Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ғылыми қазына» мақсатты бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет75/126
Дата01.11.2023
өлшемі2.92 Mb.
#482164
түріБағдарламасы
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   126
4100d37a29d9cd8e6f0c6385f1c84be9

Жылан, айдаһар-аждаһа. Жылан, одан ұлғайған – айдаһар бейнесінің 
әдебиеттегі ең ілкі түрлері «Гильгамеш» жырынан көрінеді. Онда 
Гильгамеш теңіз астынан өлмейтін гүлді алып шығады. Бірақ, ол гүлді 
бір жылан ініне алып кетеді. Соның кесірінен Гильгамеш өлмейтін бола 
алмайды (Эпос... 1961-57-82). ХІІІ-ХІҮ ғасырлардағы түрік әдебиетіндегі 
қиссаларда Нұх пайғамбардың кемесін бітейтін жылан бейнесіндегі 
«Гильгамеш» жыланына жақын екенін көреміз. Бұл жылан бейнесінің әлі 
іріленбеген тұсында туған сюжет деуге болады. Ал, Авестадағы жылан 
үш басты бейнеге енген:
Хваноға Ахура Мазданың оты
Зымырандай ұшты.
Артынан үш басты жылан Дахака қуды.
(Авеста. 199-162).
Аждаһаның көне грек, индоеуропалық мифтерде көптеген 
параллельдері бар. Мидия, Кәбіл жерлеріндегі кей елдер өзінің ата-тегін 
аждаһадан тартады. Жылан бейнелі жауыздық күш ретінде Фирдоусидің
«Шаһнамасында» Авеста мифтерінен кіргені анық. «Шаһнама» арқылы 
бүкіл шығысқа кең таралған мифтік бейне.
Зоххак бейнесі авесталық үш басты аждаһаның жалғасы деуге болады. 
Ортасындағы адам басы мен екі иығындағы екі жылан – үш басты жылан 
бейнесінен көрініс береді. Ол алғашқы патша Иимадан соң патша болған.
«Шаһнамада» Зоххак – араб патшасы Мардактың баласы. Оны Ібіліс 
алдап, жыланға айналдырады: «Мен – асқан аспазбын, қызметіңе ал», – 
дейді патшаның асханасына кіріп алған соң, Ібіліс адамзатқа қастандық 
жасамақшы болады. Ол заманда адамдар шөпті ғана жейді екен, малдың 
етін жемейтін болса керек.
Ібіліс патшаға әуелі жабайы құс пен аңның етін пісіріп бере бастайды. 


288
Бірінші күні жұмыртқаның сары уызын, екінші күні ақ қырғауылдың 
етін, үшінші күні қой етін, төртінші күні жас өгізшенің етін асып, қоңыр-
қызыл шараппен шылап, хош иісті шөппен сәндеп, жегізеді. Зоххак риза 
болып, Ібілістен не қалайтынын сұрайды. Сонда Ібіліс: «О, патшам, 
маған ештеңенің керегі жоқ, ақ жүзіңді көргеніме ризамын. Тек бір-ақ 
тілегім сол, иығыңа ернімді тигізсем, бақыттымын», – дейді.
Ібілістің пісірген тамағының дәмі аузында тұрған патша рұқсат етеді. 
Ібілістің Зоххактың иығына ерні тиюі мұң екен, екі иығынан жылан 
ирелеңдеп, өсіп шыға келеді. Шауып тастаса, қайта шығады. Тәуіп, 
дәрігердің бірі де амалын таба алмайды.
Ол кезде Ібіліс түрін өзгертіп, дәрігердің кейпіне түсіп, қайта келеді 
де: «Жыланды шауып тастағанымен, құтыла алмайсың, одан да адамның 
миын жегізіп отырсаң тыныш табады», – дейді. Сөйтіп, Ібіліс жер бетінен 
адамзатты жойып жібергісі келеді (Брагинский И.С., 1972).
«Шаһнама» және басқа да көптеген қисса-дастандарда жылан самұрық 
құстың балапанын жемекші болғанда, балапандарды батыр құтқарады:
Айдаһар бұл шаһарда болған тажал,
Кез болды, балам, бізге осындай хал.
Көп жұртқа мөрді басып ала бердім,
Сөзіме, балам, менің құлағым сал.
Өлтірсең айдаһарды қайрат қылып,
Қыз түгіл, астымдағы тағымды ал
(Қазақ қиссалары. 1986).
Бұл – «Әділ-Зайыт» қиссасының үзіндісі.
«Гүлшат-Шеризатта» Гүлшаттың түсіне Шеризат батыр аждаһа 
бейнесінде кіреді:
Көрінген аждаһа боп ер екен ол,
Ойланып саған қастық жүр екен ол.
Қолыңнан тақытыңды тартып алар,
Япырмау кім екенін білмеймін сол.
«Сейфүлмәлікте»: 
Көреді Сейфүлмәлік бір айдаһар,
Әлемді ашуланса бір-ақ жалмар.
Келді де балапанға тұра ұмтылды,
Болдырып отыр еді құс жануар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   126




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет