Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі газизова н. С. ҚҰҚЫҚ негіздері оқУ Әдістемелік кешен


ДӘРІС 2 ҚОҒАМДА ҚҰҚЫҚТЫҢ АЛАТЫН ОРНЫ



бет2/9
Дата16.06.2016
өлшемі1.09 Mb.
#139000
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8   9

ДӘРІС 2

ҚОҒАМДА ҚҰҚЫҚТЫҢ АЛАТЫН ОРНЫ

Мақсаты: Студенттерге қоғамдық қатынастарды реттеуде құқықтың алатын ролін ашып түсіндіру. Құқықтың тар және кең мағынасымен таныстыру. Өз құқықтарын жүзеге асыра білуге үйрету.

Жоспар:


1.Құқықтың түсінігі және белгілері.

2.Құқықтың мақсаmы.

3.Құқықтың құндылығы.

4. Құқықтың мәні.

5. Құқықтың объективтік және субъективтік мағынадағы түсінігі. Табиғи құқық. Бұқаралық және жеке құқық.

6. Құқық қоғамдық қатынастарды мемлекеттік реттеуші ретінде.

1. Құқықтың түсінігі және белгілері. Құқық - бұл қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған, мемлекетпен орнықтырылатын­ және қамтамасыз етiлетiн, жалпыға міндетті, формальды анықталған заң нормаларының жүйесі.

Құқықтың белгілері:

1) еріктiлiк сипаты;

2) жалпыға міндеттілiгi;

3) нормативтілiгi;

4) мемлекетпен байланысы;

5) формальды анықталғандығы;

6) жүйелілiгi.



2. Құқықтың мақсаты. Құқықтың қоғамдық жоғары мақсаты қоғамдагы бостандықты нормативтік тәртіпте қамтамасыз етуінен және кепілдеуiнен, әдiлеттiлiктi қалыптастыруынан қоғамдық өмірден қателіктер мен өз бетiмен кетушіліктерді жоя отырып, қоғамдағы экономикалық және рухани факторлардың әрекет етуіне мейлiнше жағдай жасауынан көрініс табады.

3. Құқықтың құндылығы – бұл құқықтың азаматтардың және жалпы қоғамның әлеуметтiк әдiлеттi қажеттіктeрi мен мүдделерiн қамтамасыз ету құралы мен мақсаты peтlндe қызмет ете алу қабiлетi. Құқықтьң әлеуметтiк құндылығының төмендегiдей негiзгi көріністерін атап етуге болады:

1) Құқық адамдардың әрекеттерiне ұйымдастырушылықты, тұрақтылықты үйлесiмдiлiктi дарыта отырып, олардың­ бақылалануын қамтамасыз етедi, Осы арқылы ол қоғамдық қатынастapғa реттеушiлiк элементiн енгiзе отырып, оларды өркениетгi құбылысқа айналдырады;

2) құқық тұлғалардың ерекше мүдделерiн yйлестіpy арқылы олардың жүрiс-тұрысы мен қызметiне әcepiн тигiзедi, яғни, құқық жеке мүдделердi басып-жаншымайды, керiсiнше, оны қоғaмдық мүддемен үйлестiредi;

3) құқық тұлғаның қоғамдаrы бостандығын көpceтуші және анықтаушы болып табылады және осы бостандықтың шегін, шамасын анықтайды;

4) құқық әдiлеттiлiк идеясын көрсету қабiлетiне ие, яғни, құқық материалдық игiлiктердiң дұpыc және әдiлеттi бөлiнуiнiң талап­тарын орнықтырады, барлық азаматтардың заң алдындағы тендi­гiн бекiтедi;

5) құқық қоғамдық дамудың тарихи кезектiлiгiне сәйкес коғам­ның жаңаруының қайнар көзi болып табылады, әcipece, оның құндылығы тоталитарлық режимдердiң құлауы мен жаңа нарық­тық механизмдердiң бекiтiлуi жағдайларында өсе түседi;

6) құқықтық тәсiлдер халықаралық және ұлтаралык сипаттағы мәселелердi шешудiң негiзi және жалғыз құралы болып табылады.

4.Құқықтың мәні өркениеттілік жағдайында қоғамдық қатынастарды реттеуден, нормативтік негізде қоғамның тұрақты ұйымдастырылуына жете отырып, демократияның экономикалық бостандықтың, тұлға бостандығын жүзеге асырылуынан көрінеді.

Құқықтың мәнін қарастыруда екі аспектіні ескерудің маңызы зор: 1) формальдық - кез – келген құқықтың ең алдымен реттеуші екендігі; 2) мазмұндық – осы реттеушінің кімнің мүдделеріне қызмет ететіндігі.

Құқықтың мәнін түсінуде келесі тәсілдерді бөліп атауға болады:


  • Таптық, мұның шегінде құқық экономикалық үстемдік құрушы таптың заңда көрініс тапқан мемлекеттің еркін білдіретін, мемлекетпен кепілденген заң нормаларының жүйесі ретінде анықталады;

  • Жалпыәлеуметтік, мұның шегінде құқық қоғамдағы әртүрлі таптардың, леуметтік топтардың арасындағы келісімнің көрінісі ретінде қарастырылады.

5. Құқықтың объективтік және субъективтік мағынадағы түсінігі. Табиғи құқық. Бұқаралық және жеке құқық. Объективтік құқық – бұл қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған, мемлекетпен орнықтырылатын және қамтамасыз етілетін, жалпыға міндетті, формальды анықталған заң нормаларының жүйесі. . Объективтік құқықбұл нақты бір мемлекеттегі белгілі бір кезеңдегі заңнама, заң әдеттері, заңды прецеденттер және нормативті шарттар. Оның объективтілігі жеке тұлғаның еркі мен санасынан тәуелсіз болып, оның тиесілі болмауынан көрініс табады.

Субъективтік құқық бұл тұлғаның жеке мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған, заңды мүмкін жүріс тұрыстың шамасы. Субъективтік құқықтар ретінде адамның нақты құқықтарын (еңбек етуге, білім алуға т.б.) атауға болады, олардың субъективтілігі тұлғамен байланыстылығынан, оған тиесілігінен және оның сапасы мен еркінен тәуелділігінен көрінеді.

Заңды мағынадағы құқықпен (объективтік және субъектитік құқықтар) өатар табиғи құқық та болады, ол өмір сүруге, бостандыққа және т.б. құқықтарды қамтиды. Табиғи құқықтың қатарына жататын құқықтар бір жерде бекітілген бекітілмегеніне қарамастан өмір сүреді, олар өмірдің өзінен тікелей туындайды.

Табиғи құқыққа қарағанда заңды мағынадағы құқық позитивтік құқық ретінде көрініс табады, яғни олар заңдар мен басқа да қайнар көздерде бекітілген.

Позитивтік құқықтың негізгі сипаттары:

а) оны адамдар немесе қоғамдық құрылымдар, заң шығарушылар, соттар, құқық субъектілері қалыптастырады, яғни, олардың шығармашылығын, мақсатты ерікті қызметінің нәтижесі болып табылады;

б) ол заңдар немесе басқа да қайнар көздер түрінде, яғни, жәй ой, идея түрінде ғана емес, нақты сыртқы көрінісі бар ақиқат ретінде өмір сүреді.

Құқықтың пайда болу кезінен бері және оның дамуы барысында оның бір мезетте әрі қарама қайшы, әрі өзара байланысқан екі жағы анықталды. Бірінші жағы бұқаралық құқықтық жағы, екінші жағы жеке құқықтық жағы.

Бұқаралық құқық бұл мемлекеттік істер саласы, яғни билік пен бағыныстылық қатынастарына негізделген мемлекеттің бұқаралық билік ретіндегі және барлық бұқаралық институттардың құрылымы мен қызметі.

Жеке құқық бұл жеке істер саласы, яғни дербестік, субъектілердің заңды теңдігі бастамаларына негізделген еркін тұлға, институттар мәртебесі.

6.Құқық қоғамдық қатынастарды мемлекеттік реттеуші ретінде. Құқықтың түсінігіне кірген аса маңызды белгілерінің бірі болып оның мемлекетпен тығыз байланысы табылады. Бұл белгі мыналардан көрініс табады:


  • мемлекет құқықты ресми түрде орнықтырып, оның орындалуын мемлекеттік мәжбүрлеу арқылы қамтамасыз етеді;

  • құқық мемлекеттік еріктің нормативтік көрінісі бола тұра, қоғамдық қатынастарды таптық, жалпы әлеуметтік және басқа да мүдделерге сәйкес реттейді.

  • құқық жалпыға міндетті сипатқа ие, бұл оның ерекше әлеуметтік реттеуші, заңды және заңсыз ірекеттерді өлшеуші ретінде көрініс табуына мүмкіндік береді;

  • басқа әлеметтік нормаларға қарағанда құқықтың реттеушілік рөлінің ерекшелігі оның нормаларының өкілдік – міндеттеуші мазмұнымен байланысты.


Талқылау сұрақтары:

1.Құқықтың кең және тар мағынасы қандай?

2.Қоғамдық қатынастарды реттеуде құқықтың алатын рөлі қандай?

3.Заңды немесе заңсыз деген ұғымдарды қалай түсінесіз?

4.Объективті және субъективті құқықтардың арақатынасы қандай?

Ұсынылған әдебиеттер:


  1. Мемлекет және құқық теориясы. Оқулық. Авторлар алқасы: Жоламанов Ж., Таукелов А.Н., Мұхтарова А.К., Алматы, 1998.

  2. Сапарғалиев Ғ. Ибраева А. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы, Жеті Жарғы,1998.

  3. Ашитов З.О.,Ашитов Б.З. Егемен Қазақстанның құқы. Оқу құралы. Алматы: Жеті жарғы, 2000. – 266 б.

  4. Ашитов З.О.,Ашитов Б.З. Қазақстан Республикасының құқық негіздері. Алматы: Жеті жарғы, 2000. - 256 б.

  5. Баққұлов С. Құқық негіздері. Оқулық. Алматы :2004. – 248 б.

  6. Баянов Е. Мемлекет және құқық негіздері. Оқулық. Алматы: Жеті жарғы, 2001. – 624 б.


ДӘРІС 3

КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚ – ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МАНЫЗДЫ ҚҰҚЫҚ САЛАСЫ РЕТІНДЕ
Мақсаты: ҚР-ның Конституциялық құқығының –құқық және ғылым саласы жүйесіндегі алатын орны, ашу,бастауы ретінде қарастырып ұғымды қалыптастыру.

Жоспар:


1.Конституциялық құқық құқық саласы ретінде.

2.Конституциялык құқықтың бастаулары мен жүйесі.

3.Конституциялық құқық ғылым саласы ретінде.
1. Конституциялық құқық құқық саласы ретінде. Конституциялық құқық- Қазақстан республикасы құқық жүйесі салаларының бірі. Ол өзінің ішкі тұтастығымен сипаталатын құқықтық нормалар жүйесін білдіредіжәне басқа құқық жүйесінің номаларынан ерекшеленеді. Ішкі тұтастық конституциялық нормалардағы қоғамдық қатынастардың ерекшеліктерімен белгіленетін, солар арқылы реттелетін жалпы белгілердің болатындығын білдіреді. Конституциялық құқық нормаларымен реттелетін қоғамдық қатыныстароның пәнің құрайды.Конституциялық құқық пәнінің өзіндік ерешеліктері бар. Конституциялық құқық нормаларымен реттелетін қоғамдық қатыныстар мемлекет және қоғам құрылымының негізін құрайды және мемлекеттікбиліктін жүзеге асуымен тікілей байланасты жүргізідеді.

Конституциялық құқық пәнінің түсіндірудың теориялық сондай-ақ практикалық мәні бар. Онсыз конституциялық құқықтың нормалары мен институттарына тән мәнін дұрыс түсінүге болмайды, олардың құқықтық реттеудегі мәні мен рөлін ашып көрсету, құқықтық жүйедегі орнын анықтау мүмкін емес. Конституциялық құқық пәнінің білмейінше оның номаларын қолдану саласын да анықтау мүмкін емес.Өйткені, нақты құқықтық әрекеттерді талдау кезінде, ең алдымен қай саланың нрмасын қолдану қажеттігін анықтап алу керек. Ал ол үшін, реттеудін нысаны болып табылатын қоғамдық қатыныстар сипатын белгілеу қажет.

Конституциялық құқық нормаларымен реттелетін қатыныстар аясы мейлінше кең.Ол мемлекет пен қоғам өмірінің барлық салаларын: саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени және басқа салаларды қамтиды. Әрине конституциялық құқық нормалары аталған салаларды барлық көрінестері бойынша және жан-жақты реттемейді. Ол аталған салаларда тек ең негізгі, базалық қабаттарды ғана реттейді. Бұл қабаттар мемлекет пен қоғамдығы кейін кең дамитын саяси, экономикалық, әлеуметтік, діни байланыстардың негізін қалайды.

Конституциялық құқық тұтас алғанда, құқықттың реттеу әдістердің көмегімен мемлекеттік және қоғамдық қатыныстарды реттейді. Конституциялық- құқықтық қатыныстарды реттеу үшін төмендегідей:1) міндеттеу әдісі; 2) тыйым салу әдісі 3). рұқсат ету әдісі 4) тану әдісі қолданылады. Міндеттеу әдісі; мемлекеттік органға сияқты, жеке тұлғаларға да қатысты, олардың барлық қызмет саласында қолданылады. Қазақстан Республикасы Конституцияның 18- бабында: « Мемлекеттік органдар қоғамдық бірлестіктер, лауазымды адамдар және бұқаралық ақпарат құралары әрбір азаматқа өзінің құқықтары мен мүдделеріне қатысты құжаттармен, шешімдермен және ақпарат көздерімен танысу мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті» деп жазылған. Қазақстан Республикасы Конституцияның 6-бабы бұл әдісті қолданудың тағы бір мысалы болып табылады. Яғни: « Меншік міндет жүктейді, оны пайдалану сонымен қатар қоғам игілігіне де қызмет етуге тиіс». Аталған қағида мемлекеттік меншікке сияқты, жеке меншікке де қатысты.Тиысыншы, конституциялық норма мемлекеттік органдарды да, жеке меншік иелерін де меншікті тек өз мүддесіне ғана емес, сондай-ақ қоғам мүддесіне де пайдалануға міндеттейді.

Конституциялык құқықта тыйым салу әдісі де кең қолданылады. Бұл әдіс, көбіне мемлекеттік органдарға, қоғамдық құрылымдарға қатысты қолданылады. Тыйым салу әдісі азамат-тарға катысты шектеулі жағдайларда ғана колданылады. Қазакстан Республикасы Конституциясынын, 39-бабының 3-тарма-ғында былай делінген: «Саяси себептер бойынша азаматтардык құқыктары мен бостандыктарын кандай да бір түрде іиектеуге жол берілмейді». Конституиия занда каралмаған әскерилендірілген күрамалар кұруға тыйым салады. Қазақстан Республикасының Конституциялық құқы демократияның шынайы көрінісі болып табылатын рүқсат ету әдісін де кең колданады.

Мүндай әдіс қол жағдайда адамның жоне азамаітың мәртебесін белгілеу үшін колданіылады. Мысал ретінде әркімнін,заңмен белгіленгеннен баска ретте, Қазақстан аумағында еркін жүріп-тұруын және тұратын орнын еркін тандауын айтуға болады. Рүқсат ету әдісінің өзіндік ерекшелігі мынада, Конституция белгілі бір аукым, шекке дейін еркін әрекет ету мүмкіндігін бере отырып, субъектінің әрекетін айтарлықтай шектей алады.

Рұқсат ету әдісі мемлекеттік органдардын, өкілеттігін белгілеу кезінде де қолданылады. Айталык, Қазақстан Республикасы Конституциясының 53-бабының 4-тармағына сәйкес Парламент Палаталардың бірлескен отырысында Президентке, оның бастамасы бойынша, әр Палата депутаттары жалпы санының үштен екі даусымен бір жылдан аспайтын мерзімге зан шығару екілеттігін беруге хакылы.

Қазақстан Республикасының конституциялык құкығы құқықтық реттеудің тағы бір әдісін - тану (таны-мау) әдісін де колданады. Кеңестік кезеңнен кейінгі конституциялық құқық женіндегі әдебиеттерде мүндай әдістің қолданылу мүмкіндігі байқалмайды. Оның үстіне бүл әдіс объективті фактордан-адамдардың табиғи құкығын заң түрғысынан танудан туындайды. Мемлекет адамдардың табиғи құқығына рүксат етеді емес, дәлірек айтканда,таниды. Қазақстан Республикасы Конституциясының 12-бабының 2-тармағында былай деп жазылған: "Адам кұқықтары мен бостандыктары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды, заңдар мен езге де нормативтік құқықтық актілердің мазмүны мен қолданылуы осыған карай анықталалды". Құкыктық реттеуді әдіс ретінде тану да конституциялық құқықтың демократиялық және адамгершілік мәнін сипаттайды.



2. Конституциялык құқықтың бастаулары мен жүйесі. Кұқық ғылымында кұқыктың заңдык, бастаулары үғымы қалыптасқан. Бүл орайда кұкыктың бастаулары ретінде кұкык нормалары көрініс беретін нысандар үғынылады. Кұқықтык,нормалар нормативтік құкықтык, актілерде белгіленеді. Қазақстан Республикасы Конституциясында қүкық бастауларын анықтауға катысты біркдтар ерекше белгілер бар. Біріншіден, Конституцияда құқық нысандары (бастаулары) аталады. "Қазақстан Республикасында қолданылатын құқық Конституцияның, соған сай келетін заңдардың, өзге де нормативтік қүкықтық актілердін, халықаралық шарттың және өзге де Республиканың міндеттемелерінің сондай-ак, Республика Конституциялык Кеңесінің және Жоғарғы Соты нормативтік каулыларының нормалары болып табылады" (Казақстан Республикасы Конституциясы 4-бабының 1-тармағы).

Көрсетілген конституциялық кағида құқык бастауларын жалпылай сипаттайды, Конституцияда көрсетілген нормативтік құкықтық актілердің нысандарының бәрі бірдей оның бастаулары болып табылмайды. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығының негізгі кайнар кезі, тұтас алганда, Конституция болып табылады. Мүндай жәйтті боліп айтуымның себебі, ұлттық кұкыкты калыптастырудын қайнар көзі ретінде тек Конституциянын құқықтық нормалары ғана емес, сондай-ақ оның баска да элементтері: принциптері, жалаң кағидалары, міндеттері мен мақсаттары да кызмет етеді. Тарихи фактіні бүлайша сипаттаудын мемлекеттің тек көп үлттық қана емес халыктық сипатын үғынуда да айрыкша мәні бар. Ал бүл идея мемлекеттің барлық көп үлттымемлекеттіңатыпан қызмстетуді, ұлттық белгілері бойынша кемсітілуге және басқаларына жол бермеуді көздейді. Әрине, бұл идсялардын бәрі тиісті зандардың қайнар көзі ретінде қызмет етуі тиіс. Қазақстанды әлеуметтік мемлекет ретінде тануда конституциялык. идеяның бастаулық мәні қызметін атқарады. Бүл кағида Республика аза-маттарын әлеуметтік жағынан қамтамасыз етуге арналған заңдардың негізгі қайнар көзі болуы тиіс, Қазакстан Республнкасы Конституциясы жариялаған мемлекет қызметінін принциптері: коғамдык келісім және саяси тұрақтылық, бүкіл халыктың кажетіне орай экономикалык даму, қазақстандық патриотизм, мемлекет өмірінің мейлінше манызды мәселелерін демократиялық әдістермен шешу казақстандық құқыктын. қайнар көзі қызметін аткарады.

Мемлекет және оның органдары қызметінін негізіне алын-бастан бүрын, ол принциптер әр мемлекеттік органның ерекшеліктері ескеріле отырып, тиісті нормативтік құқыктық актілермен бекітілуі тиіс.

Конституцияның кұкыктық нормалары сала ретінде конституциялык, құқыктың тура және тікелей кайнар көзі болып табылады. Қазакстан Республикасы Конституциясының күкықтық нормалары калайша күқықтын кайыар көзі ретінде сипатталады?

1.Қазақстан Республикасы Конституциясында бүкіл конституциялық заңдардың негізі болыпта болатын құқыктық нормалар орнықтырылады. Басқаша айтканда, Конституцияның құкықтык нормалары конституциялык-кұкыктық катынастарды реттейтін барлық нормативтік кұкыктық актілерді калып-тастыру мен дамытудың негізі болып табылады.

2. Казакстан Республикасы Конституциясының құқыктық нормалары мемлекет пен коғам өмірінің барлык, салаларын: саяси, экономикалык, әлеуметтік, мәдени салаларділ қамтиды. Әрине Конституцияның құқықтык нормалары аталған салалардағы коғамдык қатынастарды егжей-тегжейлі және жан-жақты реттемейді. Ол тек коғамдық қатынастардың мәнді, басты бағыттарын ғана реттейді. Қазақстан Республикасы Конституциясының құкықтық нормалары кұқықтың баска салаларының құқыктык нормаларынан осынысымен ерекшеленеді.

3. Конституциялык кұкыктың басқа бастауларымеи салыстырғанда Қазақстан Республикасы Конституциясынын жоғары заңдық күші бар және Қазақстанның барлық аумағында қолданылады. Қазақстан Республикасында қабылданған заңдар және басқа нормативтік актілер Конституциядаң бастау алуы және оған қайшы келмеуі тиіс. Егер олар Конституцияға қайшы келсе, онда олар заңсыз деп таиылады және қолдануға жатпайды. Қазақстан Республикасының Конституциясында оның қағидаларынын жоғары занлык күшін қамтамасыз етудің кепілдігі белгіленген.

4.Қазакстан Республикасы Конституциясының тек конституциялык құқықтың ғана емес, сондай-ақ құкықтык баска да салаларының бастауы ретіндегі мәні мынада, онда халықтын мемлекеітік еркі, олардың құкықтық демократиялык мемлекет құру, дүниежүзілік қауымдастықка оның тең құқылы мүшесі ретінде косылу жоніндегі табандылығы тікелей корініс тапқан.

5. Конституция құқықтың басқа бастауларындай, сондай-ақ тек мемлекеттің ғана емес, сонымен бірге тұтастай қоғамның да негізгі заңы екендігімен ерекшеленеді. Баска нормативтік құқықтық актілер коғам өмірінің жекелеген тараптарын қамтиды. Ал, Қазақстан Республикасы Конституииясының идеялары, принциптері, құқықтық нормалары бүкіл коғам өмірінің мейлінше мәнді бағыттарын реттейді: жекелеген адамды, азаматты, қоғамдық қызметтің барлық субъектілерін (бірлестіктерді, қозғалыстарды, өзін-өзі баскару органдарын, және баскаларын) қамтиды.

6. Сондай-ақ Конституция конституциялық құқықтың басқа бастауларынан өзгерістер мен толықтырулар қабылдаудың ерекше тәртібін белгілеуімен де ерекшеленеді. Мұндай тәртіп Конституцияның мемлекет пен қоғамның негізгі заңы ретіндегі және олардың тұрақтылығын камтамасыз ету кажеттігімен туындайтын мәнімен сипатталады.

7. Қазақстан Республикасы Конституциясының конституциялық құқықтық қайнар көзі ретіндегі тағы бір өзіндік қыры онда оның басқа қайнарларының нысандары: конституциялық жәй заңдары, Президенттің нормативтік жарлықтары мен қаулылары, Қазақстан Республикасы Үкіметінін қаулылары, сондай-ақ заңдық күшінің деңгейі, қабылдау, жариялау, күшін жою тәртібі көрсетіледі.

Қазақстан Республикасы конституциялық құқының мемлекеттік (республикалық) мәні бар құқықтық нормаларды белгілейтін қайнар көзінің қатарына конституциялық зандар жатады. "Конституциялық заңдар" атауы Қазақстан Республикасы Конституциясына енгізілген. Қазақстанның конституциялық заңдарының өзіндік ерекшелігі - олар Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізбейді, тек Конституцияның құқықтық нормаларын нақтылайды. Қазақстан Республикасының конституциялық заңдарын қабылдаудағы іс жүргізу Конституцияаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешім қабылдаудағы іс жүргізуден осынысымен ерекшеленеді.

Жай заңдар да конституциялық кұқықтын қайнар көзі болып табылады. Жай заңдарды Қазақстан Республикасыиык Парламенті қабылдайды. Қазақстан Республикасы Конституциясында каралған жағдайда жай заңдарды Президент те кабылдай алады. Казақстаннын конституциялық қүқының кайиар көзіне азаматтықтуралы, кеші-қон туралы жоне баска жай заңдар жатады.

Қазақстан Республикасы Мәжілісінің Регламенті, Сенатынын. Регламенті, Парламентінін Регламенті, Парламент Пала-талары күрған үйлестіруші және көмекші органдар туралы ереже конституциялық құқық салаларының кайнар көзі болып табылады.

Қазақстан Республикасы конституциялық құқының қайнар көзіне Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік жарлықтары да жатады. Президенттін нормативтік жарлыктары үш топқа:І) конституциялык, заң күші бар жарлықтарға, 2) жай заң күші бар жарлыктарға, 3) занға сәйкес нормативтік жарлықтарғабөлінеді. Әрине,тәртіп бойынша, Президент өзінің заң шығармашылық қызметін занға сәйкес нормативтік жарлықтар қабылдау жолымен жүзеге асырады. Парламент өзінің заң шығармашылық өкілеттігін Президентке берген жағдайда ол зандық күші бар жарлықтар қабылдауға қүқылы. Заңдық күші бар жарлықтардың заңдық күші Қазақстан Республикасы Парламенті қабылдаған заңдардың заңдык, күшімен тең.

Республикада заң шығаратын орган жүмыс істемеген кезеңде Президент конституциялық-құкықтык нормалардан тұратын конституциялық және жай заңдық күші бар біркатар жарлықтар қабылдады. Олар әлі де күшінде және Қазақстан Республикасы конституциялық құқының қайнар көздері болып табылады. Олардың қатарына Президенттің Парламент және депутаттар туралы, референдум туралы, Президент туралы, Үкімет туралы, Конституциялық Кеңес туралы және баска жарлықтары жатады.

Президенттің нормативтік жарлықтарының бәрі бірдей конституциялық кұкықтың қайнар көзі болып табылмайды. Ондай жарлықтар конституциялық-құқықтық нормалардан тұратын нормативтік жарлықтар.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік құқыктық актілері конституциялық құқыктың, конституциялық - құқыктық нормалардан тұратын сала ретіндегі қайнар көзі болып табылады.

Қазак КСР-ның мемлекеттік егемендігі туралы Декларацияның конституциялық қүқыктың қайнар көзі ретіндегі мәні ерекше зор. Аталған декларация Кеңестер Одағы кезінде кабылданғанымен, ол кейін егемендіктің Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Заңда, 1993 жылғы және 1995 жылғы Конституцияларда жәнс басқа конституциялық актілерде бекітілген принциптерін жариялады.

Казақстан Республикасы таныған халықаралық-құқыктық актілердін нормалары да конституциялық құқыктың қайнар көзіне жатады. Ол адам кұқы, қоғамдық күрылымдар және бас-калар туралы конституциялык мәні бар құқықтық нормалардан тұруы мүмкін.

Саланың кайнар көзіне жергілікті өкілетті органдардын, сондай-ак конституциялық-құқыктык, нормалары (шешімдер, жарғылар, ережелер) бар жергілікті өзін-өзі басқару органдарының нормативтік-құқықтық актілері де жатады. Олардың кеңістіктегі заңдық күші шектеулі және олар жергілікті сипатта болады.

3. Конституциялық құқық ғылым саласы ретінде. Конституциялық құқық құқықтық ғылымнын бір саласы ретінде оқытылады. Ғылым ретінде конституциялык, құқыққа өз пәні, өз бастаулары, оны оқып-үйренуге озіндік бағыт-бағдар тән. Ғылым конституциялық кұқықты кұқыктық ғылымның бір бөлігі ретінде қарастыратындыктаң ол салалық ғылымдардың қатарына жатады. Конституциялыкқұқық ғылымы конституциялық құқықтың қалыптасу, даму, қызмет ету зандылығын зерттеуге бағытталған, конституциялық заңдылыққа сүйенетін негізгі үғымдар мен санаттарды қалыптастырады және конституциялық құқыктың құқыктық ғылым жүйесіндегі орны мен рөлін анықтайды. Конституциялық құқық ғылымы мемлекеттік басқару және мемлекеттік құрылыс нысандарың Қазақстан мемлекеті тетігін (механизмін), мемлекеттік органдардың өзара қарым-қатынасының нысандарын, әдістері мен тәсілдерін зерттейді. Ол конституциялык құқықтың мәнін, нормалары мен институттарының бағыттарын және оны жүзеге асыруға байланысты процестерді зерттейді. Осымдай жүмыстарды жүзеге асырудын нәтижесінде конституциялық-құқықтық қатынастар туады, езгертіледі және тоқтатылады. Сондықтан конституциялық құқық ғылымы конституциялык-құқықтық қатынастардың сипатын және табиғатын, олардын басқа салалық құқықтық қатынастармен салыстырғандағы ерекшеліктерін зерттейді. Конституциялық құқық ғылымы реттелетін қоғамдық қатынастардың конституциялық-қүкыктық нормалар әрекетінің тиімділігін

зерттейді, ондай тиімділік әлсіреген жағдайда оны күшейту үшін үсыныстар жасайды.

Аталған ғылым мәртебесі конституциялық заң арқылы белгіленетін мемлекеттік органдардын қызметін зерттсйді. Сөйтіп, бүл мемлекеттік органдар, әрине, оқшауланған күйде емес, олардын өзара байланысы деңгейінде зерттеледі. Мүнда, сондай-ақ. Конституциялык құқық ғылымы қүқыктык, нормалардың тиімділігін ғана қарастырып қоймайды, сонымен

бірге коғамдық қатынастардын құқықтық реттелу шегін объективті түрде зерттейді. Былайша конституииялық-құқықтық нормалармен реітелуі мүмкін қоғамдық қатынастарды жалпылама анықтауға болғанмен, іс жүзінде олар реттейтін қоғамдық қатынастар шегін белгілеу оңай да емес. Нәтижесінде конституциялық-құқықтық нормалар өз табиғатында құқықтық басқа салаларының нормаларымен реттелуі тиіс қатынастарды қоса барынша кен көлемдегі қатынастарды реттеуі мүмкін немесе, керісінше, айталық, өзінің әлеуметтік мәніне орай солар арқылы реттелуі тиіс қоғамдық қатынастар конституциялық-құқықтық нормалардын назарынан тыс қалдырылуы мүмкін. Ғылым мүндай мәселслердін жауабын іздеп, табуы тиіс.

Конституциялық құқық ғылымы халық екілдігі, ұлттық, халықтық және мемлекеттік егемендік, мемлекеттік басқару мен құрылым, әкімшілік-аймақтық белініс нысандары сияқты кешенді проблемалардын тұжырымдамасын жасайды. Жергілікті өкілетті және жергілікті езін-озі баскару органдары жүйесі де осы ғылым зерттейтін пән. Ғылым сайлау жүйесіне демократияның қайнар кезі ретінде айрықша назар аударады. Аса маңыздылардың қатарына мемлекеттік органдардың үйымдастырылуы мен қызметінің конституциялық принциптері зсрттеу жатады.

Конституциялық құқық ғылымы адам мен азаматтын құқы, шетел азаматтары, конституциялық нормалардың адам құқұының халықаралық құкық нормаларымен өзара байланысы проблемаларын зерттеуге айрықша назар аударуы тиіс. Конституциялық құқық ғылымы оның пәні болып табылатын аталған объектілерді зерітейді. Ол оларды әлеуметтік, тарихи, логикалық және басқа әр түрлі әдістерді қолдана отырып, ғылыми ме-тодологиялық принциптерге сүйене отырып зерттейді. Конституциялық заңдылықты оқып-үйрену, оның әлеуметтік табиғатын, бағытын ашып көрсету, іс жүзінде қолданылуын қарау негізінде ғылым теориялық ережелерді, тұжырымдарды, түжырымдамаларды қалыптастырады. Бұл ережслер тек ғылымның дамуы үшін ғана емес, сонымен бірге зандылықты жетілдіру, мемлекеттік органдардың қызметін жақсарту үшін де маңызды. Конституциялық құқық ғылымы тұтас кұбылыс болғандықтан оның тұжырымдамалары, теориялық ережелері өзара байланыста болып қана қоймайды, сондай-ак, біртұтастығымен ерекшеленуі тиіс. Конституциялық құқық ғылымының бірлігі мен тұтастығы теориялық кешендердің шартты түрдегі дербестігін жоққа шығармайды. Ол дербес зерттелетін мынадай айтарлықтай кешендерден тұрады. Олардың қатарына, мысалы, билікті бөлісу, парламентаризм, президенттік басқару нысандары, сайлау жүйесі, азаматтық, егемендік, мемлекеттіліктін сипаты мен мәні, халық билігі, азаматтық қоғам тұжырымдамасы, саяси плюрализм және басқа теориялар жатады. Осы теориялар мен тұжырымдамалардын қай-қайсысы болсын дербес қалыптасады, бірақ сонымен бірге олар бір-біріне ыкпал етеді.

Ғылым "конституциялық құқық" деп аталғандыктан, оның негізгі бастауы - Конституция болып табылады. Ол Конституцияның негізінде өзінің басты теориялык ережелерін қалыптастырады. Сонымен бірге жинақталып келіп конституциялық заңдылықты құрайтын: конституциялық заңдар, жай заңдар, Президенттің нормативтік жарлықтары, Үкіметгің каулылары, жергілікті өкілетті органдардың шешімдері де конституциялық құқық ғылымының қайнар кездері болып табылады. Бұл — конституциялық құқық ғылымының нормативтік құқықтық қайнарлары. Конституциялық құқық гылымының басқа бір бастауы - конституциялық - құқықтық нормаларды іс жүзінде жүзеге асыру. Нақ іс жүзінде зерттеу ғана конституциялық-кұқықтық нормалардың сыртқы табиғатын ғана емес, сондай-ақ ішкі мәнін, қолданылу ақиқаттығын түсінуге де мүмкіндік береді. Конституциялық-кұқыктық нормаларды нақ осылай кешенді зерттеу ғана ғылыми ілім, тұжырымдамалар, идеялар туғызудың негізі болып табылады. Конституциялық құқық ғылымының келесі бір кайнар кезі — отандық, сондай-ақ шетелдік ғалымдардың конституциялық, құрылыстын философиялық, заңдық, саяси, әлеуметтік және басқа мәселелеріне арналған, осы салаға тікелей немесе жанамалай қатысты еңбектері.

Қазақстанда қазіргі заманғы конституциялық құқық ғылымы тақыр жерде калыптасып отырған жоқ. Біріншіден, кеңестік кезеңде ол Қазақстанда шартты түрде кен дамыды. Алайда, Қазак КСР-ы КСРО-ның құрамында болғандықтан Қазақстанның дербес конституциялық құқық ғылымы болған жоқ. Ол Кеңестер елі конституциялық құқық ғылымынын құрамдас бір белігі болды. Екіншіден, дербес, егеменді Қазакстан Республикасы құрылғаннан кейін мүнда өзінін конституциялық. құқық ғылымы қалыптаса бастады. Қазақстанда аталған ғылымның теориялық бастаулары дербес конституциялық даму мәселелерін қазірдің езінде зерттейтін республика ғалымдарының еңбектері болып табылады. Әрине, Казақстанның конституционал-ғалымдары "кереметтср жасау" туралы ойдан мүлдем аулақ. Қазақстан әлемдік өркениет жетістіктеріне,соның, ішінде конституциялық құқық саласында да игілікке қол жеткізе бастады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет