деп 
(«Гүлшат-Шеризат»).
Афрасиябтың қызы Қаздың да екі шаһары болған. Қарақалпақтың 
«Қырық қызында» Гүләйім сұлу бөлек шаһарда тұрады:
Қолдан қорған салдырды,
Болат пенен шойыннан,
Дарбазасын ойдырды,
Босағасын бекемдеп,
Қорғасын болат құйдырды.
(Қырық қыз. 1956-7).


280
Бұдан мұнарадағы кінәлі қыз оқиғасының тарнсформациялануын 
көреміз. Сарайды бекемдеп, шаһарына жан кіргізбейтіндей етіп салу 
желісі сақталып қалғаны байқалады.
Жоғарыда айтылған «патшаның тастанды баласы» желісі «Мұңлық-
Зарлық», «Ер Шеризат» және «Гүлшат-Шеризат» дастандарында да 
оқиға жасаушы желі, сюжет ұйытқысы ретінде көрінетінін байқаймыз.
Мысалы: 
Ханның буаз ханымын өлтіресің,
Басын кесіп алдыма келтіресің.
Қасына екі жендет қосып берем,
Бір түн бұл қызметті бітіресің.
(«Ер Шаризат»).
Біреу келіп қалар деп,
Қол-аяғын берік ұстап.
Баланы суға атты енді.
(Ғашық наме. 1976-266).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   126




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет