208
Махаббатсыз дүние бос,
Айуанға оны қосыңдар, –
демекші, жер бетінде адам тұрғанда, махаббаттың қайғысы мен
қуанышы жүректі тебірентпей сірә да тұра ала ма?! Адамның туған
жерге, адамның адамға,
ата-анаға, балалаға, ғашыққа деген махаббаты
да мәңгілік. Махаббаттың қайғы-қуанышы, сәтті-сәтсіз жақтары әркімді-
ақ толғандырған. Ал көне дәуірдегі діни сенім адамдарды соның бәрін
құдайдың құдіретті күшінен деп түсінген. Мұндай түсінік Рабғұзи
қиссасында да айқын аңғарылады.
Қиссадағы бүкіл оқиға, іс-әрекеттің басын құрап тұрған негізгі екі
өзек бар: Жақып пен Жүсіп, Жүсіп пен Зылиха. Қисса осы екі өзектің
бойымен өрбиді. Ата мен баланың сүйіспеншілігін, ағайындардың бір-
біріне жауыздығын, Жүсіп пен Зылиханың оқиғаларын баяндау арқылы
автор жауыздықтан, күншілдіктен жирен, өйтпесең өзің қор боласың, ата
мен бала, бір-біріңді Жақып пен Жүсіптей сүй, махаббатқа берік болсаң,
Зылихадай мақсатыңа жетесің деген ғибрат тастайды. Рабғұзидың
кітапқа осы қиссаны кіргізуінің басты мақсаты үлгі-өнеге беру:
Аларның ишләрідін сеңа хабар бердім, ғибрат алғыл, бұ қыссада
башрат айа сеңа ғибрат бар.
Олардың істерінен саған хабар бердім, ғибрат ал, бұл қиссада басынан
аяғына дейін ғибрат бар.
Шығарманың бұрын да қайта-қайта жазылып, айтылып қалыптасқан
композициялық тұтастығы бұл қиссада да сақталған.
Мұнда да оқиғаның басталуы, дамуы, шиеленісі, шарықтау шегі,
шешімі сияқты композициялық бүтіндік
беріп тұрған элементтерді
табуға болады. Рабғұзи ескіден келе жатқан қарапайым классикалық
әдісті қолданған. Оқиға не аяғынан, не ортасынан алынып басталып
кетпей, басынан бастап, бірте-бірте өрбиді. Қиссаның басталуы мен
аяқталуының арасында бір адамның бүкіл өмірі жатыр. Оқиғаның басы
Жақыптан,
оның балаларымен, Жүсіппен таныстырумен басталады.
Сюжеттің байланысы – Жүсіптің түс көруі, ағаларының күншілдікпен
құдыққа тастайтын жерінен оқиға шиеленіседі. Онан Жүсіптің құлдыққа
сатылуы Зылиханың ғашық болып, өзіне көндірмекші болуынан оқиға
дамып, Зылиханың Жүсіпті зынданға салдырған тұсында шарықтау
шегіне жетеді. Шешімі Жүсіптің атасымен, ағаларымен қосылуы,
Зылихамен некелесуі.
Негізгі өзекті оқиғалар осымен бітеді. Соңында Жүсіптің, Жақыптың
одан арғы хал-жағдайларынан мәлімет бар. Арман-мұраттарына жеткен
Жақып та, Жүсіп пен Зылиха да ұзақ өмір сүріп, дүниеден өтеді:
Достарыңызбен бөлісу: