«Өлім мен өмір». Мұсылман ойшылдары дүниенің даму
жолын мынандай формуламен түсіндіреді екен: жоқтан-барға,
тыныштықтан-қозғалысқа, жамандықтан-жақсылыққа, соғыстан-
бітімге, ретсіздіктен-реттілікке (Ысқақов М., 1980-163). Бұл ойлар,
қараңғылықтан-жарыққа, түннен-күнге болып қорытылған. Біздің
ойымызша, бұл үрдістің адамзатқа ортақ тұстары көп болса керек.
Қараңғылықтан-жарыққа, түннен-күнге ұмтылу – бүкіл адамзаттың
жамандықтан-жақсылыққа, зұлымдықтан-әділетке ұмтылысының
негізі. Сол сияқты, қараңғылық – өлім, жарық – өмір болып та
қорытындыланған. Сөйтіп, бүкіл әдебиетте өмір мен өлім желісіне
айналған.
«Өмір мен өлім» желісі адамзат мәдениетінің ең көне құнды
деректерін берген «Гильгамеш» өлмеудің амалын іздеп, ана Құдай
Сидуриге, одан кеме жасаушы Уршанабиге келеді. Тіпті, «өлім
теңізі» дейтін теңізден де өтіп, Утнапиштиге жетеді. Утнапишти,
қазақтың абыздары секілді, мәңгі өлмейтін гүл бар екенін айтады. Реті
келгенде еске ала кетейік, абыздар – сәуегей адамдар, олардың арғы
тегі жұлдызшылар болуы керек. Өйткені, «Еңлік-Кебектегі» Нысан
275
аңыздың аты «планета» деген мағына береді (Ысқақов М., 1980-163),
«Гильгамештегі» Утнапишти, сондай-ақ, Тоныкөк, Қорқыт, Ұлық Түрік
секілді бейне немесе Нысан абыз болуы керек.
Сонымен, Гильгамеш теңіз астынан мәңгілік гүлді алып шықанымен,
пайдалана алмайды, оны шығыс мифологиясындағы қаскөй жылан ініне
алып кетеді (Эпос о Гильгамеше. 1961-57-82).
Гильгамеш кеп көк толқынға енгенде,
Қасиетті гүлге таяй бергенде.
Гүл иісін сезе қалып ырғаған,
Жыбыр-жыбыр жанталса сырғыған,
Гүлді әкетіп, түлеп шыға келді лезде сұр жылан.
(Ақатаев С., 1990-100).
Гильгамеш те Қорқыт ата сияқты, өлімнен құтылу үшін арпалысып,
ақыры, ажалдың амалын табады. Қорқыт пәлсафасы Абайдың:
«Өлді деуге сия ма, ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған», – деген сөзімен
түйіндейді. С.Қасқабасовтың айтуынша: «...Қорқыт бейнесі Прометей
сияқты Құдайларға қарсы соғысқан кейіпкерлердің бұрынғы типі болуы
да мүмкін. Стадиялық жағынан келгенде, қазақ мифологиясы антика
дәуіріндегі құл иеленуші мемлекет елдерінің мифологиясынан көне»
(Қасқабасов С., 1984-160).
Қорқыт аңыздарындағы өлімнен қашу идеясы «Қорқыт ата
кітабындағы» ержүрек Темірқұл туралы жырдан көрініс тапқан.
Ажалмен соғысқан Темірқұлдың батырлығына сүйсінген Құдай ол үшін
басқа біреу жанын берсе, оның жанын өзіне қалдырмақ болады. Жанын
әкесі мен шешесі бергісі келмейді. Сонда жұбайы айтыпты:
– Батыр туған жарым, не айтып тұрсың? Көзімізді ашқалы өзіңнен
басқаны көргенім жоқ еді, жүрегімнің сүйгені – бір өзің. Сенен қалған
тауларды жайлау етер болсам, ол менің көрім болсын! Құдықтарының
мұздай суы бойымды суытқан қаным болсын. Сенен соң біреуге тиер
болсам, ол мені сары жылан болып шақсын. Құдайдың жарық күні,
үстімдегі көк куә болсын, беремін жанымды сен үшін!
Мұны естіген батыр: «Сенен қалған өмірдің маған да керегі жоқ», –
деп, Құдайға жалбарынады: «жанға зәру болсаң, екеуіміздің жанымызды
бірге ал, қалдырсаң, бірге қалдыр!», – дейді.
Бұл тілек Құдайдың құлағына жетті. Темірқұлдың әке-шешесінің
жанын алғызып, жұбайы мен екеуіне 40 жыл өмір береді.
Бұл жырдың мазмұнына қарағанда, оның негізгі желісі ислам
дінінің қазақ даласына енуінен бұрын шыққан көрінеді. Темірқұлдың
276
Әзірейілмен күресі, оны жеңгісі келуі әлі де исламды мойындамаған
жан-дүниенің әрекетін аңғартады.
Қазіргі қазақ ертегілерінде Темірқұлдың өліммен күрес идеясының
қазақи өмір-тіршілікке жақындатылған түрлері кездеседі. Мысалы,
ел аузынан естіген бір аңызда: «Бір батыр жігіт Әзірейілмен табақтас
болып қалады. Әзірейіл екенін дәледеу үшін, жігіт екеуі сыртқа шығып,
тігулі тұрған үйге барады. Үйде еңгезердей бір кісі отыр екен. Әзірейіл
екі иығында асылып ойнап жүрген екі баланың жанын алады. Шошыған
жігіт: «Менің жанымды қашан аласың?», – деп сұрайды. Әзірейіл:
«Жаныңды үйленген күні аламын!», – дейді.
Жігіт үйленбей жүреді. Ақырында бір сұлу қызға жолығады. Қыз
болған оқиғаны естіген соң, жігітке: «Әзірейіл жаныңды алуға келгенде:
«Бір күн дәмдес болғанға қырық күн сәлем» деген қайда? – деп айт», –
дейді. Жігіт той біткен соң, отауының табалдырығынан оң аяғымен аттай
беріп, артына қараса, желкесінде жанын алғалы тұрған Әзірейілді көреді.
Жігіт дереу қыздың үйреткенін айтады. Бұл сөзден жеңілген Әзірейіл
екеуіне 40 жыл өмір беріпті.
Темірұлы (Домрүл) аңызы Ұлытау, Сарысу қазақтарының есінде
Домбауыл батыр атымен де сақталған. Біздің заманымыздың ҮІІ-ҮІІІ
ғасырында тұрғызылған Домбауыл күмбезі Кеңгір өзенінің бойында
Жошы хан күмбезінің маңайында тұр (Ә.Марғұлан).
Осыған ұқсас желілер көне грек аңыздарында да бар, Еврипидтің
«Алкестеда» трагедиясында: Өлгелі жатқан Адметтің орнына қараңғы көр
патшалығына кіруге көнетін адам болса, ол аман қалатын болады. Оған
әке-шешесі көнбейді. Әйелі Алкестида келісім береді. Соңғы жақтары
да ұқсайды. Адмет әйелімен бірге өле алмағанына қиналады, өйткені
балалары жетім қалмас үшін әйелі өлмеуін сұрайды. Сонда Геракл адам
жанын билеуші Танатпен соғысып, Алкестиданы алып қалады.
Осы оқиға туралды Платон («Пир») мынадай пікір айтқан: «Бірі үшін
бірі өле алатындар – сүйгендер, ондай іске еркектер ғана емес, әйелдер
де бара алады. Гректерде оны Пелийдің қызы Алкестида дәлелдеген.
Күйеуінің әке-шешесі бола тұра, ол үшін жан беруге Алкестида
келіскен. Оның күйеуіне деген махаббаты, ата-ананың баласына деген
махаббатынан да артық болып шықты, сөйтіп, олар балаға шын жаны
ашымайтын, әйтеуір туысқан екеін көрсетті. Алкестиданың бұл ерлігі
адамдар ғана емес, Құдайдан да қолдау тапты. Өмірінде тамаша істер
жасаған пенделердің ішінен Құдайлар тек санаулыларын ғана Аидтен (О
дүние А.Қ.) жанын қайтаратын, Алкестиданың ісіне разы болғандықтан,
оған да осындай құрмет көрсетіліп, жаны қайтарылады» (Платон., 1992-
10).
Бұдан «өмір мен өлім» күресінің түрік, грек, византия аңыздарындағы
байланыстарын көреміз.
277
«Өмір мен өлім күресі» Авестада да бар. Ондағы Заратурштра, су
Құдайы – Ардви-Сура. Жұлдыздар Құдайы – Сирус, жақсылық Құдайы
– Аши бәрі Ахура Мазда Құдайдың көмегімен жақсылық жасайды,
жамандықпен күреседі. Ахриман Құдай Ахура Мазданың жасампаздық
істеріне қарсы зияндық, зұлымдық жасайды. Ахриманның маңайына
өсекші, айлакер, ұрылар, жалқаулар. т.б. жағымсыз адамдар жиналған.
Ахура Мазда бәрібір жеңіске жетеді. Қараны ақ жеңеді. Қараңғы түнекке
қуып тығады.
Бір жылдары Ахриман Ахура Мазданың жақсылықтарын жойып
жіберу үшін Аждаһаны жібереді. Ол бірінші адам Ииманы шағып
өлтіреді. Бірақ, одан қалған ұрпақтардан бәрібір адамдар өсіп-өніп,
көбейеді. Ахура Мазда Ахриманды серіктерімен қайтадан қараңғы
үңгірге тығады. Осылайша жауыздық пен жақсылықтың, өмір мен
өлімнің күресі бірнеше қайталанады.
«Шаһнама» оқиғаларының жартысынан астамы Тұранға, оның
Иранмен қарым-қатынасын суреттеуге арналған. Әсіресе, ҮІ-ҮІІ
ғасырлардағы тарихи хроника, Түрік қағанатының құрылуы да көрінген.
Тұран мен Иранның шекарасы шындығында да Жейхун (Әмудария),
Етілден – Ұлы Қорғанға дейінгі жерлерді алып жатқан. «Шаһнамада»
қағанат тарихынан шынайы деректер бар.
«Өмір мен өлім» күресі желісі Афрасияб бейнесіне қатысты да
айтылады. Афрасияб (Тұран патшасы) жөнінде әр кезде тарихшылар
жазған. Афрасиябтың дәл қай жылдары өмір сүргені анық мәлім емес.
Түркия тарихында біздің заманымыздан бұрынғы ҮІІ ғасырлардағы
түрік мемлекетінің патшасы ретінде таниды (Түрік даласы... 1992-3).
ІХ ғасыр тарихшысы Табари: «Афрасияб – Фашанджұлы. Оның әкесі
– Рүстем, оның әкесі – Түрік», – деп жазады. «Шаһнамада» Оғыздың әкесі
Қарахан – Афрасиябтың төртінші ұлы. Егер оғыз қағанды ІХ ғасырдағы
Оғыз бірлестігінің ұйымдастырушысы десек, бұл Афрасиябтың заманына
сәйкес келмейді. Ал, егер Оғызды Мөде дәуіріне апарсақ, онда Афрасияб
пен Оғыз дәуірі жақын келеді.
Афрасиябты ХІ ғасырдағы түрік ойшылдары Махмұд Қашқари мен
Жүсіп Баласағұни да білген. Ақылды, батыр, асыл ер деп таныған.
Махмұд Қашқари Афрасиябтың өзі, қызы – қаз, күйеу баласы – Сияуыш
туралы деректер береді.
Афрасиябтың қазасына бүкіл түрік жұртының қабырғасы қайысып,
еңіреп жоқтағанын жазады. М.Қашқаридегі бұл жоқтау көпке мәлім.
Бізді қызықтыратыны, Қорқыт ата сияқты Афрасиябтың өлімнен қашуы
туралы аңыз:
Бүкіл түрік жұртына қоқан болған, бар өмірін өзі құраған елін
қорғаумен өткізген Афрасияб қартайып, өлімнің жақындап қалғанынан
сескеніп, алып, болат қорған орнатады. Оның есік-тесігін қалдырмай
278
бекітеді. Қабырғалары адам бойынан неше есе биік болады. Інжуден –
ай, күн, жұлдыз орнатыпты. Сөйтіп, бірнеше жыл қорғаннан шықпай
қойыпты. Бірақ өлім құтқармапты. Бір күні бақта жүргенде, ағаш
тасасында тығылып тұрған суық өңді біреуді көреді. Ол келген ажал
еді. Осы желі белгісіз туындыгердің «Тарихи Систан» кітабына енген
(Короглы Х.Г., 1983-114).
«Шаһнамада» Афрасияб қорғаны – Бард қаласына жақын жердегі
үңгір. Жауларынан ақырына дейін қорғанып, үңгірге тығылған
Афрасиябты сол жерде қамап өлтіреді.
Әл-Фарабидің ежелгі Русь шежірелері Авиасаф деп атаған (ХҮ
ғ.). Афрасияб пен әл-Фараби – Тұрананн шыққан ұлы тұлғалар. Русь
жазушылары Фирдоусидің «Шаһнамасы» арқылы Тұран патшасы
Афрасиябты білген соң, сол Тұранның ойшылы ретінде, Фарабиді
де Авиасаф деген болуы мүмкін. Иран патшаларының Афрасиябпен
соғысы – Мөденің ұрпағы Шижының кезінде Рим әскерімен бірігіп,
Иран патшалығына қарсы тұрған ғұн тайпалары соғысының елесі болуы
мүмкін деген ойға келеміз.
Өлімнен қашу желісі «Шаһнамада» да кездеседі. Сасанид шаһы
Яздигерд І (488 жылы өмір сүрген) жұлдызшыларды шақырып сұрағанда
олар ажалының судан болатынын айтады. Содан патша суға жоламай
жүреді. Бір күні мұрны қанап, тыйылмаған соң амалсыз сумен жуады. Сол
жерде жан тапсырады. Бұл парсы авторларының түрік мифологиясымен
сол кезде таныс екенін көрсетсе керек.
«Афрасияб – Алып Ер Тұңға туралы Махмуд Қашқари «Түрік
сөздігінің жинағында» мынадай мәлімет берген:
«Тұңға Алып-Ер – сол Афрасиябтың өзі. Афрасияб Таһмұрастан үш
жүз жыл кейін Мару (Мерв. А.Қ.)» шаһарын салдырған. Кейбіреулер бүкіл
Мәуреннаһрды Түрік елі деп есептейді. Ол Янкенттен басталады... Қазір
бүкіл Түрік елінің шекарасы Абискүн (Каспий А.Қ.) теңізіне айналып,
Рум елі мен Өзкенттен Шынға дейін созылады» (Түбі бір... 1993-17).
Бұл жерде Қашқари мәліметті, негізінен, Фирдоуси «Шаһнамасына»
сүйеніп беріп тұрғанын аңғаруға болады. Ол Афрасиябтың ұлы – Барсхан,
қызы – Қаз екенін де жазып көрсеткен:
«Қаз – Афрасиябтың қызының аты. Қазойын шаһарын сол салдырған.
Бұл сөздің негізі «Қаз ойыны – қаздың ойыны». Қыз үнемі сонда тұрып,
серуен құратын. Сондықтан кейбіреулер Қазойын шаһарын Түрік елінің
шекарасы деп есептейді» (Сонда. 16).
Достарыңызбен бөлісу: |