Қазақстан мемлекеті мен құқығының негіздері: Хрестоматия / Құрастырған Ғ.Сапарғалиев – Алматы: Атамұра, 1996-225бет.
Мемлекет және құқық негіздері / құрастырған Ғ.Сапарғалиев – Алматы: Жеті Жарғы, 2001.-623 б. – Оқулық.
Нәрікбаев М.С. ж.б. Азаматтық құқықтарды сот арқылы қорғау. Защита гражданских прав в суде /М.С.Нәрікбаев, Ю.А.Пономаренко, Б.Ж.Әбдірайымов.- Алматы:Борки, 1998.-184 б.
Төлеуғалиев Ғ. Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы.1 том: Оқулық .-Жеті Жарғы,2001.-191 бет.
Ынтымаков С.А. Азаматтық құқық: Жалпы және Ерекше бөлім:Практикум.-Алматы:ҚазМЗА, 2000-191 б.
№9 Тақырып. Отбасы құқығының негіздері
Мақсат: Студенттің отбасылық құқықтық қатынастарға түсу қабілеттерін қалыптастырып, дамыту
Тапсырма: «Неке және отбасы туралы» ҚР Заңына сүйене отырып орын алған жағдаяттарға жауап беру.
Есеп: Алматы қаласының тұрғындары Валентина мен Василий Дубининдер спирт ішімдіктеріне әуес еді. Олардың 12 жастағы баласы – Саша мектепке бармайтын, себебі ата-анасы одан ақша талап ететін, сондықтан да, ол автокөлік сататын базарда автомобиль жуумен айналысып ақша табуға мәжбүр болады. Ақсай аудандық полициясының учаскелік инспекторлары Саша Дубининді ұсақ бұзақылық жасағаны үшін бірнеше рет ұстаған болатын. Нәтижесінде ақыры Саша Дубининді кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссияның есебіне тіркеуге алады. Дубининдер жанұясында орын алған бұл келеңсіздіктің таяу арада оңалмайтындығына көздері жеткен және бала тәрбиесіне аталған жағдайлардың кері ықпал жасайтындығын ескеріп кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссия сотқа талап-арыз беріп, Дубининдерді ата-ана болу құқығынан айыру туралы іс қозғауды сұрайды. Осы іс сотта қаралған кезде мына жағдайлар, яғни ерлі-зайыпты Дубининдердің екеуінің де созылмалы алкоголизммен ауыратындығы, сондай-ақ баласын үнемі ұрып соғатыны және Сашаның мектепке баруына тыйым салатындығы анықталады.
Сұрақ:
Сот қандай шешім шығаруы керек?
Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссиядан басқа тағы кімдер ерлі-зайыпты Дубининдерді ата-ана болу құқығынан айыру туралы сотқа талап-арыз бере алады?
Осы жағдайда Сашаның ата-анасынан алимент өндіріп алу туралы істі қарауға сот құқылы ма?
Егер ерлі-зайыпты Дубининдер Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмаған жағдайда істің мәні мен сот шешімі өзгере ме?
Есеп: Некені бұзғаннан кейін 5 жыл бойы Нұргүл Мукашева өзінің бұрынғы күйеуінен кәмелетке толмаған қызына алимент төлеуді талап етпейді, себебі ол мұнай компаниясында есепші болып істегендіктен ақшаға аса мұқтаждық көрмейтін. Алайда, 2000 жылы аталған мұнай компаниясы жабылып, Мукашева Н. жұмыссыз қалады. Осы себептерге байланысты Мукашева өзінің бұрынғы күйеуінен қызды асырауға қажетті ақша сомасын ай сайын жіберіп тұруын өтінеді. Мукашев болса, ерікті түрде ақша төлеп тұрудан бас тартады.
Сотқа талап-арыз беретіндігі жайлы зайыбының ескертуіне Мукашев бұрынғы әйелі Нұргүл Мукашеваның талап қою мерзімін өткізіп алғандығына сілтеп, оның ескіруін елеусіз қалдырып, әйелінің талабын орындаудан бас тартады.
Сұрақтар:
Осы қалыптасқан жағдайда қандай әрекеттер жасауы тиіс?
Неке және отбасы туралы Заң бойынша алимент өндіріп алуға талап қою мерзімі қолданыла ма?
Әдебиеттер:
Неке және отбасы туралы. Қазақстан Республикасының Заңы. – Алматы: ЮРИСТ, 2007. – 68б.
Бала құқықтары туралы Конвенция.
ҚР «Бала құқықтары туралы» Заңы.
Баққұлов С. Құқық негіздері. Оқулық. Алматы :2004. – 248 б.
Баянов Е. Мемлекет және құқық негіздері. Оқулық. Алматы: Жеті жарғы, 2001. – 624 б.
№10 Тақырып. Әкімшілік құқық негіздері
Мақсат: Студенттің әкімшілік құқықтық қатынастарға түсу қабілеттерін қалыптастырып, дамыту
Тапсырма: ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Заңына талдау жасау.
Тапсырма нысаны: Кесте түрінде.
Әдебиеттер:
Таранов А.А.Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығы. Академиялық курс. Алматы, «КазГУ Баспа үйі» ЖШС,-2003,-284бет.
Бахрах Д.Н. Административное право.М.:БЕК,»1993.Қазақстан Республикасының Заңы.
«Әкімшілік процедулар туралы»
Таранов А.А. Коментарий к Кодексу об административных правонарушениях, в двух книгах. Алматы. Норма-К.2002.
Венгеров А.Б. Теория государства и права. М.: 1998.
Канаров С.А. Общая теория государства и права. М.: 1997.
Мақсат: Студенттің қылмысты болдырмаудың жолдарын табуға жетелеу.
Тапсырма: ҚР Қылмыстық Кодекске сүйене отырып орын алған жағдаяттардың шешімін табу.
Тапсырма нысаны: Казустық есептерді шығару.
Әдебиеттер:
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі. – Алматы: ЮРИСТ, 2006. – 141б.
Ашитов З.О.,Ашитов Б.З. Егемен Қазақстанның құқы. Оқу құралы. Алматы: Жеті жарғы, 2000. – 266 б.
Ашитов З.О.,Ашитов Б.З. Қазақстан Республикасының құқық негіздері. Алматы: Жеті жарғы, 2000. - 256 б.
Баққұлов С. Құқық негіздері. Оқулық. Алматы :2004. – 248 б.
№12 Тақырып. Экология құқығының негіздері
Мақсат: Студенттің қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін қалыптастыру.
Тапсырма: Қоршаған ортаның ластануынан туындайтын құқықтық салдарға жауап беру.
Тапсырма нысаны: Конспект.
Әдебиеттер:
Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы: Юрист, 2007.
ҚР «Қоршаған ортаны қорғау туралы» Заңы.
ҚР Жер Кодексі.
ҚР Су Кодексі.
ҚР Орман Кодексі.
Байдельдинов Д.Л., Бекишева С.Д. Экологическое право Республики Казахстан. – Алматы, Интерлигал. 2004.
№13 Тақырып. Халықаралық құқық негіздері
Мақсат: Студенттің халықаралық нормативті актілерді білу дағдыларын қалыптастыру.
Тапсырма: ҚР халықаралық жүйеде алатын орны.
Тапсырма нысаны: Шығарма - эссе.
Әдебиеттер:
Адамдарды сатуға және үшінші тұлғалардың жезөкшелікті пайдалануына қарсы күресі туралы конвенция: Қазақстан Республикасының Президентінің 2004ж. 12 қазан № 1460 жарлығымен бекітілген.// ПҮАЖ.- 2004. - № 40. - 3-13б.
О соблюдении прав гражданина в РК в 2003 году: Доклад Комиссиии по правам человека при президенте Республики Казахстан / Юридическая газета. – 2004.-16 апр.
Положение о Комиссиии по правам человека при президенте Республики Казахстан: Утвержден Указом Президента Республики Казахстан от 19 марта 2003г., № 1040 // Казахстанская правда. – 2003. – 21 марта.
Положение об Уполномоченном по правам человека: Утвержден Указом Президента Республики Казахстан от 19 сентября 2002г. № 947 // СААП РК. – 2002. - №30№ - с.59-65
СТУДЕНТТІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫНА ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Құқық негіздері – жоғары заң оқу орындарындағы негізгі пәндердің бірі. Құқықтық білімге баса көңіл бөлу дәстүрге айналдырылған. Бұған еліміздің 2020 жылдарға дейін анықталған құқықтық саясат тұжырымдамасының қабылдануы да дәлел.
Құқықтық мемлекеттің қалыптасуы жағдайында заңи ойлау, пайымдау, жалпы мәдениет пен құқықтық мәдениетті, заңи кәсіпкерліктің деңгейін жоғары көтеру, заңдылық пен әділетке деген сенімдерді нығайту, сезімдерді жаңаша қалыптастыру және оларды тұрақты түрде дамытып отыру істерінің мәні мен маңызы арта түседі. Сонымен, құқықтық ұғым – түсініктер мен санаттардың қалыптасып үлгерген дәстүрлі пайымдауларын жаңаша ұғыну, оларға заман талабынан туындаған мән және мағына беру, түсіндіру қажет болады.
Құқық негіздері пәні бойынша өзіндік жұмыс дәріс және семинар сабақтарынан тыс беріліп отыр. Себебі өздік жұмыс студенттердің терең ойлап, мемлекет және құқық саласында әр түрлі мәселелерді көтеріп қана қоймай, оны шеше алу қабілеттерінің жетілуіне ықпалын тигізеді. Сондықтан өздік жұмысты жүргізудің әр түрлі нысандары таңдалып алынды. Олар: баяндама, реферат, кроссворд, сканворд , ғылыми мақалаларға сарапнама беру т.с.с.
Студенттің өздік жұмысы оқушының өздік жұмысымен салыстырғанда әлдеқайда көш ілгері болуы керек.