270
пайғамбардың егінші мен қойшының дауын шешкендігі, құмырысқа
патшалығына кездескені жөнінде ғибартты әңгімелері айтылады.
Сүлейменнің жүзігі қисса кейіпкерлеріне
әрдайым көмекке келіп
отырады. «Сейфүлмәлікте» үш ай жүрмей қалған кемені жүргізіп
жібереді:
Тілегін падишаның қабіл көрді,
Бір адам ұйқысында жетіп келді.
«Жүзігін Сүлейменнің суға салсаң,
Жүрмей ме,
кемең сонда, байғұс»,
– деді.
Көп үміт жағаматтар үзбе деді,
Бір дәулет келді енді бізге деді.
Жүзігін дарияға ұрып еді,
Кемесі су бетіне жүзе берді («Сейфүлмәлік»).
«Жақып пайғамбар және қыз әкесіне жеті жыл қызмет ету».
Жақып пайғамбар – йудей, христиан және мұсылман діндеріне ортақ
кейіпкер. Ғалымдар
оны тарихта болған адам емес, бір тайпалық
топтың персонификациясы (яғни, сол тайпаның басынан өткен тарихи
оқиғаларды бір адамның бейнесінде жинақтап беру) деп бағалайды.
Ежелгі Тәурат, Інжіл
кітаптарының жазуы бойынша, Жақып ана
құрсағында өзінің егізінің сыңары Исамен бәсекелесе туады. Егіздердің
іште жатып тірескенінің мәнісін Құдайдан сұрағанда ол: «Сенің
құрсағыңнан екі ел тарайды, үлкені кішісіне бағынады», - дейді (Иванов
В.В., 1991-225). әуелі Иса, одан соң Жақып туады.
Ағасымен арадағы
араздықтан соң, нағашы ағасы Лаванды іздеп Месопатамияға кетеді.
Жолда түс көреді. Түсінде бір басы – жерде, екінші басы – көк тіреген
саты көреді. Сатының ұшар басынан періште көріп, болашағын айтады.
«Құтты біліктегі» Оғдұрмыш та түсінде биік сатыны көріп, басынан бір
кісі оған сусын ұсынады. Оны Оұдұрмыш өмірінің ақырына көрінген деп
жориды. Бұл түсте екі мифтің біріккенін көреміз:
1) Жоғарыда айтқан Жақып мифінде сатының басынан періштенің
көрінуі, Баласағұнидің сусын ұсынған «белгісіз біреудің» оқиғасы
Жақыпқа қатысты мифпен байланысты екені аңғарылады.
2) Ежелгі мифтерде өлетін адамға Әзірейіл у береді («Жұмжұмада»
Әзірейіл ыдыс әкеледі. Ыдыстың ішінде не бары айтылмайды).
Жақыптың нағашы ағасы Лаванның екі қызы бар еді. Жақып кішісі
Рахилді қойларын суаруға айдап келген жерінен көреді де, ұнатып қалады.
Лаван Рахилді алу үшін жеті жыл қызмет ету керек екенін айтады. Ал
Құран сюжетінде:
«Осы арада жеті жыл тұрып қойымды бағасың»,
– дейді (Құран
хикаялары. 1992-48).
271
Жеті жыл қызмет еткен Жақыпқа Лаван Рахилді емес, Лия атты үлкен
қызын береді. Рахилді алу үшін тағы жеті жыл қызмет етеді. Осы арада
«Қозы Көрпеш – Баян сұлудағы» Қодардың Баян үшін әкесіне жеті жыл
қызмет етуінің төркіні Жақып пайғамбар мифінде екенін көреміз.
Сонымен, Жақып екі әйелі Зелфа, Валла деген екі күңінен жиынтығы
он бір ұл және бір Дина атты қызы болады. Иудей дінінде Жақыптың он
екі баласынан Израилдың он екі атасы өсіп-өнеді.
Жақып пен Иса және Лаван туралы параллельдер б.д.д. 2 мыңыншы
жылдықтардағы сына жазуларында бар көрінеді.
Достарыңызбен бөлісу: