Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі газизова н. С. ҚҰҚЫҚ негіздері оқУ Әдістемелік кешен


Ахметов А., Ахметова Г. Еңбек құқығы. Алматы, 2005



бет4/9
Дата16.06.2016
өлшемі1.09 Mb.
#139000
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Ахметов А., Ахметова Г. Еңбек құқығы. Алматы, 2005


  • Қағазов О. ҚР еңбек құқығы. Алматы, 2003
  • Уваров В.Н. ҚР еңбек құқығы. Алматы, 2002 Гусов К.Н., Толкунова В.Н. Трудовое право России. Москва, «Юрист», 2000

  • Скала В.И. Трудовые отношения в РК. Алматы, 2001


  • Смирнов О.В. Трудовое право. Москва, «Проспект», 1999

  • Сотов П.В. Сборник трудовых документов. М., 1997


    ДӘРІС 8

    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ

    Мақсаты: ҚР азаматтық құқығы пәнінің зерттеу аясын айқындап, азаматтық құқықтық қатынасқа түсудің құқықтық тәртіптерін түсіндіру.

    Жоспар:


    1. Азаматтық құқықтың пәні: жалпы ұғымы.

    2. Азаматтық құқықтық қатынастар.

    3. Азаматтық құқықтық қатынастардың жүзеге асырылу барысындағы кедергілер және оның алдын алу.


    1.Азаматтық құқықтың пәні: жалпы ұғымы. Басқа құқық салалары сияқты азаматтық құқық қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардан тұрады. Сондықтан “пән” ұғымы азаматтық құқық нормасымен қандай қоғамдық қатынастар реттейді деген сұрақпен байланысты. Азаматтар мен ұйымдар кәсіпкерлік іс - әрекетпен айналысуда қоғамдық қатынастарға түседі. Азаматтар күнделікті өмірлерінде әр түрлі ұйымдардың қызмет үлгілерін пайдаланады ( шаш қию, театр, киноға бару, т.с.с). Қоғамдық көлікті пайдалануда азаматтар белгілі бір ұйыммен қатынасқа түседі. Азаматтар заттарын киімдерін сақтау камераларына немесе киім ілгішке өткізеді, қажетті азық – түліктерін алады, яғни осындай қатынастарды атай беруге болады. Міне, бұл аталған қатынастардың барлығы азаматтық құқық нормасымен реттеледі. Қорыта айтсақ, азаматтық құқықтық қатынастар тұлғалардың заңмен тиым салынбаған әрекеттері нәтижесінде күнделікті өмірде жүзеге асырылып жатады. Азаматтық құқық нормалары өз әрекетін аталған қатынастарға байланысты іске асырады. Мысалы: несие, жалға беру – жалдау, сыйға беру, сатып алу – сату, т.б. келісім – шарттар. Азаматтық құқық пен азаматтық ар – намысы, қадір – қасиеті, іскерлік репутациясы т.с.с. қатысты қатынастар да реттеледі.

    Азаматтық құқықты «Азаматтық құқық» деп аталуына қарап «азамат» деген ұғыммен байланыстыруға болады және оның тамыры өте ертеде жатыр, егер ол тек азаматтардың құқығына қатысты десек қателескен боламыз.

    Ертедегі Римде екі құқық әрекет еткен: біреуі шет елдіктерге, екіншісі – тек Рим азаматтарына тарады. Соңғысына қатысты «азаматтық құқық» ұғымы пайда болды және ол қазіргі түсінік бойынша азаматтық құқықтың ғана емес, сонымен бірге еңбек, жер, отбасы т.б. құқықтардың нормаларын қамтыды.Құқықтың әлеуметтік мәні, оның нормалары қоғамдық қатынастарды яғни адамдардың өмірі мен әрекетінің жан – жақты қырларынан реттеуінде.

    Азаматтық құқықтың негізгі сипаты болып оның әртүрлі материалдық игіліктерді иеленуіне, пайдалану мен билік етуіне байланысты қоғамдық қатынастарды реттеуі табылады. Басқаша айтқанда оның мүліктік сипат алуы. Ал, «мүлік» термині азаматтық құқықта үш мағынада түсіндіріледі. Біріншіден заттардың жиынтығы, екіншіден бағалы қағаздар, үшіншіден осы екеуіне қатысты құқықтар мен міндеттер.

    Азаматтық құқық тек мүліктік қатынастарды ғана емес, сонымен бірге жеке мүліктік емес қатынастарды да реттейді. Оған жататындар: адамның өмірі, денсаулығы, ар – намысы, қадір – қасиеті, құпиясы, іскерлік репутациясы т.с.с. Аталғандардың кейбіреулері мүліктік қатынастармен тығыз байланысты (мысалы: авторлық құқық), ал кейбірінің байланысы жоқ (мысалы: ар – ождан, қадір – қасиет). Азаматтық құқықтың реттеу аясының көп бөлігін мүлік құрайды, сондықтан ол «мүліктік құқық» деп те аталған.

    2. Азаматтық құқықтық қатынастар. Азаматтық құқықпен реттелетін қатынастардың шеңбері өте кең. Оны басқа құқықтық қатынастармен салыстырудан көруге болады. Атап айтсақ, субъектілерінің әр түрлілігі, реттелу заңдылығының сан алуандығы. Жалпы, субъектісі дейтін болсақ ол жеке және заңды тұлға, бірақ аталған тұлғалар әр қатынасқа түсуіне байланысты әр түрлі құқықтар мен міндеттерге ие болады. Тағы бір ерекшелігі азаматтық құқықтық қатынастардың басқа құқықтық қатынастарға қарағанда күн сайын туындап жататындығы. Мысалы: еңбек құқықтық қатынаста тұлғаның және еңбек шартына отырған кезінен, отбасылық құқықтық қатынастар некеге тіркелген кезде ғана басталса, азаматтық құқықтық қатынастар ешқандай тіркелуді қажет етпей – ақ пайда болуы мүмкін (тасымалдау шарты, сатып алу – сату шарты, сақтау шарты, қызмет көрсету т.с.с.) Азаматтық құқықтық қатынастардағы тағы бір ерекшелік оның аяғына басқа құқықтық қатынастардың да енуі. (тұрмыстық, отбасылық, еңбек, кәсіпкерлік т.с.с)

    Азаматтық құқықтық қатынастар дегеніміз – азаматтық құқық нормасымен реттелетін қоғамдық қатынастар. Қоғамдық қатынастарды экономикалық, саяси, әлеуметтік, мәдени деп бөлетін болсақ, осы салалардың барлығынан азаматтық құқықтық қатынастардың элементін табуға болады. Дәлелдеп айтсақ, кәсіпкершілік іс - әрекетті бастау үшін тіркеу әр түрлі шарттарға отыру қажет, бұл экономикалық қатынастарға жатады, саяси қатынастар – қоғамдық бірлестіктер немесе партия құру, тағы да заңдылықтарды талап етеді. Әлеуметтік салада - әр түрлі төлем ақылар төлеу, т.б. Аталған мәселелердің барлығы азаматтық құқық нормаларымен реттеледі. Егер О.С. Иоффенің ойымен айтатын болсақ, азаматтық құқықтық қатынастар азаматтық нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастардың тек бір түрі ғана. Қоғамдық қатынастарды азаматтық құқық нормасымен реттеу нәтижесінде, олар құқықтық нысанға ие болып азаматтық құқықтық қатынастарды құрайды.

    «Азаматтық құқық» нормасымен реттелетін қоғамдық қатынастарды азаматтық құқықтық қатынастар деп атаймыз. Азаматтық құқықтық қатынастар мүліктік және мүліктік емес қатынастарға қатысты туындайды. Оның қатысушылары заңдылықпен тұрғыда азаматтық құқықтар мен міндеттерге ие болады. Азаматтық құқықтық қатынастардың құрылысы оның субъектісінен, объектісінен, мазмұнынан тұрады.

    Азаматтық құқықтық қатынастардың субъекттілері – оған қатысушы тұлғалар.

    Азаматтық құқықтық қатынастардың объектісі болып құқықтық реттеудің бағыты, құқықтық қатынастарға қатысушылардың құқықтары мен міндеттері табылады, яғни дәлірек айтсақ азаматтық құқықтық қатынастардың объектісі болып материалдық (мүліктік) және материалдық емес (мүліктік емес) игіліктер табылады. Кейбір жағдайларда болашақта туындайтын әрекет нәтижесі де табылады (жолаушыларды, жүкті тасымалдау). Бір объектіге қатысты әртүрлі қатынастар туындауы мүмкін.

    Азаматтық құқықтық қатынастардың мазмұны құқықтық қатынастардың өзінен тікелей туындайтын субъективті құқықтар мен міндеттер жиынтығынан құралады. Мысалы, сатып алу – сату барысында сатушы затты тұтынушының меншігіне беруге міндетті, ал тұтынушы ол затқа анықталған ақша сомасын төлеуге міндетті. Өз кезегінде сатушы төлем ақыны алуға құқылы болса, тұтынушы заттың өзіне берілуін талап ете алады.Құқықтар мен міндеттердің қатар жүретіндігі азаматтық заңдылықтың негізгі ерекшеліктерінің бірі.

    Азаматтық құқықтық қатынастарының ерекшеліктері көп жағдайда азаматтық құқықтық қатынастарға қатысушы тұлғалардың еркі арқылы құрылады. Оның негізгі бастамасы болып келісім-шарт табылады. Сондықтан азаматтық құқық пәніне енетін қоғамдық қатынастар тараптардың заңдылық теңдік әдісімен реттеледі. Тараптар азаматтық құқықтық қатынастарға енуде бір-біріне тәуелді емес немесе келісім-шартта көрсетілген жағдайларда ғана міндеттей алады. Мысалы: тапсырушы мердігерден келісім-шартта көрсетілген жұмыстың орындауын ғана талап ете алады. Тараптардың заңдылық теңдігі азаматтық құқықтық қатынастардың ажырамас құамы болып табылады. Егер ол болмаса құқықтық қатынас өз мәнін жояды, азаматтық құқықтық қатынастардан басқа құқықтық қатынасқа айналып кетеді. Мысалы: азамат жергілікті әкімшіліктен пәтер алатын болса, онда ол екі тараптың құқықтық жағдайлары тең, ал жергілікті әкімшілік жер сілкінісіне ұшыраған азаматтардың арасында тұрғылықты үй бөліп берген болса, бұл жағдайда жергілікті әкімшілік азамат алдында өзінің артықшылық өкілі бар бір орган ретінде енеді. Сондықтан, бұл құқық азаматтық емес, әкімшілік сипат алады. Сонымен, азаматтық құқық қатынастарының ерекшеліктері мыналар болып табылады:


    • Азаматтық құқық қатынастарының субъектілері заң жүзінде тең құқылы, бір – біріне тәуелсіз, сол арқылы олар басқа құқық қатынастарынан ерекшеленеді;

    • Азаматтық құқық қатынастарының заңда көзделген негіздер бойынша да, көзделмеген негіздер бойынша да туындауы мүмкін;

    • Азаматтық құқықтық қатынастарының жағдайлары мен мазмұнын белгілегенде тараптардың келісімі басым болады;

    • Бұзылған азаматтық құқықтарды қорғаудың мәртәбә мен әдісінің өзіндік өзгешелігінде болып табылады.

    Азаматтық құқықтардың негізгі ерекшеліктерінің бірі оның күн сайын емес сағат сайын туындап жататындығында.

    3. Азаматтық құқықтық қатынастардың жүзеге асырылу барысындағы кедергілер және оның алдын алу.Азаматтық құқықтық қатынастардың күн сайын, сағат сайын пайда болып, өзгеріп тұратыныдығына жоғарыда тоқталған едік. Сондықтан азаматтық құқықтық қатынастардың жұзеге асырылуы барысында небір кедергілердің болуы таңғажайып нәрсе емес. Әрине, ол кедергілердің өз себептері бар, оған жататындар: азаматтық құқықтық қатынасқа түсушілердің құқықтық мәдениет деңгейінің төмендігі, сыртқы және ішкі факторлар.

    Азаматтық құқық, көбінесе диспозитивтік нормаларға негізделген. Диспозитивтік норма дегеніміз – тараптар араларында туындайтын қатынастарды өздерінің қалауынша, егер заңда өзгеше көзделмесе, реттеу мүмкіндігі. Осы тұрғыдан алғанда, Азаматтық Кодексті көптеген нормалары көрсетілген ережелерге бағынады. Мәселен, азаматтық Кодекстің 238 – ші бабы, яғни шарт бойынша мүлік алушыда меншік құқығы пайда болатын кезеңі.

    Азаматтық құқықтық қатынастардың жүзеге асырылу процесінде оның реттеу тәсілдерін анықтау қажет. Көптеген ғалымдардың тұжырымдары бойынша құқықтық қатынастарды реттеу тәсілінің бірнеше түрі бар және ол құқық жүйесінің салаларына баланысты әрқилы болуы мүмкін. Азаматтық құқықтық қатынастардың ерекшеліктеріне байланысты азаматтық құқығының реттеу тәсілі төмендегі ережелерге байланысты анықталады. Біріншіден, азаматтық құқықтық қатынаста қатысушылардың заңи теңдңгң, яғни азаматтық құқығының субъектілері азаматтық айналымға түсу процесінде бір – біріне тәуелсіз. Екіншіден, жеке және заңды тұлғалар азаматтық құқық пен азаматтық міндетті өз ниеттерінің негізінде жүзеге асыруы, азаматтық құқықтық қатынастарды жүзеге асыру мүмкіншілігінің теңдігі және заң алдында бір текті қорғалуы. Бір мысал келтіріп көрейік: Сатып алу – сату шарты бойынша сапасыз затты сатып алған тұтынушы өз құқықтарын дұрыс білмеуінен, сатып алынған сапасыз затты тұтынуға мәжбүр болады, бұл жердегі кедергі құқықтық мәдениеттің төменділігі. Екінші бір жағдайды алып қарайық, басқа азаматтың құқығына нұқсан келтірген азаматтың құқықтық қатынастағы жауапкершілігін мойындамауы, бұл жерде жауапсыздық немесе салақтық, енжарлық тағы сол сияқты әсерлер.

    Әрбір азаматтық құқықтық қатынаста тараптар құқық берілген және міндетті тараптар болып екіге бөлінеді. Екі тараптың екеуінде де бір тұлға немесе бірнеше тұлға болуы мүмкін, мысалы бірлесіп зиян келтірген тұлғалар бұл зиянды зардап шегушіге өтеуге тиіс. Құқық қатынастарына белгілі бір тұлғалар қатысуы мүмкін, алайда кейбір азаматтық құқық қатынастарына міндетті тарап жағынан саны белгісіз тұлғалар қатысады (автордың, өнертапқыштың құқықтарын бұзудан барша жұрт тартынуға міндетті).

    Азаматтық құқық қатынастарына қатысушылардың әрқайсысының бір мезгілде құқық берілген және міндетті тарап болуы сирек кездеспейді. Мысалы, сатып алу – сату шарты бойынша сатушы мүлікті сатып алушының меншігіне беруге міндетті және сонымен бірге одан белгілі бір ақша сомасын төлеуді талап етуге құқылы. Ал сатып алуы бұл соманы төлеуге міндетті ғана емес, сонымен қатар мүлікті өзінің меншігіне беруді талап етуге де құқылы.

    Азаматтық құқықтық қатынастарына қатысушылар құрамының өзгеруі мүмкін, мұның өзі атап айтқанда, құқықтық мирасқорлық есебінен орын алады. Құқықтық мирасқорлық деп құқықтың бір тұлғадан – құқықтық ізашардан екінші тұлғаға – құқықтық мирасқорға ауысуы түсініледі, бұл ретте соңғысы құқық қатынастарында өзінің құқықтық ізашарының орнын басады.

    Құқықтық мирасқорлық әмбебап (жалпы) не сингулярлық (жеке) болуы мүмкін. Жалпы құқықтық мирасқорлық бір заңдық актінің нәтижесінде құқықтық мирасқордың барлық ққық қатынастарында құқық ізашарының орнын басатынымен сипатталады. Мысалы, заңды тұлғалар қосылған жағдайда олардың қөұқықтары мен міндеттері, азаматтық кодекстің 46 – бабына сәйкес жаңадан пайда болған заңды тұлғаларға ауысады; мұраны қабылждауына байланысты мұрагерлер қайтыс болған адам қатысқан мүлііктік құқық қатынастарының субъектілеріне айналады. Жеке құқықтық мирасқорлық – қандай да болсын бір құқық қатынасындағы немесе бірнеше құқық қатынастарындағы құқықтық мирасқорлық. Мысалы, тұлға өзінің үшінші жаққа талап қою құқығын басқа тұлғаға берген жағдайда солай болады. Жеке сипатта болатын құқық қатынастарында, сондай – ақ бұлайша ауыстыруға заңмен тиым салынған барлық жағдайларда құқықтық мирасқорлыққа жол берілмейді. Міне, осындай жағдайлардан азаматтық құқықтық қатынастардың жүзеге асырылуы қиындайды немесе құқықтық мирасқорлықтың тура іске аспау салдары да азаматтық құқықтық қатынастардың жүзеге асырылу кедергісінің бір жолы.

    Азаматтық құқықтық қатынастар субъектілері көбінесе шарттарға отырады дейміз, азаматтық заңдылықтарға сәйкес шарттарға отырудың өзіндік тәртіптері бар, аталмыш тәртіптерді сақтамау да азаматтық құқықтық қатынастарды жүзеге асырудың бір кедергілері болып саналады.

    Азаматтық құқықтық қатынастарды жүзеге асыруда кездессетін кедергілердің алдын алудың жолдары:


    • Азаматтық құқықтық қатынасқа түсушілердің құқықтық сауаттылығын арттыру, бұл салада көмекші құралдар шығару, дәрістер оқу, семинар – тренингтер өткізу;

    • Азаматтық заңдардың талқылануын қамтамасыз ету, құқықтық кеңес беру жолдарын қарастыру;


    Талқылау сұрақтары:

    1. Азаматтық құқық қандай қатынастарды реттейді?

    2. Азаматтық құқықтың негізгі институттарын атаңыз?

    3. Азаматтық құқықтық қатынастарға жалпы сипаттама беріңіз.


    Ұсынылған әдебиеттер:

    1. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі:Жалпы бөлім. Ерекше бөлім.-3 басылымы.-Алматы: «Жеті жарығы», 2000.-558 беттер.

    2. Сборник образцов гражданско – правовых документов:Коментарий /Под ред. Андреева С.Е.-М: «Кио Рус», 1997-416с.

    3. Гражданское право.Учебник. В 2-х томах. Т.1 (Под ред. Е.А.Суханова.-М: Изд-во БЕК,432 с.)

    4. Гражданское право в современную эпоху. –М. «Юрайт»,1999-40 с.6.

    5. Гражданское право ч.1: Практикум / Под ред. Н.Д. Егорова, А.П.Сергеева – 3-е изд., перераб. И доп. – М: Проспект, 200 - 171ч. (ч.2, 158 с ).

    6. Төлеуғалиев Ғ. Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы.1 том: Оқулық .-Жеті Жарғы,2001.-191 бет.

    7. Ынтымаков С.А. Азаматтық құқық: Жалпы және Ерекше бөлім:Практикум.-Алматы:ҚазМЗА, 2000-191 б.

    8. Аюпова З.К. Прававое и гражданское общество в Республике Казакстан:граж.взаймодействия и взаймовлияния //Саясат – 2001.- №10-11.-с. 81-84.

    9. Девченко Г.,Тапайлова Ю.Гражданские права и способы их защиты //Фемида.-1997.- №8.-с.79-82.

    10. Рене Давид, Камилла Жофре – спиноза. Основные правовые системы современности.М., 1998, 18 – 19 бет.

    11. Ихсанов О., Ихсанов Е. Азаматтық құқық туралы нені білген жөн. // Қазақстан заңдары. – 1998. – И.- 27-32 б.

    12. Өсеров Н. Азаматтық кодекс : Жаңа қарым – қатынастар // Қазақстан заңдары. – 1998 №1.-25-28б.

    13. Рахимова Г. «Азаматтық құқықтық қатынастар» // Заң, - 1999, №6, 67-70 б.


    ДӘРІС 9

    ОТБАСЫ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ

    Мақсаты: ҚР отбасы құқығының құқық саласындағы алатын орны, отбасы құқықтық қатынастарды реттеудің құқықтық тәртібі туралы мағлұмат беру.

    Жоспар:



    1. Отбасы құқығы: ұғымы, принциптері.

    2. Некеге тұрудың тәртібі мен шарттары.

    3. Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері.

    4. Ата-аналар мен балалардың арасындағы құқықтық қатынастар.

    1.Отбасы құқығы: ұғымы, принциптері. Отбасы құқығы некелесу, туыстық, бала асырап алу және баланы отбасы тәрбиесіне қабылдаудың басқа да нысандарына орай пайда болатын, яғни отбасы қатынастарын реттейтін құқық саласы болып табылады.

    Отбасы құқығының пәнін құрайтын қоғамдық қатынастар мүліктік емес, немесе мүліктік болуы мүмкін. Мүліктік және мүліктік емес қатынастардың басымдығы бір жағынан, азаматтық құқықта, екінші жағынан отбасы құқығында бірдей емес. Азаматтық құқықтың негізгі міндеті мүліктік қатынастарды реттеу болып табылады. Мүліктік емес (өзіндік) қатынастарды реттеу отбасы құқығының негізгі міндеті болып табылады. Отбасы құқығының пәніне кіретін мүліктік қатынастар жеке адамның құқықтары мен мен міндеттеріне байланысты. Қазақстан Республикасы отбасы құқығының қайнар көзі Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 17 желтоқсандағы «Неке және отбасы туралы» Заңы болып табылады. «Неке және отбасы туралы» Заң 7 бөлімнен, 29 тараудан және 213 баптан тұрады.

    1 бөлім – «Жалпы ережелер»

    2 бөлім – «Неке»

    3 бөлім – «Отбасы»

    4 бөлім – «Қорғаншылық және қамқоршылық»

    5 бөлім – «Отбасы мүшелерінің алименттік қатынастары»

    6 бөлім – «Азаматтық хал актілері»

    7 бөлімде шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға неке-отбасы заңдарының нормаларын қолдану мәселелері шешілген.

    Неке-отбасы заңдары мынадай принциптерге негізделеді:



    1. еркек пен әйелдің некелік одағының еріктілігі;

    2. ерлі- зайыптылардың отбасындағы құқықтарының теңдігі;

    3. отбасының ісіне кімнің болса да өз бетінше араласуына жол берілмеушілік;

    4. отбасы ішіндегі мәселелерді өзара келісіммен шешу;

    5. балаларды отбасында тәрбиелеуге басымдық беру, олардың өсіп- жетілуі мен әл- ауқатты болуына қамқорлық жасау;

    6. отбасының кәмілетке толмаған және еңбекке қабілетсіз мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғауға басымдық беру;

    7. отбасы мүшелерінің өз құқықтарын кедергісіз жүзеге асыруын қамтамасыз ету, бұл құқықтарды сот қорғауының мүмкіндіктері.

    2. Некеге тұрудың тәртібі мен шарттары. Отбасы құқығы бойынша неке бұл- «ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туғызатын, отбасын құру мақсатымен заңдарда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасалаған еркек пен әйелдің арасындағы тең, құқықты одақ»

    Некені заңды түрде рәсімдеу дегеніміз оны азаматтық хал актілеріндегі жазу органдарында тіркеу болып табылады. Белгілі бір тәртіппен тіркелген некенің ғана құқықтық күші болады. Бұл ереже неке-отбасы заңдарының негіздерінің бірі болып табылады.

    Мемлекеттік және қоғамдық мүдделер тұрғысынан алғанда да, ерлі-зайыптылардың және олардың балаларының жеке және мүліктік мүддесін қорғау жөнініе де некені тіркеу қажет.

    Некеге тұру үшін заңда белгіленген шарттарды сақтау қажет. Шарттарды оң (позитивтік), теріс (негативтік) деп бөлу қабылданған. Оңды жағы көбірек болып, теріс жағы болмаған жағдайда некеге тұруға болады.

    «Неке және отбасы туралы» Заңның 10-бабында белгіленгендей еркектер мен әйелдердің неке жасы – 18. Және Заңның 10-бабында азаматтық хал актілеріне жазу органдары некеге тұруды мемлекеттік тіркеу орындарында дәлелді себептері болған жағдайда неке жасын 2 жылдан аспайтын мерзімге төмендету мүмкіндігі көзделген.

    Некеге тұруға кедергі жасайтын қолайсыз жағдайлардың, немесе басқа да себептердің болатындығы «Неке және отбасы туралы» Заңның 11-бабында сәйкес мына тараптағы адамдардың некеге тұруына тыйым салынады:



    1. біреуі басқа тіркелген некеде тұрған адамдардың;

    2. тікелей ата-тегі бойынша және өзінен тарайтын жақын туыстардың (ата-аналар мен балалардың, атасының, әжесінің және немерелерінің), ата-анасы бір және ата-анасы бөлек әкесі немесе анасы ортақ ағалы-інілілер мен апалы-сіңлілердің, аға-қарындастардың;

    3. асырап алушылар мен асырап алынғандардың;

    4. біреуін болса да психикалық ауруының немесе ақыл-есі кемдігінің салдарынан сот әрекетке қабілетсіз деп танылған адамдардың.

    3. Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері. «Неке және отбасы туралы» Заңның 29-бабына сәйкес ерлі-зайыптылардың жеке құқықтарына мыналар жатады:

    - тегін таңдау құқығы;

    - қызмет түрін, мамандықты, тұрғылықты жерді таңдау құқықтары;

    - отбасы өмірінің мәселелерін бірлесіп шешу құқығы.

    Заңға сәйкес ерлі-зайыптылар тең құқықтарды және тең міндеттерді атқарады. Ерлі-зайыптылардың жеке құқықтарының теңдігі отбасы өмірінің барлық жалпы мәселелерін (ана, әке болу, балаларға тәрбие мен білім беру мәселелері және отбасы өмірінің басқа да мәселелері) олардың бірлесіп және өзара келісе отырып шешуінен көрінеді. Ерлі-зайыптылардың ешқайсысы да жеке құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыру кезінде артықшылықты пайдалануға тиіс емес.

    Қызмет пен мамандықты ерікті таңдау құқығы ерлі-зайыптылардың оқу орындарына түсу, мамандық таңдай, сол таңдап алған мамандық бойынша жұмыс орынның табу жөніндегі мәселелерді жеке өздерінің шешулеріне болатындығын көрсетеді. Әдетте қызмет пен мамандық таңдау ерлі-зайыптылардың екі жақты келісімдері бойынша отбасы мүддесін ойластыра отырып жүзеге асыратын ісі.

    Ерлі-зайыптылардың мүліктік қатынастары оларға тиесілі болған мүлікті меншіктену және бір-бірлеріне өзара материалдық қолдау көрсету міндеттерінен туындайды.Құқықтық қатынастардың бірініші түрі Заңның «Ерлі-зайыптылардың мүліктік құқықтары мен міндеттері» деп аталатын 7-тарауындағы нормалармен, ал 2-шісі Заңның «Ерлі-зайыптылардың және бұрынғы ерлі-зайыптылардың алименттік міндеттемелері» деп аталатын 18-тарауындағы нормалармен реттеледі.«Неке және отбасы туралы» Заңның 32-бабына сәйкес ерлі-зайыптылардың некеде тұрған кезде жинаған мүлкі олардың бірлескен ортақ меншігі болып табылады. Ерлі-зайыптылар мұндай меншікке тең құқықпен билік етеді және пайдалана алады.

    Ата-аналар мен балалардың арасындағы құқықтық қатынастардың пайда болуының негізі балалардың белгіленген заң тәртібімен куәландырылған белгілі бір әке мен шешеден туатындағы болып табылады. «Неке және отбасы туралы» Заңда балалардың туу тегін куәландырудың бірнеше әдістері (түрлері) қарастырылған.

    Алғашқы дәстүрлі және неғұрлым кең тараған тәсіл бір- бірімен некеде тұратын ата- аналардан туған балалардың тегін анықтау болып табылады.

    «Неке және отбасы туралы» Заңның 46 – бабына сәйкес бір – бірімен некеде тұратын адамдардан туған баланың туу тегі ата – анасының неке туралы жазбасымен куәландырылады. Бұл некеден туған бала азаматтық хал актілерін жазу органында әкесі мен шешесінің біреуі неке туралы куәлігін көрсетіп, өтініш беруі бойынша солардың атына жазылады.

    Бала туғанда ата- анасы некеде болмаса, немесе анасы баласының әкесі жұбайы (бұрынғы жұбайы) емес деп мәлімдесе, баланың әкесі жағынан тегін белгілеу мәселесінің шешілуі күрделірек болады.

    Заң баланың анасымен некеге тұрмаған адамның әкелілігін белгілеудің бірнеше әдістерін қарастырады.

    Ол баланың әкесі мен шешесінің бірлескен арызын, ал кейбір жағдайларда (шешесінің қайтыс болуы, оның әрекет қабілетсіздігін мойындау және т.б.) әкесінің арызын АХАЖ органдарына беру жолымен белгіленуі мүмкін.

    Заң баланың ата-аналарын туу туралы жазбалар кітабына жазу тәртібін белгілі ережелерге бағындырады.
    Талқылау сұрақтары:

    1.Отбасы құқығының пәнін не құрайды?

    2.Отбасы құқықтық қатынастар субъектілерінің құқықтық жағдайлары қандай?

    3.Некеге отырудың құқықтық тәртібін атаңыз?

    4.Ерлі - зайыптылардың құқықтық жағдайлары қандай?

    5. «Неке және отбасы туралы» ҚР Заңына ішкі және сыртқы талдау жасаңыз.



    Ұсынылған әдебиеттер:

    1. Неке және отбасы туралы. Қазақстан Республикасының Заңы. – Алматы: ЮРИСТ, 2007. – 68б.

    2. Баққұлов С. Құқық негіздері. Оқулық. Алматы :2004. – 248 б.

    3. Баянов Е. Мемлекет және құқық негіздері. Оқулық. Алматы: Жеті жарғы, 2001. – 624 б.


    ДӘРІС 10

    ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚТЫҢ НЕГІЗДЕРІ

    Мақсаты: Әкімшілік құқықтың құқық саласында алатын рөлін, қағидаттарын, пәнін және атқарушы билік туралы түсінік беру.

    Жоспар:


    1.Әкімшілік құқықтың ұғымы,рөлі мен маңызы.

    2.Әкімшілік құықтың әдісі.

    3.Әкімшілік құқықтың пәні және атқарушы билік.
    1. Әкімшілік құқықтың ұғымы,рөлі мен маңызы. Әкімшілік құқық – Қазақстан Республикасы құқық жүйесінің ең үлкен және күрделі салаларының бірі. Ол қоғамдық қатынастарды реттейтін, мемлекеттің басқару қызметінің процесінде пайдаланатын және мемлекеттік аппараттың тәртіптелген бірізділік жұмысын қамтамасыз ететін аса маңызды тәсілдердің бірі болып табылады.

    Мемлекет әкімшілік-құқықтық нормалар арқылы өзінің өкілетті органдарымен қоғамның қажеттерін қанағаттандыру және де өз азаматтарының өміріне қалыпты жағдайларды қамтамасыз ету үшін экономикалық және әлеуметтік-мәдениеттік мәні бар аса маңызды ұйымдық шараларды жүзеге асырып отырады.

    Мемлекеттік басқаруды жетілдіру, оның тиімділігі мен мемлекеттік органдардың өздері қабылдаған шешімдері ұшін азаматтардың алдындағы жауапкершіліктерін арттыру жөнінде әкімшілік құқық маңызды құрал ретінде үлкен рөл атқарады.

    Әкімшілік құқық азаматтардың мемлекетті басқаруға қатысуларының құқықтық және ұйымдық нысандарын бекітеді, өкілетті органдар мен лауазымды адамдар үшін де, қатардағы азаматтар үшін де тиісті мінез-құлық (жүріс-тұрыс ережелерін тағайындайды.Оның көмегімен Қазақстан Республикасында құқықтық мемлекет құрудың міндеті шешіледі және әкімшілік-құқықтық қатынастарға барлық қатысушылардың құқықтық мәдениеті қалыптасады.



    2. Әкімшілік құықтың әдісі. Құқық әрқашанда әртүрлі әдістерді пайдалана отырып қоғамдық қатынастарды реттейді. Құқықтың әр саласының өзінің әдісі бар, ол реттелінетін қоғамдық қатынастарға қатысушылардың еркі мен мінез-құлқына құқықтық ықпал етудің белгілі бір тәсілдері мен құралдарының жиынтығы.

    Құқықтың кез-келген саласы өкім, тыйым, рұқсат ету сияқты қоғамдық қатынастарға реттеушілік ықпал ету тәсілдерін пайдаланады.



    Өкім – бұл қоғамдық қатынастардың қатысушыларына құқықтық норманың талаптарына толығынан сәйкестендіріп іс-әрекет етуге заңдық міндет жүктеу.

    Тыйым – бұл қоғамдық қатынастардың қатысушыларына құқықтық нормамен қаралған іс-әрекеттерді жасаудан бас тартуға заңдық міндет жүктеу.

    Рұқсат ету(ерік беру) - бұл қоғамдық қатынастардың қатысушыларына құқықтық нормада көрсетілген қандай да бір Заңдық мәні бар іс-әрекеттерді жасауға немесе өзінің қалауы бойынша оны жасаудан бас тартуға рұқсат беру.

    Аталған тәсілдердің жиынтығы құқық саласы әдісінің мазмұнын құрайды, бірақ олардың әрқайсысының үлес салмағы құқықтың әр саласында әр түрлі.

    Әкімшілік құқықтың нормаларын жүзеге асыру ұйымдастыру және ынталандыру құралдарымен қамтамасыз етіледі, сондай-ақ мемлекеттің мәжбүрлеу күшімен қолдап отырылады.Мәжбүрлеу реттелінетін қоғамдық қатынастардың қатысушыларының мінез-құлқына құқықтық ықпал жасаудың ең соңғы тәсілі болып табылады.

    3. Әкімшілік құқықтың пәні және атқарушы билік. Құқықтың әрбір саласының пәні қоғамдық қатынастардың белгілі бір аясы болып табылады., оларды реттеу тиісті саланың нормаларымен жүзеге асырылады. Әкімшілік құқық – атқарушы билік аясындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін құықтық нормалардың жиынтығы болып табылатын құқықтың дербес салаларының бірі.

    Мемлекеттік басқару – мемлекеттік билікті жүзеге асыру, мемлекеттік биліктің өкілеттіктерді іске асыру жөніндегі Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары қызметі түрлерінің бірі. Мемлекеттік биліктің мәні мен құрылымы Конституция мен конституциялық заңдарда бекітілген. Мемлекеттік билік заңнамаларға, мемлекеттік аппаратқа, материалдық қорларға, ақша қаржыларына, иландыру мен мәжбүрлеу механизмдеріне сүйенеді.

    Атқарушы билік тармағы – ол ұйымдастыру-басқарушылық, атқару-өкім ету сипаты бар функцияны жүзеге асырады. Іс жүзінде оларды мемлекеттің арнаулы органдары – атқарушы билік органдары орындайды.

    Атқарушы билікті жүзеге асыру өкілеттіктері мен мүмкіндіктері Үкіметке, министрліктерге, агенттіктерге, комитеттерге және басқа да республикалық және жергілікті атқарушы билік органдарына, бірқатар лауазымды адамдарға берілген.

    Атқарушы билік органдары қызметінің негізгі функциялары мыналар болып табылады:


    • Болжау – қолда бар ақпараттың, оның ішінде ғылым негізінде қандай болса да оқиғалардың немесе процестердің дамуындағы өзгерістерді алдын-ала болжау;

    • Жоспарлау - әлдебір басқарылатын қызметтің бағыттарын, мақсаттарын, міндеттері мен күтілетін нәтижелерді, қарқындар мен нақты сандық және сапалық көрсеткіштерді анықтау;

    • Құқықтық реттеу – қандай да бір қызметтің және тиісті құрылымдардың жұмыс істеуінің құқықтық тәртібін белгілеу;

    • Бақылау – заңдарды, жоспарларды, бағдарламаларды орындаудағы құқық бұзушылықтарды табу және жою шаралары

    • Ақпараттық қамтамасыз ету және ақпраттық талдау жұмысы;

    • Әдістемелік басшылық жасау;

    • Кадрмен, материалдық-техникалық заттармен қамтамасыз ету, қаржыландыру тағы с.с.


    Талқылау сұрақтары:

    1. Әкімшілік құқықтың реттеушілік қызметі деген не?

    2. Әкімшілік құқықтық нормаларды атаңыз?

    3. Әкімшілік құқықбұзушылық дегенді қалай түсінесіз?

    4. ҚР «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» Кодексіне ішкі жіне сыртқы талдау жасаңыз.

    Ұсынылған әдебиеттер:

    1. Таранов А.А.Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығы. Академиялық курс. Алматы, «КазГУ Баспа үйі» ЖШС,-2003,-284бет.

    2. Бахрах Д.Н. Административное право.М.:БЕК,»1993.Қазақстан Республикасының Заңы.

    3. Таранов А.А. Коментарий к Кодексу об административных правонарушениях, в двух книгах. Алматы. Норма-К.2002.

    4. Венгеров А.Б. Теория государства и права. М.: 1998.

    5. Канаров С.А. Общая теория государства и права. М.: 1997.


    ДӘРІС 11

    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ

    Мақсаты: ҚР қылмыстық құқығы туралы, оның зерттеу аясы,қылмыстық жаза тағайындау туралы жалпы түсінік беру.
    Жоспар:

    1. Қылмыстық құқық ұғымы және міндеттері



    2. Қылмыс белгілері және түрлері

    3. Қылмыстың заңды құрамы

    4.Қылмыстық жауапкершілік пен жазаны ауырлататын және жеңілдететін жағдайлар
    1. Қылмыстық құқық ұғымы және міндеттері. Қылмыстық заңда жазалау қатерімен тыйым салынған айыпты қоғамдық қәуіпті әрекет (іс-әрекет немесе әрекетсіздік) қылмыс деп танылады. Қылмыстық заңды ұқсастықы бойынша қолдануға жол берілмейді.

    Қылмыстық құқықтың міндеттері: адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, меншікті, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті, қоршаған ортаны, Қазақстан Республикасының конституциялық құрлысы мен аумақтық тұтастығын, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау, бейбітшілік пен адамзаттың қауіпсіздігін қорғау, сондай-ақ қылмыстардың алдын алу болып табалады.

    Бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін Қылмыстық Кодексте қылмыстық жауаптылық негіздері белгіленеді, жеке адам, қоғам немесе мемлекет үшін қауіпті қандай әрекеттер қылмыс болып табылатыны айқындалады, оларды жасағаны үшін жазалар мен өзге де қылмыстық құқыктық ықпал ету шаралары белгіленеді.
    2. Қылмыс белгілері және түрлері. Қоғамға қауіпті болғандықтан ол белгілі бір қоғамдық қатынастарға зардап келтіреді немесе келтіру қаупін туғызады. Сондықтан заңда қорғалатын объектілер тізбегі келтіріледі: жеке адам, қоғам, мемлекет, меншік... Қылмыстың тағы бір белгісі- айыптылығы, яғни қоғамға қауіпті әрекет кінәнің белгілі бір нысанында (қасақана немесе абайсызда) жасалуға тиісті. Жазықсыз (кінәсіз) зиян келтіру жауаптылыққа жатпайды (ҚК 23-бап).

    Сонымен, бұдан қылмыстың төмендегідей белгілері шығады:

    1. Қоғамға қауіптілігі;

    2. Заңға қайшылығы;

    3. Айыптылығы;

    4. Жазаланатындығы.



    3. Қылмыстың заңды құрамы. Қылмыс құрамы дегеніміз, әрекеттің қылмыс ретінде қоғамға қауіптілігін сипаттайтын объективтік және субъективтік белгілердің жиынтығы. Қылмыс құрамы - заңдық ұғым, ал қылмыс - адам әрекетінің бір түрі.

    Қылмыс құрамының төрт эементі бар. Жоғарыда аталғандай белгілер осы төрт элементтің маңайында шоғырланады.

    Олар:

    1. Қылмыс объектісі;



    2. Қылмыстың объективтік жағы;

    3. Қылмыс субъектісі;

    4. Қылмыстың субъективтік жағы.

    - Қылмыс объектісі қылмыс құрамының міндетті элементтерінің біреуі. Объектісіз қылмыс болуы мүмкін емес. Кез келген қылмыс белгілі бір қорғалатын объектіге қол сұғады, яғни не нәрсеге қол сұғылса, сол қылмыс объектісі болып табылады.

    Қылмыс объектісі дегеніміз, қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастар.

    - Қылмыстың объективтік жағы қылмысты істеген адамның мінез – құлқының сыртқы көрінісін білдіреді. Ондай мінез – құлық біріншіден қоғамға қауіпті, екіншіден қылмыстық заңға қайшы болуы керек.

    Қоғамға қауіпті іс-әрекет пен одан туындайтын зардаптың арасын байланыстыратын белгіні себепті байланыс деп атайды. Сонымен, қоғамға қауіпті іс-әрекет, қылмыстық зардап, себепті байланыс қылмыстың объективті жағының белгілері болып табылады.

    - Қылмыстың субъектісі болып қоғамға қауіпті іс-әрекет жасаған және заңға сәйке сол үшін қылмыстық жауаптылықты көтеруге қабілетті адам танылады. Яғни, қылмыстық заңда көрсетілген жасқа толған, есі дұрыс жеке адам танылады.

    - Қылмыстың субъективтік жағы бұл негізінен адамның психикалық іс-әрекетінің қылмыс істеуге тікелей байланысты жағының көрінісі болып табылады.

    Қылмыстың субъективтік жағының мазмұнын мынадай заңдылық белгілері: кінә, қылмыстық ниет, мақсат құрайды. Осы белгілердің жиынтығы қылмыс істеген адамның жан-дүниесінде орын алған ішкі өзгерістерді, оның санасы мен еркінің өзара байланысын бейнелеп береді. Қасақана немесе абайсызда әрекет жасаған адам ғана қылмысқа кінәлі деп танылады.



    4. Қылмыстық жауапкершілік пен жазаны ауырлататын және жеңілдететін жағдайлар. Мыналар қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән жайлар деп танылады:

    - мән жайлардың кездейсоқ тоғысуы салдарынан алғаш рет кішігірім ауырлықтагы қылмыс жасау;

    - айыпкердің кәмелетке толмауы;

    - жүктілік;

    - айыпкердің жас балалары болуы;

    - қылмыс жасағаннан кейін зардап шегушіге тікелей медициналық және өзге де көмек көрсету, қылмыс салдарынан келтірілген мүліктік залал мен моларьдік зиянның орнын өз еркімен толтыру, қылмыспен келтірілген зиянды жоюға бағытталған өзге де іс - әрекеттер;

    - жеке басындық отбасылық немесе өзге ауыр мән - жайлар тоғысуының салдарынан не жаны ашығандық себебімен қылмыс жаcау;

    - күштеп немесе психикалық мәжбүрлеу салдарынан не материалдық қызметтік немесе өзге де тәуелділігі себепті қылмыс жасау;

    - қажетті қорғанудың құқықтық дұрыстығының шартын бұзу, аса қажеттілік қылмыс жасаған адамды ұстау, негізді тәуекел, бұйрықты немесе өкімді орындау жағдайында қылмыс жасау ;

    - қылмыс жасау үшін түрткі болып табылған жәбірленушінің заңға қайшы немесе адамгершілікке жатпайтын қылығы;

    - шын жүректен өкіну, айыбын мойындап келу, қылмысты ашуға, қылмысқа басқа қатысушыларды әшкерелеуге және қылмыс жасау нәтижесінде алынған мүлікті іздеуге белсенді жәрдемдесу.

    Мыналар қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән – жайлар деп танылады:

    - қылмыстарды әлде неше рет жасау, қылмыстардың қайталануы;

    - қылмыс арқылы ауыр зардаптар келтіру;

    - адамдар тобының, алдын ала сөз байласқан адамдар тобының, ұйымдасқан топтың немесе қылмыстық қауымдастықтың (қылмыстық ұйымның) құрамында жұмыс жасау;

    - қылмыс жасағанда айрықша белсенді рөл атқару;

    - айыпкер үшін психикасы бұзылуының ауыр түрінен зардап шегетіні алдын ала белгілі адамдарды не қылмыстық жауаптылық жасына толмаған адамдарды қылмыс жасауға тарту;

    - ұлттық, нәсілдік және діни өшпенділік немесе араздың себебі бойынша, басқа адамдардың заңды іс-әрекеті үшін кектенушіліктен, сондай-ақ басқа қылмысты жасыру немесе оны жасауды оңайлату мақсатында қылмыс жасау;

    - жүктілік жағдайы айыпкер үшін алдын ала белгігі әйелге қатысты, сондай-ақ жас балаға, басқа да қорғансыз немесе дәрменсіз адамға не айыпкерге тәуелді адамға қатысты қылмыс жасау;

    - белгілі бір адамның өзінің қызметтік, кәсіби немесе қоғамдық борышын өтеуіне байланысты оған немесе оның туыстарына қатысты қылмыс жасау;

    - аса қатыгездік, садизммен, қорлаумен, сондай-ақ жәбірленушіні қинап қылмыс жасау;

    - қару, оқ-дәрі, жарылғыш заттар, жарылғыш немесе оларды бейнелеуші құрылғылар, арнайы дайындаған техникалық құралдар, тез тұтанатын және жаңғыш сұйықтар, улы және радиоактивті заттар, дәрілік және өзге де химиялық-фармокологиялық дәрі-дәрмектер пайдаланып, сондай-ақ күш көрсетіп немесе психикалық мәжбүрлеу не жалпы қауіпті әдіс қолданып қылмыс жасау;

    - төтенше жағдайды, табиғи немесе өзге де қоғамдық нәубет жағдайларын пайдаланып, сондай-ақ жаппай тәртіп бұзушылық кезінде қылмыс жасау;

    - алкагольдік, есірткілік немесе уытқылық еліту жағдайында қылмыс жасау. Сот қылмыстың сипатына қарай бұл мән-жайды ауырлатушы деп танымауға құқылы;

    - адамның өзі қабылдаған антын немесе кәсіби антын бұза отырып қылмыс жасауы;

    - қылмыскердің қызметі жағдайына немесе шартқа байланысты өзіне көрсетілген сенімді пайдаланып қылмыс жасауы;

    - өкімет өкілінің нысанды киімін немесе құжатын пайдаланып қылмыс жасау.
    Талқылау сұрақтары:


    1. ҚР Қылмыстық құқық пәні туралы жалпы сипаттама беріңіз?

    2. Қылмыстың заңдылық анықтамасын беріңіз?

    3. Қылмыстың құрамын атаңыз?

    4. Қылмыстық жауапкершілік дегеніміз не?

    5. Қылмысты жеңілдететін, ауырлататын мән - жайларды атаңыз?

    Ұсынылған әдебиеттер:

    1. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі. – Алматы: ЮРИСТ, 2006. – 141б.

    2. Ашитов З.О.,Ашитов Б.З. Егемен Қазақстанның құқы. Оқу құралы. Алматы: Жеті жарғы, 2000. – 266 б.

    3. Ашитов З.О.,Ашитов Б.З. Қазақстан Республикасының құқық негіздері. Алматы: Жеті жарғы, 2000. - 256 б.

    4. Баққұлов С. Құқық негіздері. Оқулық. Алматы :2004. – 248 б.



    ДӘРІС 12

    ЭКОЛОГИЯ ҚҰҚЫҒЫ

    Мақсаты: Экологиялық құқық жүйесі құқықтың бір саласы ретінде қоршаған ортаны табиғатты қорғау жүйесіндегі заңнамада атқаратын қызметі мен маңызы.

    Жоспар:


    1. Экология құқығының негіздері.

    2. Табиғатты және оның құрамдас бөлімдерін құқықтық қорғау.

    3. Қазақстан Республикасы азаматтарының қолайлы қоршаған ортаға құқығы.


    1. Экология құқығының негіздері.Қоршаған табиғи ортаны қоғау және табиғи ресурстарды тиімді пайдалан- қоғамның экономикалық даму барысын жетілдірудің міндетті шарты. Біздің елімізде табиғатты қорғау және оның байлықтарын тиімді пайдалану қоғамның дамуының конституциялық қағидаларына енгізілген, ол әр бір адамның парызы ретінде жалпы мемлекеттік , жалпыхалықтық міндет болып табылады.

    Экологиялық құқық-бұл осы кезең мен болашақтың адамдардың мүдделері үшін қоғам мен табиғат аясындағы қарым-қатынасқа байланысты қоғамдық қатынастарды реттейтін жаңа құқық салалаларының бірі болып табылады.«Экология»–бұл біздің жалпы және жалғыз үйіміз –«Жер» туралы ғылым. Алғашқы рет бұл ғылыми терминді 1866жылы неміс ғалымы Геккел ұсынып және ұзақ уақыт бойы тек биология ғылымы негізінде тар аяда қолданылады.Ол өзінің әйгілігіне ХХ ғасырдың екінші жартысында ие болды,өйткені тура осы кезден бастап адам мен орта және қоғам мен табиғат арасындағы қатынастар шиеленісе түсті.Экология –тірі организімдер мен олардың өмір сүру негізі қоршаған табиғи орта арасындағы қарым-қатынасты анықтайтын ілім ретінде қолданылады.Табиғат-санада және санадан тыс жүретін объективті анықтылық және адам жаратылысының өмір сүру ортасы.Ол адамға байланысты негізгі 3 түрлі қызметті атқарады:

    1.Жердегі өмірге қажетті биологиялық жағдайды қамтамасыз ететін экологиялық қызмет;

    2.Адамдардың материалдық қажеттіліктерін қанағаттандырудың қайнар көзі болып табылатын экономикалық қызмет;

    3.Адамның жан дүниесінің қалыптасуына әсер ететін негіз-құлықтылық қызмет.

    Адам –табиғаттын эвалюциялық даму нәтижесінің өнімі.Табиғатқа қатынысына байланысты ол-оның әсерін байқайтын,өмірдің жаратылысынан тәуелді болатын,оны қоршаған ортаның объектісі ретінде және табиғи ресурстарды пайдаланатын ,өзінің шаруашылық қажеттіліктерін шешу үшін табиғатты бейімдеуші субъект ретінде танылады. Құқықтық экология деп – қоғам мен табиғаттың өзара байланысынан туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығын айтамыз. Құқықтық экологияның анықталуының бірі болып, экологиялық құқығы танылады. Экологияляқ құқығы бұл қазіргі және болашақ ұрпақ үшін қоршаған табиғи ортаны тиімді падалану мен қорғауба байланысты қоғаммен табиғаттың қарым-қатынасын анықтайтын қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығы.

    Экологиялық құқықтарының әдістері – қоғам мен табиғат арасындағы үйлесімді байланысқа жетуге бағытталған, олар табиғатқа да, қоғамға да қатысты заңдылықтардың құқықтық реттелуінің сақталуына негізделеді. Экология құқығы үш негізде оқытылады: пән ретінде, сала ретінде, ғылым ретінде.

    Экология құқығы сала ретінде – экологиялық құқықты сала, пән ретіндегі танудың ғылыми ілімдерінің жүйесін құрайды. Экологиялық құқықты – құқық саласы ретінде тану үшін, біз белгілі бір заңдарға жүгінеміз, оның нормаларына түсінік береміз.

    Экологиялық құқықты оқу пәні ретінде біз, теориялық және тәжірибелік сұрақтарын қамтитын оқыту әдістемесіне және де құқық нормаларымен оларды тәжірибе жүзінде жүзеге асыру қажеттілігін білуге мән береміз.

    2. Табиғатты және оның құрамдас бөлімдерін құқықтық қорғау. Мемлекет және қоғам түрлі биологиялық, химиялық, физикалық, санитарлық-гигиеналық және де басқа да әдістерді қолдана отырып қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз етеді. Қоршаған табиғи ортаны құқықтық қорғау – бұл мемлекеттің экологиялық функциясы көрінетін табиғатты қорғау қызметінің бір әдісі. Ол қоршаған табиғи ортаны қорғауға бағытталған заңдарды, қаулыларды, басқа да нормативтік-құқықтық актілерді шығарудан және қолданудан тұрады. Біздің мемлекетімізде «Қазақстан республикасы экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасы», «Қоршаған ортаны қорғау туралы», «Экологиялық сараптама» заңдары және көптеген нормативтік актілер қабылданды.

    Қоршаған ортаны қорғау – бұл табиғат пен адамның өзара үйлесімді іс-қимылына, қоршаған ортаның сапасын жақсартуға, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен толықтыруға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық шаралар жүйесі.

    «Қоршаған ортаны қорғау туралы» заңда қоршаған ортаны қорғаудың басты қағидалары көрсетілген. Қоршаған ортаны қорғау келесі басты қағидаларды негізге ала отырып жүргізіледі:


    1. Адамның өмірі мен денсаулығын қорғаудың басымдығы, халықтың өмірі, еңбегі мен демалысы үшін қолайлы қоршаған ортаны сақтау және қалпына келтіру.

    2. Қазақстан республикасының нарықтық қатынастар жағдайында тұрақты дамуға көшуі, адамдардың қазіргі және болашақ ұрпақтарының салауатты және қолайлы қоршаған ортаға деген қажеттерін қанағаттандыру мақсатында қоршаған ортаның әлеуметтік-экономикалық міндеттері мен проблемаларын теңдестіре отырып шешу;

    3. Экологиялық жағдайы қолайсыз аумақтардағы экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және бұзылған табиғи-экологиялық жүйелерді қалпына келтіру;

    4. Табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және молықтыру, табиғатты пайдаланғаны үшін кезең-кезеңмен ақы төлеуді енгізу және қоршаған ортаны қорғауға эеономиеалық жағынан ынталандыруды енгізу;

    5. Биологиялық алуан түрлілікті жіне экологиялық, ғылыми және мәдени жағынан ерееше маңызы бар қоршаған орта объектілерін сақтауды қамтамасыз ету;

    6. Қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды мемлекеттік реттеу мен мемлекеттік бақылау, оларды бұзғаны үшін жауапкершілікттің ымырасыздығы;

    7. Қоршаған ортаға нұқсан келтіруге жол бермеу, қоршаған ортаға ықпал ету мүмкіндігін бағалау;

    8. Халықтың ,қоғамдық бірлестіктер мен жергілікті өзін -өзі басқару органдарының қоршаған ортаны қорғау саласына белсенді түрде және демократиялық жолмен қатысу;

    9. Халықаралық құқық негізінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастық.

    Қоршаған табиғи ортаны қорғаудың құқықтық әдісі дегеніміз экологиялық құқықтық қатынастарды реттеу мақсатында қолданылатын тәсілдердің жиынтығы. Оларға мыналар жатады :

    • қорғауға жататын, табиғи объектілерді белгілеу;

    • табиғат объектілерін қорғауды бекітетін ,шектейтін, рұқсат беретін міндетті ережелері мен талаптарды анықтау;

    • олардың сақталуы мен орындалуын бақылау;

    • қоршаған табиғи орта заңдарын бұзған үшін жауапкершілік және шығындарды өтеу шараларын жүзеге асыру.


    3. Қазақстан Республикасы азаматтарының қолайлы қоршаған ортаға құқығы. Азаматтардың қолайлы қоршаған ортаға құқықтары Қазақстан Республикасындағы жалпы табиғатты пайдалану құқығының негізгі бөлігі және азаматтардың денсаулығын сақтауға байланысты конституцияның құқықтардың құрамдас бөлігі болып табылады.

    Қазақстан Республикасының конституциясы бойынша азаматтардың құқықтары табиғатты қорғауға байланысты тазарту шараларын кең түрде жүргізумен қамтамасыз етіледі.Қоршаған ортаны тазарту- адамның өмір сүру ортасның сапасы мен адамның денсаулығы үшін шаруашылық қызметтердің зиянды салдарын жою және ескертуге бағытталған техникалық ұйымдастырылған, құқықтық, санитарлық-гигиеналық шаралардың жиынтығын құрайды. Азаматтың қолайлы қоршаған ортаға құқықтарының объектісі болып ,табиғи ресурстар табылады: таза атмосфералық аау ,су, табиғи аймақтар, ормандар, ұлттық табиғи парктер, рекреациялық аймақтар , санаториялық куроттық орындар. Азаматтардың бұл құқықтары Қазақстан Республикасының заңдарында әрі қарай дамуы көзделген. Азаматтардың қолайлы қоршаған ортаға құқықтарына-адамдар және оны қоршаған орта үшін зиянды салдарын төмендетуге және ескертуге, халықтың демалысқа, еңбек пен тұрмысты жақсарту шарттарына қоршаған ортаны жақсартуға бағытталған мемлекеттік органдардың, кәсіпорындарын, мекемелердің , ұйымдардың және басқа да қоғамдық ұйымдардың санитарлық-гигиеналық шараларды жүргізу міндеттілігі сәйкес келеді.

    1997жылы 15 шілдеде қабылданған «Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау туралы » заңының 5-бабына сәйкес ,азаматтардың қоршаған ортаны қорғауға байланысты құқықтары мен міндеттері көрсетілген.

    Әрбір азаматтың және Қазақстан Республикасының аумағында тұратын азаматтығы жоқ адамдардың , сондай –ақ шетелдіктердің өз өмірі мен денсаулығына қолайлы қоршаған ортаға, оның жәй-күйі туралы дұрыс ақпарат алуға, қоршаған ортаны қорғау туралы заңдардың бұзылуы салдарынан өз денсаулығы мен мүлкіне келтірілген залалдың өтеуін алуға құқығы бар.

    Азаматтардың:


    • Белгіленген тәртіппен табиғи ресурстарды пайдалануға, оларды қорғау және толықтыру жөніндегі шараларды жүзеге асыруға, қоршаған ортаны қорғау мен сауықтыруға қатыстыруға;

    • Қоршаған ортаны қорғайтын қоғамдық бірлестіктер мен қоғамдық қорлар құруға;

    • Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі жиналыстарға, митінгілерге, пикеттерге, шерулер мен демонстрацияларға, референдумдарға қатысуға;

    • Қоршаған орта мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен ұйымдарға хаттар, шағымдар,арздар мен ұсыныстар беруге және оларды қарауды талап етуге;

    • Қоғамдық экологиялық сараптама өткізу туралы ұсыныс жасап, оған қатысуға;

    • Кәсіпорындарды, құрылыстар мен экологиялық жағынан зиянды өзгеде объектілерді орналастыру, салу, қайта құру және пайдалануға беру туралы, сондай- ақ заңды және жеке тұлғалардың қоршаған орта мен адам денсаулығына теріс ықпал ететін шаруашылық және өзге де қызметін шектеу, тоқтата тұру және тоқтау туралы шешімдердің әкімшілік немесе сот тәртібімен күшін жорйып талап етуге;

    • Айыпты ұйымдарды, лауазымды адамдар мен азаматтарды жауапқа тарту туралы мәселелер қоюға, қоршаған ортаны қорғау туралы заңдардың бұзылуы салдарынан өз денсаулығы мен мүлкіне келтірілген залалдың өтелуі туралы сотқа талап арыз беруге;

    • Заң актілерімен өзге де нормативтік құқықтық актілер де көзделген басқада құқықтарын белгіленген тәртіппен іске асыруға құқығы бар.

    әрбір азамат қоршаған ортаны қорғауға және табиғи ресурстарға ұқыпты қарауға, қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды орындауға, өзінің экологиялық білім деңгейін арттыруға және жеткіншек ұрпаққа экологиялық тәрбие беруге жәрдемдесуге міндетті.

    Қазақстан Республикасының Конституциясы және де басқа да экологиялық заңдар азаматтарға қоршаған табиғи ортаға байланысты белгілі құқытармен міндеттер жүктейді.


    Талқылау сұрақтары:

    1. Экологиялық құқық қандай қатынастарды реттейді?

    2. Экологиялық құқықтың қайнар көздерін атаңыз.

    3. Экологиялық құқықтың жүйесін не құрайды?

    Ұсынылған әдебиеттер:

    1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы: Юрист, 2007.

    2. «Қазақстан – 2030». – Алматы: ЮРИСТ, 2005. – 152б.

    3. Адам құқықтарының баршаға ортақ Декларациясы.// Қазақстан ZAMAN. – 2002. – 6 желт. – 4б.

    4. Адам құқықтары жөніндегі уәкіл қызметін белгілеу туралы ереже: Қазақстан Республикасының Президентінің № 947 жарлығымен бекітілген // ПҮАЖ. – 2002.- № 30. – 4-10б.

    5. Ең қымбат қазына-адам.// Егемен Қазақстан.-2002,-22-наурыз.


    ДӘРІС 13

    ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ НЕГІЗДЕРІ

    Мақсаты: құқық салалары ішінде алатын ролі мен маңызы,мемлекет функциясын жүзеге асырудағы ролі.
    Жоспар:

    1. Қазіргі кезеңдегі халықаралық құқықтың ұғымы.

    2. Халықаралық құқықтың қазіргі кезеңдегі қызметі.

    3. Халықаралық құқықтың қайнар көздері.

    1. Қазіргі кезеңдегі халықаралық құқықтың ұғымы. Қазіргі кезеңдегі халықаралық қатынастардың негізгі сипаттары. Мемлекеттер арасындағы сындарлы қарым- қатынастың алғышарты халықаралық құқықтың және мемлекеттердің егеменді құқық нормаларын құрметтеу болып табылады. Халықаралық құқық нормалары халықаралық қатынастармен бірге пайда болды. Халықаралық қатынастарды халықаралық құқық реттейді және сонымен бірге оның номаларына ықпал етеді. Халықаралық құқық кез келген қоғам өмірі үшін орасан маңызы бар тарамдана дамыған халықаралық қатынастарды реттейді. Халықаралық қатынастар халықаралық құқықтық нормалардың мазмұнын белгілейді.

    Жеке зерттеулерді қажет ететін іргелі проблемаларға бәрінен бұрын, халықаралық жүйедегі халықаралық құқық және халықаралық қатынастар проблемасының орны жатқызылады. Мәселен, халықаралық қатынастарды зертеушілер, әдетте, халықаралық қатынастарды неғұрлым маңызды және айқындаушы деп айырады, оларды жүйе ретінде қарайды.

    Халықаралық жүйеге тар мағынасында мыналар кіреді:

    Біріншіден, мемлекет және мемлекеттектес құрылымдар;

    Екіншіден, мемлекеттік құрылым ретінде қалыптасу процесіндегі тәуелсіздік үшін күресіп жатқан халықтар мен ұлттар;

    Үшіншіден, халықаралық қатынастар;

    Төртіншіден, мемлекеттердің топтасуы;

    Бесіншіден, осы элементтер арасындағы байланыс.

    Жоғарыда аталып өткендерден басқа, халықаралық жүйеге сондай-ақ халықаралық қатынастарда өз орны бар халықаралық-құқықтық және өзге де әлеуметтік нормалар кіреді. Халықаралық жүйе үшін белгілі бір тұтастық, басқа компоненттерден салыстырмалы түрдегі оқшаулық тән. Халықаралық жүйенің өзіне тән еркшелігі, біріншіден, оның негізгі элементі – мемлекет – халықаралық жүйенің бір бөлігі болып саналады, екіншіден,- онсыз өмір сүре алады.

    Сонымен, халықаралық құқықтың даму және өмір сүру проблемаларын анықтай отырып, қазіргі халықаралық қатынастардың ерекшеліктерін, халықаралық жүйенің ұғымы мен компоненттерін анықтап алу қажет.

    2.Халықаралық құқықтың қазіргі кезеңдегі қызметі. Халықаралық құықтың қызметі деген сөз – ол халықаралық құқық жүйесімен өмір сүрген ортаның, яғни халықаралық жүйе компоненттерінің арасындағы үнемі болатын қарым – қатынас. Мұндай көзқарас халықаралық құқық рөлін одан әрі тани түсуге, оның дамуына болжам жасауға, оның бейбітшілікті және халықаралық ынтымақтастықты нығайту құралы ретіндегі пәрменділігін арттыруға ықпал етеді. Сонымен бірге, қызмет атқару халықаралық құқық функцияларын жүзеге асыру процесі.

    Халықаралық құқықтың басты функциялары оның халықаралық қатынастардың негізгі қатысушыларымен өзара іс- қимылдарынан көрінеді. Мұнда құқықтық қатынас субъектілері әр түрлі амалдарды пайдаланады.

    Халықаралық құқықтың қызмет атқару үшін, бір жағынан – халықаралық құқық және сыртқы саясат ара салмағының, екінші жағынан – халықаралық құқық және дипломатия ара салмағының мәселелері көкейкесті болып есептеледі. Бұл мәселенің халықаралық жария құқық жөніндегі монографиялық еңбектерде талай айтыс туғызғанын айта кету керек. Қаралып отырған проблема құқық және саясат туралы жалпы мәселенің бір бөлігі болып табылады. Сыртқы саясаттың ішкі саясатпен салыстырғанда өз ерекшеліктері бар. Сонымен қатар, сыртқы және ішкі саясатты мемлекеттің белгілі бір жоғарғы органдары бағыттап және бақылап отырады. «Дипломатиялық сөздіктегі» дипломатияға қатысты анықтау мынандай :

    «Мемлекеттер, үкіметтер және сыртқы қатынастардың арнаулы органдары басшыларының мемлекеттердің сыртқы саясаттардың мақсаттары мен міндеттерін, сондай-ақ шет елдерде мемлекеттің құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі ресми қызметі». Дипломатия сыртқы саясат құралы болып саналады. Дипломатия мен бірге экономикалық, мәдени, әскери және басқа да сыртқы байланыстардың осындай құралдар болып табылатыны даусыз.



    3.Халықаралық құқықтың қайнар көздері. «Құқық қайнар көздері» термині екі аспектіде қолданылады – материалдық және формальдық. Халықаралық құқықтың материалдық қайнар көздеріне халықаралық еңбек бөлмесі нәтижесінде дамып келе жатқан және халықаралық құқық нормаларын туғызатын бүкіл әлемдік экономикалық қатынастар жатады. Қазіргі халықаралық құқықтың Заңдық ұғымдағы қайнар көздері – ол оның нормалары мен принциптерін орнықтырудың ерекше, спецификалық көрініс нысандары Қазіргі халықаралық құқықтың заңдықайна көздері халықаралық құқық жасауда ерекше орын алады, атап айтқанда халықаралық нормалары мен принциптерін қалыптастыру және құру процестерін анықтайды.

    Сонымен, халықаралық құқықтың қайнар көздері – заңдық ұғымда – субьектілердің келісілген еріктерін білдіретін халықаралық құқық нормалары. Қайнар көздер жүйесі негізгі және көмекші болып екіге бөлінеді. Негізгілерге жататындар :

    1. Халықаралық келісім шарт ;

    2. Халықаралық салт-дәстүр.

    Халықаралық құқықтың көмекші қайнар көздеріне мыналар жатады:

    1. Халықаралық ұйымдардың шешімдері, карталар;

    2. Халықаралық Соттың және арбитраждың сот шешімдері;

    3. Ішкі мемлекеттік заң, ұлттық соттардың шешімі;

    4. Халықаралық құқық саласындағы ғалымдар доктринасы;

    5. Өркениетті ұлттар қабылдаған жалпы құқық принциптері.

    Әдетте, халықаралық құқықтың өз қайнар көздері бола алмаса да, ал бұл қайнар көздері, біріншіден, халықаралық құқықтық нормалар құру процесіндегі белгілі кезеңдер болып табылады; Екіншіден, Заң шығару процесіне ықпал етеді; Үшіншіден халықаралық құқық нормаларының өмір сүруін белгілейді.

    Талқылау сұрақтары:


    1. Халықаралық құқықтың пәні не?

    2. Халықаралық құқықтың нормаларына қысқаша сипаттама беріңіз?

    3. Халықаралық құқық жұйесіне тоқталыңыз?

    4. Қазақстан Республикасының халықаралық жүйедегі алатын орны қандай?

    Ұсынылған әдебиеттер:

    1. Адамдарды сатуға және үшінші тұлғалардың жезөкшелікті пайдалануына қарсы күресі туралы конвенция: Қазақстан Республикасының Президентінің 2004ж. 12 қазан № 1460 жарлығымен бекітілген.// ПҮАЖ.- 2004. - № 40. - 3-13б.

    2. О соблюдении прав гражданина в РК в 2003 году: Доклад Комиссиии по правам человека при президенте Республики Казахстан / Юридическая газета. – 2004.-16 апр.

    3. Положение о Комиссиии по правам человека при президенте Республики Казахстан: Утвержден Указом Президента Республики Казахстан от 19 марта 2003г., № 1040 // Казахстанская правда. – 2003. – 21 марта.

    4. Положение об Уполномоченном по правам человека: Утвержден Указом Президента Республики Казахстан от 19 сентября 2002г. № 947 // СААП РК. – 2002. - №30№ - с.59-65.

    5. Положение о Национальном центре по правам человека: Утвержден Указом Президента Республики Казахстан от 10 декабря 2002г. / Официальная газета. – 2002.- 28 дек. – с.2.

    СЕМИНАР САБАҚТАРЫН ӨТКІЗУГЕ АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
    «Құқық негіздері» пәні бойынша семинар сабақтары құқықтық білімді нығайтудың негізгі жолы болып табылады. Семинар сабағында студент тақырып бойынша берілген сұрақтарға жауап тауып қана қоймай оны қорытып дұрыс жеткізе білуі қажет. Семинар сабағында студент өзінің дәріс сабағында алған білім деңгейін тереңдетуге, талқыланып отырған тақырыпқа қатысты өзінің көзқарасын білдіруге мүмкіндік алады. Семинар сабағына дайындалу барысында жаңа термин сөздерге мән беріп, оны есте сақтауға тырысу керек.

    Студент семинар сабағына дайындалуға ұсынылған әдебиеттерді мұқият саралауы керек және ол ұсынылған әдебиеттермен шектеліп қана қоймай, сонымен бірге өз тарапынан ізденіп баспа материалдарын да қарастыруы қажет.

    Құқықтық білім адам өмірінің барлық кезеңдеріне қажет, сондықтан аталмыш пәнге деген қызығушылықтың болуы студенттің құқықтық мәдениетін арттыруға септігін тигізеді. Семинар сабағының басты кеңесшісі ол пән оқытушысы. Сол себепті түсініксіз сұрақтарға оқытушыдан кеңес алып отырған жөн. Семинар сабағында тақырыпқа қатысты мәселе көтеріліп, әр түрлі әдістердің қолдануымен шешіледі. Әдістер: ахуалдық есептер шешу, баяндау, пікір таластыру, ойын және т.б. Есептер дегеніміз күнделікті өмірімізде туындап жатқан құқықтық мән – жайлар, мәне соларға жауапты іздеу барысында студент қажетті нормативті құжатты дұрыс тауып, талдауы керек. Жауапты баяндау барысында арнайы деректерге сүйене отырып, өз сөздеріне дәлелдемелер келтіріп отыруы керек. Жауап беру барысында баяндап тұрған мәселеге тұжырым жасай алуы қажет.

    Сіздерге семинар сабағының жоспары, арнайы әдебиеттер ұсынылып отыр. Кейбір тақырыптарға қатысты ситуациялық есептер де берілген.


    1 СЕМИНАР. МЕМЛЕКЕТ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ МӘНІ

    Сабақтың мақсаты: Студенттердің мемлекеттің ұғымын айта отырып, оның шығу теорияларын өзіндік көзқарастарымен жеткізе білуін қамтамасыз ету.

    Жоспар:

    1. Мемлекеттің пайда болуының қысқаша тарихы.

    2. Мемлекеттің кең және тар мағынасы.

    3. Мемлекеттің пайда болу теориялары.

    4. Мемлекеттің нысаны.

    5. Мемлекеттің қызметі.

    Алғашқы қауымдық құрылыстың жалпы сипаты, басқару органдары және тәртіпті сақтау құралдары.

    Мемлекеттің пайда болуы туралы әр түрлі теориялар. Мемлекеттің пайда болуының әр түрлі жолдары (шығыс, азиялық, батыс, европалық) .

    Мемлекет ұғымдарының сан алуандылығы. Мемлекет пен құқықтың пайда болуының жалпы заңдылықтары мен түрлері. Мемлекет және құқықтың алғы шарттары. Мемлекет және құқықтың белгілері.

    Мемлекет мәні. Мемлекет және оның мәнін айқындайтын қозғаушы күштер (факторлар); әлеуметтік, экономикалық, идеологиялық, мәдени, ізгілік, діни т.б. Мемлекет ұғымының және мәнінің эволюциясы (өзгеруі).

    Әдебиеттер:


    1. Ибраева А.С., Ибраев Н.С. Теория государства и права: Учебное пособие.-Алматы, Жеты Жарғы, 2003.

    2. Сапаргалиев Г.С. Становление конституционного строя Республики Казахстан. – Алматы, 1997.


      1. 11\-",';''
      Мемлекет және құқық теориясы. Оқулық. Авторлар алқасы: Жоламанов Ж., Таукелов А.Н., Мұхтарова А.К., Алматы, 1998.

    3. Сапарғалиев Ғ. Ибраева А. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы, Жеті Жарғы,1998.

    4. Ашитов З.О.,Ашитов Б.З. Егемен Қазақстанның құқы. Оқу құралы. Алматы: Жеті жарғы, 2000. – 266 б.

    5. Ашитов З.О.,Ашитов Б.З. Қазақстан Республикасының құқық негіздері. Алматы: Жеті жарғы, 2000. - 256 б.

    6. Баққұлов С. Құқық негіздері. Оқулық. Алматы :2004. – 248 б.

    7. Баянов Е. Мемлекет және құқық негіздері. Оқулық. Алматы: Жеті жарғы, 2001. – 624 б.

    2 СЕМИНАР. ҚОҒАМДА ҚҰҚЫҚТЫҢ АЛАТЫН ОРНЫ



    Сабақтың мақсаты: Студенттердің мемлекеттің ұғымын айта отырып, оның шығу теорияларын өзіндік көзқарастарымен жеткізе білуін қамтамасыз ету.

    Жоспар:

    1. Құқықтың пайда болуының қысқаша тарихы.

    2. Құқықтың қаңдылық анықтамасы.

    3. Құқықтың мәні.

    4. Құқықтың әртүрлілігі.

    5. Құқықтың типтері.

    6. Әлеуметтік нормалар жүйесіндегі құқықтың алатын рөлі.

    Құқыққа анықтама берудің проблемалары. Құқықтың жалпы әлеуметтік және заңдық мағынасы. Құқықтың объективтік және субъективтік сипаты.

    Құқық мәнінің сипаттамасы. Құқықтың нормативтілігі, жүйелілігі, жария түрдегі айқындылығы. Құқықтың табиғи жаратылысы мен мәнін айқындайтын әлеуметтік – экономикалық, саяси, идеологиялық, өнегелік (моральдық), ізгіліктік, рухани, діни қозғаушы кұштер.

    Құқық – қоғамдық дамудың қозғаушы күші. Құқықтың мәнін түсіндіретін сипаттар. Объективтік құқық және субъективтік құқық. Құқықты түсіндірудің қазіргі кездегі ғылыми тәсілдері. Құқық – нормалар жиынтығы ретінде; құқық – құқықтық қатынас ретінде; құқық – құқықтық сана ретінде. Құқық идеясы. Құқық аясы (шеңбері).

    Құқық анықамасы. Құқық туралы марксистік, психологиялық, нормативтік, табиғи – құқықтық, әлеуметтік, синергетикалық негізгі көзқарастар.

    Құқық типтері: ұғымы. Құқық сипаттамасының формациялық және өркениеттік типтік белгілері.

    Қоғамның нормативтік жүйесі. Әлеуметтік және техникалық нормалар. Әлеуметтік нормалар туралы ұғым және оларды саралау. Қоғамның әлеуметтік нормалары жүесінде құқықтық нормалардың алатын орны. Құқық және ізгілік пен өнегенің (моральдың) нормативтік жаратылысының табиғаты. Құқық пен ізгілік, өнеге (мораль) нормаларының жалпы және ерекше сипаттары.Ққық пен ізгілік, өнегенің өзара әрекеттесулері. Құқық пен ізгілік, өнегедегі тиым салу, бостандық , теңдік, әділдік идеяларының көрініс табуы. Құқық нормаларын ізгіліктендірудің (гуманизациялаудың) келелі мәселелері.

    Әдебиеттер:


    1. Сапарғалиев Ғ. Ибраева А. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы, Жеті Жарғы,1998.

    2. Ашитов З.О.,Ашитов Б.З. Егемен Қазақстанның құқы. Оқу құралы. Алматы: Жеті жарғы, 2000. – 266 б.

    3. Ашитов З.О.,Ашитов Б.З. Қазақстан Республикасының құқық негіздері. Алматы: Жеті жарғы, 2000. - 256 б.

    4. Баққұлов С. Құқық негіздері. Оқулық. Алматы :2004. – 248 б.

    5. Баянов Е. Мемлекет және құқық негіздері. Оқулық. Алматы: Жеті жарғы, 2001. – 624 б.

    3 СЕМИНАР. КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚ -ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МАҢЫЗДЫ ҚҰҚЫҚ САЛАСЫ РЕТІНДЕ

    Сабақтың мақсаты: Конституциялық құқық сабағынан алған білімді бекіту. ҚР Конституциясына ішкі және сыртқы талдау жасауға үйрену. Студенттерді конституциялық құқықтарын білуге үйрету.

    Жоспар:

    1. Конституциялық құқық пәнінің жалпы сипаттамасы.

    2. Конституциялық құқықтың қайнар көздері.

    3. Конституциялық құқықтың жүйесі.

    4. Конституциялық құқықтың құқық жүйесінде алатын орны.

    Конституциялық құқық – негізгі әмбебап құқық саласы ретінде. ҚР Конституциясының қабылдану негізі. Адам құқықтарын қорғайтын нормативті актілер. Конституциялық құқық институттары. Президенттік институт. ҚР Парламенті. ҚР Үкіметі. ҚР жергілікті басқару органдары.

    Адам және азаматтың конституциялық құқықтары. Адам құқықтарының қорғалу механизмдері.

    Әдебиеттер:


    1. Сапарғалиев Ғ. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы. Алматы: Жеті жарғы, 2003. – 480б.

    2. Амандықова С.Қ. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы: Оқу құралы. – Астана: Фолиант. 2001. – 176б.

    3. Сапарғалиев Ғ. Ибраева А. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы, Жеті Жарғы,1998.

    4 СЕМИНАР. МЕМЛЕКЕТТІК БИЛІКТІҢ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ

    Сабақтың мақсаты: Мемлекеттік билік жүйесіне талдау жасай отырып, студенттердің мемлекеттік билік ұғымын, түрлерін жете меңгеруіне жағдай жасау.

    Жоспар:

    1. Мемлекеттік билік анықтамасы.

    2. Мемлекеттік биліктің түрлері.

    3. Мемлекеттік билікті жүзеге асырудың тәсілдері мен түрлері.

    Мемлекеттік билік - әлеуметтік биліктің ерекше түрі, оның егемендік сипаттары. Мемлекеттік билік және саяси билік. Биліктік қатынастар – қоғамдық қатынастардың айрықша түрі. Биліктік қатынастардың мазмұны, объектілері мен субъектілері. Мемлекеттік билікті жүзеге асырудың тәсілдері мен түрлері. «Зорлық», «күштеу», «басып - жаншу», «мәжбүрлеу», «көндіру», «сендіру», «басшылық ету», «басқару», «үстемдік ету», «бағындыру» санаттарының арақатынастары.


    Мемлекеттің қызметтері: ұғымы. Мемлекеттің қызметтерін саралау, оның негіздері. Мемлекеттің ішкі және сыртқы қызметтері. Қоғам өмірінің экономикалық саяси, әлеуметтік, рухани салаларында мемлекеттің атқаратын қызметтері. Мемлекет қызметтерінің байланыстылықтары мен өзара ықпалдасулары.

    Мемлекеттің қызметтері және мемлекеттік аппарат. Мемлекеттің қызметтері және мемлекеттің мәні. Мемлдекеттің қызметтері және олардың салыстырмалы дербестігі. Мемлекеттің қызметтері және мемлекет пен қоғам дамуының тарихи өзіне ғана тән өзгешеліктері. Мемлекеттің іс - әрекеттерінің шегі. Қоғамның саяси жүйесі туралы ұғым және оның құрылымы. Саяси жүйедігі мемлекеттің алатын орны. Мемлекеттің саяси және қоғамдық қозғалыстардың, партиялардың, діни ұйымдар басқа да саяси құрылымдардың өзара әректтесуі мен ықпалдасулары.



    Әдебиеттер:

    1. Сапарғалиев Ғ. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы. Алматы: Жеті жарғы, 2003. – 480б.

    2. Мемлекет және құқық теориясы. Оқулық. Авторлар алқасы: Жоламанов Ж., Таукелов А.Н., Мұхтарова А.К., Алматы, 1998.

    3. Сапарғалиев Ғ. Ибраева А. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы, Жеті Жарғы,1998.

    4. Венгеров А.Б. Теория государства и права. М.: 1998.

    5. Канаров С.А. Общая теория государства и права. М.: 1997.

    5 СЕМИНАР. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫ

    Сабақтың мақсаты: Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының әрекет ету жағдайларына сипаттама бере отырып, студенттерге құқық қорғау органдарының түрлеріне байланысты құзіреттерін ажырата алуға үйрету.

    Жоспар:

    1. ҚР құқық қорғау органдары қызметтеріне жалпы сипаттама.

    2. ҚР құқық қорғау органдарының жіктелуі.

    3. ҚР құқық қорғау органдарының құзіреттері.

    Құқық қорғау органдарының қоғамдық қатынастарды реттеудегі алатын орны. Құқық қорғау органдарының қызметтері. Құқық қорғау органдарының әрекеттерін реттейтін нормативті актілер. Құқық қорғау органдарының түрлері. ҚР Прокуратурасы. ҚР Сот органдары. ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті. ҚР Ішкі істер органдары. ҚР Әділет министрлігі.ҚР Кеден органдары. ҚР салық органдары және т.б.



    Әдебиеттер:

    1. «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары» туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Президенттің Жарлығы.

    2. «Қазақстан Республикасының прокуратурасы туралы» Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығы.

    3. Алиев М.М. Қазақстан Республикасының сот жүйесі және құқық қорғау органдары. Оқу құралы: Астана. 2004. – 403 б.

    4. Туманов В.А. Европейский суд по правам человека. Очерк организации и деятельности. – Москва: Издательства Норма, 2001. – 304с.

    5. Тусупбеков Р.Т. Деятельность системы органов прокуратуры в Республики Казахстан: надзор за законностью и соблюдением прав человека и гражданина //Развитие механизмов защиты прав человека в Казахстане. – Астана: LEM,2004. – 51с.

    6 СЕМИНАР. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ САЙЛАУ ЖҮЙЕСІ



    Сабақтың мақсаты: Сайлау жүйесі және сайлау құқығының ара қатынасын түсіндіру. ҚР сайлау жүйесіне талдау жасау, студенттерге жастардың саяси мәдениетін қалыптастыру туралы мағлұмат беру. Студенттердің сайлау құқықтарының іске асырылу жолдарын білуге үйрету.

    Жоспар:

    1. ҚР Сайлау жүйесіне жалпы сирпаттама.

    2. ҚР сайлау құқығы ұғымы.

    3. Сайлау құқықтарының жүзеге асырылу мәселелері.

    4. Саяси мәдениет және жастар.

    Сайлау жүйесі. Сайлау құқығы. Сайлаудың түрлері. Пропорционалды, можариторлы, баламалы, тең, еркін. Төте және көлбеу сайлау. Референдум. Сайлау құқығының жүзеге асырылу жолдары. Сайлауға қатысу тәртібі. Орталық сайлау комитеті. Сайлау құқықтарының бұзылу себептері және оны болдырмаудың жолдары. Сайлауға қатысу қатынастарын реттеудегі нормативті актілер. Жастардың сайлауға қатысу белсенділігі.



    Әдебиеттер:

    1. Баққұлов С. Құқық негіздері. Оқулық. Алматы :2004. – 248 б.

    2. Баянов Е. Мемлекет және құқық негіздері. Оқулық. Алматы: Жеті жарғы, 2001. – 624 б.

    3. Бикенов М.А. Демократизация политического процесса в Республики Казахстан. – Астана: Акад. Гос. службы, 2003. – 210 с.

    4. Булгакова Д.А. Мемлекет және құқық теориясы. Оқу құралы. Алматы: Заң әдебиеті, 2004. – 106 б.

    5. Даниленко Г.М. Международная защита прав человека: Вводный курс. Учебное пособие. Москва: Юрист, 2000. – с.256.

    6. Дулатбеков Н.О. Мемлекет және құқық негіздері. Оқу құралы. Астана: Фолиант, 2001. – 252 б.

    7 СЕМИНАР. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЕҢБЕК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ



    Сабақтың мақсаты: ҚР еңбек құқығына талдау жасау, студенттердің еңбек заңдылықтары туралы мағлұматтарын бағалау. Студенттердің еңбек құқықтарын жүзеге асыра білуге үйрету.

    Жоспар:

    1. Еңбек құқығына жалпы сипаттама.

    2. ҚР Еңбек заңдылықтары.

    3. ҚР Еңбек құқықтық қатынастар: жалпы ұғымы.

    4. Жеке еңбек шарты.

    Еңбек қүұығының пәні. Еңбек құқығының қайнар көздері. Еңбек құқығының жүйесі. Еңбек құқықтық қатынастар: субъетілері, олардың құқықтары мен міндеттері. Жеке еңбек шарты: отыру тәртібі, шартқа өзгертілер енгізу, толықтыру, тоқтату. Ұжымдық шарт. Еңбек даулары. Еңбек дауларының реттелу тәртібі. Еңбек құқығының қорғалуы.



    Әдебиеттер:

    1. Жампеисов Д.Ә. «Еңбек құқығы және әлеуметтік қамсыздндыру құқығы». Семей, 2008


    2. Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7   8   9




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет