Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ғылыми қазына» мақсатты бағдарламасы


«Жүсіп пайғамбар – кейіпкер сұлулығы, әйелдің өгей баласына



Pdf көрінісі
бет69/126
Дата01.11.2023
өлшемі2.92 Mb.
#482164
түріБағдарламасы
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   126
4100d37a29d9cd8e6f0c6385f1c84be9

«Жүсіп пайғамбар – кейіпкер сұлулығы, әйелдің өгей баласына 
ғашық болуы». Жүсіп – Жақып пайғамбардың сүйікті баласы болып 
есептелінеді (Себебі, сүйікті әйелі Рахилден туған). Жүсіп әңгімелері 
Жақып туралы мифтер топтамасынан тарайды. Жүсіптің анасы сүйкімді 
де сұлу қыз Рахилге Жақыптың 14 жыл қызмет етіп, әрең қол жеткізуінен 
барып, Жүсіп бейнесіне байланысты кейінгі желілерде оның ерекше бала 
болғандығына, сұлулығына тоқталып отырған. 
Осыдан қисса кейіпкерлерінің мінсіз сұлу болу үрдісі қалыптасқан 
деген ойдамыз. 
Ғашықтық қисса қаһармандарының бейнесі Жүсіпті еске түсіреді:
Сонда Жүсіп қосына қайтып келді,
Тәсбиғ таһил айтып келді.
Үстінде хүллә тоннан нұры балқып,
Жіберді жарқыратып көк пен жерді.
(«Жүсіп-Зылиха»).
Мағрифат нұр жайылған жүректері,
Секілді ақ күмістей, білектері.
Ақ жүзді, ақ йанақты шаһизада,
(Йанақ – алқызыл жүз)
Жаралған саф алтыннан сүйектері.
(«Сейфүлмәлік»).
Жүсіпке қастандық ойлаған ағалары оны құдыққа салып кетеді, 
соңынан измаилдықтарға сатады. Құранда Мысырға бара жатқан 
керуенге сатады. Оны Египетте Перғауынның жеке қорғаушыларының 
бастығы Потифар сатып алады (Құранда Мысыр патшасының уәзірі). 
Осы уақытта Жүсіптің ерекше қасиеті байқалады: Потифардың ыстық 
шарап ішкісі келсе, Жүсіптің қолындағы шарап ыдысы ысып кетеді, 
суық шарап ішкісі келсе, суып кетеді.
Бұдан кейін Жүсіптің алдынан тағы бір сын шығады. Потифардың 
әйелі Жүсіпке ғашық болады. Көнбеген Жүсіптің етегінен тартып қалады. 


272
Потифар Жүсіпті зынданға салады (Мұсылман мифтерінде Жүсіптің ақ, 
адал екенін айтып, бесіктегі бала куәлік береді).
Жүсіп зынданда жатып, екі жігіттің түсін жориды. Бірі – шарап 
құюшы, екіншісі – нан пісіріп беруші. Шарап құюшының түсі рас 
шығып, зынданнан босанады. Осы кезде Перғауын түс көріп, түсінде 
жеті семіз сиыр – жеті арық сиырды жеп қояды (Сиыр – бақташылықтың 
нысаны, ал бидай – егіншіліктің нысаны). Жүсіптің түс жоруы дұрысқа 
шығып, елі аштыққа ұшырамаған соң Перғауын оған өз жүзігін беріп, 
уәзір қылады. Потифар атты Египет абызының қызы Асенефті әйелдікке 
қосады. 
Жеті жыл ашаршылықта Жүсіптің ағалары Египетте астық сатып 
алуға келеді. Миф желісі бойынша, Жүсіптің Египетке сатылып кетуі – 
болашақта туыстарын астықпен қамтамасыз етуінің алғышарты ретінде 
алынған деуге болады.
Ағалары Жүсіптің арқасында аштықтан құтылып, Жүсіптен кешірім 
сұрап, әкесі Жақыппен табысады. Ежелгі йудей мифтерінде 110 жыл 
жасайды. Ал қисса-дастандарда («Қисса Жүсіп», «Жүсіп-Зылиха», 
«Қисас-ул-әнбиа») Жүсіпті табандылықпен күткен Зылихамен қосылып, 
қайтадан жас қалпына түседі. Жүсіп пен Асенефтің махаббатын бөліп 
алып жазған біздің заманымыздың бас кезіндегі (б.д. І ғ.) грек тіліндегі 
Апокриф болған (Аверенцев С., 1991-254). Мұсылман сюжеттері «Жүсіп 
пен Асенеф махаббатын» дамытып әкеткен. Ал христиан мифтерінде 
Жүсіп образы Исус Христос бейнесіне жақындатылып жіберіледі. Құран 
хикаяларында: «Жүсіп әкесімен дидарласты. Басқа он бір баласы оны 
араларына алып келді. Олар түгел ілтипат етіп тізерледі. Жүсіп қос қолын 
көкке көтеріп, Алла Тағаланың мейір-шапағатына мейірленді:
- Е, Рәббанам, билік күшті бердіңіз, түс жору өнерін үйреттіңіз! Уа, 
жер мен көктің иесі! Пәни жалған мен бақи дүниенің ғафизі – Өзің!
Жазмышқа мойынсұнуды, барлық адал жандармен бірлесуді үйреткен 
өзің!», – деумен аяқталады (Құран хикаялары. 1992-70). 
Мұсылман мифтерінде Жақып пен Жүсіп оқиғаларының ішінде 
Жүсіпке көбірек көңіл бөледі. Жүсіпті – сұлулық пен тазалық нысаны 
ретінде орта ғасыр ақындарының бәрі дерлік мақтап, өз өлеңдерін жазған.
Патша әйелінің (Жүсіпке ғашық болған Потифардың әйелі) өз 
қызметшісі немесе өгей баласына ғашық болып, көнбеген соң қастандық 
жасау әдебиетте ежелден бар.
Осыған ұқсас оқиға Әбілғазының «Шадшарат Тарикима» атты 
шежіресінде бар екен:
Вограхан қартайып, әйелі өлген соң, Көркелі (көрікті) деген қызға 
үйленеді. Көркелі Вограханның баласы Қозыға ғашық болып, көнбеген 
соң, қызметші қызға Қозының етігін ұрлатып алдырып, өз шатырына 
дейін із салып қояды да, шу көтереді. Бірақ баланың адалдығы анықталып, 


273
әйелді өлтіреді. Әбілғазы бұл әңгімені ескілікті аңыздарды жақсы білетін 
бір шалдардан естігенін жазған (Короглы Х.Г., 1983-124).
«Шаһнамада» Сиявушқа өгей шешесі Судабе ғашық болады. Оның 
кесірінен Сявуш өлген соң, Рустем Судабені өлтіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   126




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет