237
Ходжендидің «Латафатнамасы», Амиридің «Дахнамасы»). Бұлардың
ерекшелігі сол: арнау ретінде ынтықтық, сүйіспеншілік
сезімдер,
ғашықтық мұң баяндалады.
Осы соңғы формадағы намаларда ғашыктық нәзік сезімдер бір-біріне
жазған арнаулар арқылы көрінеді.
Хорезми «намашылыққа» жол ашып қана қойған жоқ, оны дамытты.
Оның поэмасында жігіттің сұлу қызға ынтықтығы баяндалады да, қыз
жауабы жігіттің өз сөзінен белгілі болады.
Бұл тәсіл сол кездегі әдебиетте тың жаңалық болатын. Кейін мұндай
«намалар» лиро-эпикалық поэмаларға айналып кетті.
«Махаббатнама» – лирикалық поэма.
Дастанда араб, парсы, түркі поэзиясының өлең түрлері мол
қолданылған. Олар төмендегідей:
Бәйіт – екі жол өлең. Бұл қазіргі қазақ өлеңдерінде де қолданылады.
Ғазал – араб, парсы поэзиясында XIII-XIV ғасырлардан бастап
қалыптасқан өлең түрі. Ғазалдың әйгілі шеберлері Хафиз, Сағди болған.
Мұнда көбіне сүйіспеншілік, махаббат сезімдері жырланады. Ғазалдың
алғашқы екі жолы бір-бірімен ұйқасады да, ары қарай шалыс ұйқас
болып келеді. Ғазалдың тағы бір ерекшелігі –
соңғы бәйітте міндетті
түрде автордың аты айтылуы тиіс. Дастанда осы ерекшелік сақталған.
Хорезми ғазалдары 8-12 бәйіттен тұрады.
Мәснауи – араб, парсы, түркі әдебиетінде кездесетін өлеңнің формасы.
Әр екі жолы өзінше ұйқасады. Қазіргі әдебиетіміздегі кезекті ұйқасты
өлең сияқты. Мәснауи «Махаббатнама’ да» көбіне үш бәйітті болып
келеді:
Қыйт’а – түркі өлеңіне араб, парсы поэзиясынан ауысқан түр. Ұйқасы
а –б–в–б–г–б болып келеді. Ақындар шын сырын, арман-тілегін осында
айтады. Ғазалдан айырмашылығы соңында автордың аты кірістірілмейді.
Хорезмиде қыйт’адағы бәйіт саны – бесеу.
Фард – ғазал, мәснауи, қыйт’ а сияқты түркі өлеңінің формасы, араб
тілінде жеке, біреу деген мағына береді. Ұйқасы, мазмұны жағынан
шығарманың негізгі сюжетінен бөлек, өз алдына тұратын екі жол өлең.
«Махаббатнаманың» соңына көшірмеші қосқан фард мынау:
473.
Тілегім сол, пірім-ау, дүниені қаратқан,
Ұмыта көрме пендеңді, Құдайым, өзің жаратқан.
«Махаббатнама» дастаны аруз өлшемімен жазылған.
Дастанның тілі бай да, көрікті. Автор сөзді образды, айшықты, ажарлы
қолдана білген.
Онда эпитет, теңеу, метафора сияқты сөзге сұлулық
беретін көркемдік құралдар мол.
Сұлулықты, әдемілікті, мәңгі өлмейтін нәрсені көркем тілде күнге,
238
айға теңеп айту көне уақыттардан бері келе жатса керек. Мұның мысалы
«Махаббатнамада» жиі кездеседі.
Көркем теңеу кестесінің күрделі, образды ойды бейнелеуін мына
жолдардан да көруге болады:
44. Бал-шекердей
тәтті тоты тіліңіз,
Түсірді ауға неше жандар құмайын,
47. Өзің деп келген Хорезмиді есірке,
Есіркегеніндей шаһтардың құлы менен малайын,
76. Соғысқа
кірер бейне тойға кіргендей
Ашыққан бөрі қойға кіргендей.
Батырды, жауынгерді аш бөріге теңеу – түркі әдебиетінде көнеден
келе жатқан дәстүр. Мысалы:
Әкем қағанның қосыны бөрідей болыпты,
Жаулары қойдай болыпты.
Достарыңызбен бөлісу: