Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ғылыми қазына» мақсатты бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет50/126
Дата01.11.2023
өлшемі2.92 Mb.
#482164
түріБағдарламасы
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   126
4100d37a29d9cd8e6f0c6385f1c84be9

Жүсіп – Зылиха қиссасы. Жүсіп пен Зылиханың махаббаты жайлы 
аңыз талай ғасырлар бойы ақын мен жыршының өлеңінде, әңгімеші-
шешеннің көмейінде тербеліп, жыр-өлең, әңгіме-ертегі түрінде күні 
кешеге дейін айтылып келген, Шығыста көп тараған, көп жырланған 
сюжеттің бірі. Фирдоусидің «Иусуф вә Зулайха», Әлидің «Қисса-и 
Иусиф», Дүрбектің «Иусуф вә Зулайха», Жәмидің, Шаййад Хамзаның 
«Иусуф вә Зулайхасын» айтсақ та, бұл аңыздың шығыс елдеріне 
қаншалықты жайылғанын аңғаруға болады. 
«Жүсіп – Зылиханың» ең көне нұсқасының бірі Фирдоуси жазған 
дастан. Парсы әдебиетінің жетік маманы, Фирдоуси шығармаларын
өмірін зерттеушілердің бірі Е.Э.Бертельс Фирдоусидің бұл поэмасына 
Библиядағы Иосиф Прекрасный мен оның әйелі Пентефрия жайлы аңыз, 
Құрандағы Жүсіп оқиғасы, осы аңыздың кейбір кітаптардағы апокрифтік 
версиялары негіз болды, оқиғасын солардан алды деп көрсетеді
100

Көпке белгілі, Құранның 12-сүресінде «Жүсіп» әңгімесі әңгімелердің 
ішіндегі ең жақсысы, көркемі, бұрын белгісіз деп көрсетілген
101

Яғни бұл әңгіме Құраннан бұрын еш жерде жазылмаған, естілмеген 
болып шығады. Алайда, Жүсіп жайлы мифтік әңгіме-аңыздар арабтар 
арасындағы исламға дейін де белгілі болған, көне Египетте кең тараған
102

Тәуратты зерттеуші З.Косидовский Иосиф туралы мифтік әңгіме көне бір 
тайпалардың басынан кешірген тарихи оқиғаларын бейнелейді. Жүсіптің 
басынан кешірген жағдайларында көне бір тайпалар өмірінің көрінісі бар 
деп есептейді. 
Айтылған пікірлерді жинақтай келіп, шығаратын қорытындымыз: 
Жүсіп туралы аңыздардың түпкі тамырлары көне мифтерден 
тарайтындығы, кейін сол ауызша, жазбаша аңыз-әңгімелерден әр түрлі 
версиялармен тарап кеткендігі. Ол Фирдоусиге дейін де Тәурат пен 
Құраннан басқа түрлі діни кітаптарда біршама жазылған. Фирдоуси 
сол аңыздарды жинақтап, қорытып, өзінше нағыз көркем шығарма 
етіп жазып шыққан болса, одан кейінгі ақын-жазушылар алдыңғы 
материалдардың үстіне Фирдоуси жазған «Иусуф вә Зулайханы» да 
оқып, өз шығармаларын өзек қылған. 
Фирдоуси поэмасы, сюжеті Құраннан алынғандығына, басты 
геройлары мұсылман пайғамбарлары – Жақып пен Жүсіп екендігіне 
қарамастан, мистикалық әуеннен алшақ. 
«... Бұл тақырыпқа Фирдоуси айырықша реалистікпен қараған, 
таңғажайып (діни) кереметтердің бәрін екінші орынға ысырып, оларға 
тым аз орын қалдырған, сараң баяндаған»
103
, - дейді. Е.Э.Бертельс: «тіпті 
100
Бертельс Е.Э. Абу-л-Касим Фирдоуси и его творчество Л – М, 1935, стр. 59. 
101
Крачковский И.Ю. Коран. 12-суре. 
102
Климов Л.И. Ислам. М., 1965, стр. 50.
103
Бертельс Е.Э. Абу-л-Касим Фирдоуси и его творчество. Л – М, 1925, стр. 60.


204
Фирдоусидің «Шаһнамасы» бізге жетпеген күнде «Жүсіп» поэмасына 
қарап-ақ, оны дүниежүзі әдебиетінің, парсы әдебиетінің тарихында ең 
құрметті орынға қояр едік», – деп баға берді. 
«Жүсіп – Зылиханың» түркі тіліндегі ең көне нұсқалары: Әлидің 
«Қисса и Иусуфі» мен Рабғұзидің «Қисса Иусуфі». Бірі - өлеңмен
екіншісі қарасөзбен жазылған.
Екеуінің де негізгі сюжеті бір, бірақ аздап айырмашылықтары бар. 
Мәселен, Әлидегі Жүсіпті көру үшін құдықта мың жыл отырған Мысыр 
көпесі Мәлік ибн Дағридың түсі, Жүсіптің көркіне қайран болып, 
халықтың аштығын ұмытқаны Рабғұзиде кездеспейді. 
Фирдоуси творчествосын жетік білетін ленинградтық ғалым 
Г.Т.Тагирджанов Әлидің, Рабғұзидің, Шаййад Хамзаның «Жүсіп – 
Зылихасын» Фирдоусимен салыстыра қарап, Әли мен Рабғұзи өздерінен 
бұрын туған көп үлгілердің ішінен Фирдоуси жырына айырықша 
сүйенеді, оқиғасы ғана емес, жекелеген жолдарында да ұқсастық бар 
деген қорытындыға келген
104

Бір ғана «Жүсіп қиссасы» емес, Рабғұзи кітабындағы әңгімелердің 
әрқайсысының негізі қайдан алынды, оларды автор творчестволықпен 
қалай пайдаланды, Рабғұзидің нәзирашылдығы қай дәрежеде деген 
мәселелер арнайы зерттеулерді қажет ететіні даусыз. 
М. Әуезов Тұрмағамбет ақынның «Рүстем – дастанына» жазған алғы 
сөзінде:
«... Рүстемнің жайы жалғыз Фирдоусиден басталмайды. Ол 
турасындағы көне аңыз, әңгімелер Фирдоусиден бұрын да көп жайылған 
болатын». 
Осы баспада оқушыға ұсынылып отырған «Рүстем – дастан» жыры 
Фирдоусидің «Шаһнамасынан» жасалған аударма емес. Ол арғы-бергі 
(соның қатарында Фирдоусидің де еңбегіне ауысқан! Ауызша да, жазбаша 
да хикаялардың бәрінен құралып, қазақ халқы арасында ертегіше тарап 
кеткен батыр жорықтарының жиынтық жыры. 
... Сонымен Рүстемнің жайы туысқан тәжік әдебиетінің ұлы классигі 
Фирдоусидің «Шаһнамасында» болғанымен, мынау еңбегі Фирдоусидің 
«Шаһнамасынан» тікелей жасалған аударма демейміз, сол Фирдоуси 
үлгісімен халық ақыны Тұрмағамбеттің өзі өлең етіп жазған Рүстем 
жөніндегі дастанның қазақша варианты дейміз», – деген еді
105

Біздіңше, М.Әуезовтің көрегендікпен айтқан осы пікірі - аударма-
нәзиралық шығармаларды тексеру бағытнда үлкен ой тастайтын 
мағыналы сөздер. Пікірдің негізгі мәні Рабғұзи творчествосына, оның 
ішінде «Жүсіп қиссасына» әбден қатысты деп ойлаймыз. Рабғұзи 
104
Тагирджанов Г.Т. «Влияние поэмы Фирдоуси», «Иусуф и Зулайха». Палест. Сб. Вып. 21. 
(84), Л, 1970, стр. 46 – 51. 
105
Тұрмағамбет Ізтілеуов. Рүстем – дастан. Алматы, 1961, Алғы сөз. 7-бет.


205
қиссасын жазғанда, Фирдоусиді ғана оқып қоймаған, араб-парсы 
тілдеріндегі «Қисас-ұл әнбия» кітаптарды, Фирдоусиден бұрынғы Жүсіп 
жайлы жазба шығармаларды, ауызша тарлған аңыздарды, фольклорлық 
үлгілерді естіп білген. Соларды пайдалана отырып, өзінше жазған. Ол 
ылғи «бағзы бір жерде айтады», «бағзы біреулердің айтуы бойынша» деп 
отырады. Кейде кітаптың аттарын, авторын көрсетіп кетеді: «Тәфсир» 
кітабы, Әбу Исхақ Нишабуридің «Қисас-ұл әнбиясы», «Шейх Хусейн 
Басари, Ғабдолла ибн Ғаббас...». Автор көп жерде өз жанынан өлеңдер 
қосып, өзінше баяндайды. 
«Жүсіп қиссасының» негізгі сюжетінде бұрыннан белгілі Жүсіп – 
Зылиха қиссаларынан анау айтқан айырмашылық жоқ:
Жақыптың он екі баласы бар еді. Он екінің ішіндегі ең көріктісі, 
жақыптың аса жақсы көретін сүйікті баласы Жүсіп-тін. Бір күні Жүсіп 
таңғажайып түс көреді. Түсінде ол ағаларымен жерге ағаш тігіпті. 
Ағаштар көгере бастапты. Жүсіптің ағашы бәрінен биік өсіп, көкке 
жетіпті. Басқа ағаштар Жүсіптің ағашына иіліп сәлем беріп тұр екен. 
Жүсіптің түсін естіген ағалары намыстанып: «Жүсіп атамызға өзін 
бізден артық етіп көрсетіп, жақсы атану үшін «түс көрдім» дегенді ойлап 
тауып жүр», – деп жақтырмайды. Жүсіп екінші рет түс көрді: оған он бір 
жұлдыз, күн, ай көктен сәлем берді. Ол түсін атасына айтып еді, Жақып 
басқа балаларының қызғанышын оятпас үшін: «Бұл көргеніңді ешкімге 
айтпа, ағаларың жамандық ойлап жүрмесін», – дейді. Бірақ Жүсіп пен 
Жақыптың әңгімесін оның Рубил атты үлкен ұлының шешесі естіп 
қойып, өз баласына айтады. Ол басқаларына жеткізеді. Содан Жүсіптің 
ағалары қатты ашуланып, оны өтірікші, мақтаншақ санайды. Тезірек 
көзін жойып, құтылмаққа дұға қылысады. 
Көктем келді. Бір күні Жақыптың балалары серуендеп қайтпаққа 
жиналып, атасына: «Жүсіпті бізбен бірге жібер, аң аулап, көңіл көтеріп 
қайтсын», – дейді. Жақып мұның алдында жаман бір түс көріп, ұйқы-
күлкіден безіп, шошып жүр еді. Түсінде: тау басында отыр екен. Төменде 
Жүсіпті он бөрі ортаға алып, жемекке амал қылып жүр екен. Ішінен біреуі 
бөлініп шығып басқаларын қуады. Сол кезде Жүсіп жерге кіріп кетеді. 
Жақып балаларының сөзінен сескеніп, Жүсіпті жібергісі келмейді. 
Бірақ Жүсіптің өзі де өтінген соң, көңілін қимай, босатады. 
Ағалары Жүсіпті алдап, айдалаға ертіп апарады да, оны қалай өлтіруді 
кеңеседі. Бірі: «Таспен ұрып өлтірейік», – десе, екіншісі: «Пышақпен 
бауыздап кетейік», – дейді. Жүсіп жылап, жалынады. Яхуда деген ағасы 
оның көз жасын көріп, аяп: «Қоя берейік», – дейді. Оған басқалары 
ұрысады. Ақыры, олар Жүсіптің аяқ-қолын байлап, терең құдыққа 
тастайды. Олар қайтып келіп, Жақыптың алдына жығылып, жылайды. 
«Жүсіпті қалдырып кеткен жерімізден бөрі жеп қойыпты», – дейді. Жолда 
бір лақты сойып, Жүсіптің көйлегін қанға былғап әкелген еді, соны 


206
береді. Жақып жылайды. «Сол жеген бөріні көрсет», – дейді. Балалары 
бір бөріні ұстап әкеледі. Ол Жақыпқа: «Жегенім жоқ»,, – дейді. Жақып 
балаларының қастық қылғанын сезеді. Балалары әкесі біліп қоймас үшін 
қайта барып, Жүсіпті өлтіріп, басын кесіп әкелмекші болады. 
Сол кезде Мысырдан Шамға сапар шегіп келе жатқан бір керуен 
құдықтағы үсіпті көріп, шығарып алады. Ағалары келеді. «Бұл – біздің 
қашып кеткен құлымыз, қаласаңдар, сатамыз. Сатып алсаңдар, аяғына 
шынжыр кісен сал, ыңыршақ түйеге мінгіз, Шамға апарғаннан кейін 
бөтен елге сатып жібер», – дейді. Керуенбасы айтқандарын істеуге 
уәде береді. Ол Жүсіпті Мысырға апарып, Мысыр патшасына сатады. 
Патшаның әйелі Жүсіпті көріп, ғашық болады. Жүсіп оның құлы болса 
да, әдемі киіндіріп, жасандырып, жақсы ұстайды. 
Бір күні Жүсіпті оңаша алып, оны өзінің сүйетінін айтады. Жүсіп 
көнбейді, қашады. Зылиха ұстаймын деп етегінен тартып қалғанда, киімі 
жыртылып кетеді. Патша келіп қалады. Зылиха пәлені Жүсіпке жабады. 
Сонда 4 айлық бала сөйлеп, куә болады. «Жыртылған етегі алдыңғы 
жағында ма, артқы жағында ма, соны біліңдер», – дейді. Патша көріп
түсіне қояды. Жыртылған артқы етегі екен. Зылихаға: «Сен қашпағансың, 
қуғансың», – дейді. Алайда, ел өсегінен қорқып, Жүсіпті зынданға салады. 
Бір күні зынданға патшаның аспазы мен аяқшысы түседі. Екеуі түс 
көреді. Жүсіп түстерін жорып: аяқшының өлетінін, аспаздың үш күннен 
кейін құтылатынын айтады. «Құтылғанда патшаға менің күнәмнің жоқ 
екендігін айта бар», – дейді. Айтқанындай, аспазды шығарып алып кетеді. 
Құтылғанымен, ол Жүсіптің өтінішін ұмытып кетеді. 
Патша түс көреді. Түсінде: жеті жас бидай – жаң шығып келе 
жатқан жеті жас бидайды жейді, жеті арық сиыр жайылып жүрген 
жеті семіз сиырды жеп қояды. Мұның шешуін ешкім білмейді. Сонда 
аспаздың есіне Жүсіп түсіп, патшаға айтады. Жүсіп патшаның түсінің 
сырын шешіп береді: «Жеті жыл тоқшылық болады, қамбаға бидай 
сыймайды, одан соң жеті жыл аштық келеді, құрғақшылық болады, 
егін шықпайды», – дейді. Патша разы болып, Жүсіпті зынданнан 
шығармақшы болады. Ол: «зындандағы кісілердің бәрін босатсаң, 
шығамын», – дейді. Патша келіседі. Зындандағылардың бәрін 
босатады. Зылиханы шақырып алады. Зылиха Жүсіпті сүйетіндігін, 
бірақ оның өзіне қарамағандығын, патшадан қорыққанын өтірік 
айтқанын шынайы баяндап береді. 
Жүсіп содан былай патшаның барлық шаруасын басқарады. Жеті жыл 
бойы астықты қамбаларға толтырып, қор жинайды. Ашаршылық келеді, 
жұрт қырылады. Тек Мысыр елі ғана тоқ болады. Жан-жақтан ағылған 
адам астыққа ақшасын да, малын да салып, ақыр аяғында өлмес үшін 
Мысыр еліне құл болады. 
Жүсіптің ағалары да ашығып, Мысырда астық сатады екен дегенге 


207
осында келеді. Жүсіп бұларды таниды. Ал, олар Жүсіпті кішкене күнде 
көргендіктен, танымайды. 
Жүсіп ағаларына мол астық бергізіп, әкелген ақшасын да қабының 
ішіне қоса салдырады. Ендігі келгенде үйде қалған ибн Иауминді 
(Жүсіп екеуі бір анадан туған) алып келуді бұйырады. Ағалары еліне 
келіп, атасына болған жайды баяндап, көрген сый-сияпатын баяндап 
тауыса алмайды. «Ибн Иауминді алып кел», – деген сөзін есіткенде, 
Жақып: «Жүсібімнен айырылдым, енді мұны жіберіп тағы пәлеге душар 
болармын, жібермеймін!», – дейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   126




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет