Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты» шжқ рмк


Имандылық – ар-ұятты, сенімді медениетті әрекетің көрінісі. Адалдық, инабаттылық, ізеттілік, ізгілік — имандылықтың белгісі. Импульсивтілік



бет50/63
Дата26.09.2022
өлшемі380.66 Kb.
#461380
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   63
aleumettik-sayasi bilimder moduli (madeniettanu)

Имандылық – ар-ұятты, сенімді медениетті әрекетің көрінісі. Адалдық, инабаттылық, ізеттілік, ізгілік — имандылықтың белгісі.
Импульсивтілік – адам мінез-құлқының ерекшелігі (орнықты нысанда мінез қыры); сыртқы ықпалдық әсерінен немесе эмоцияның әсерінен әрекет ету.
Индивид– жекелей табиғи тіршілік иесі. Ноmо sаріеns түрінің өкілі филогенездік және онтогенездік дамудың, туа біткен және жүре біткеннің біртұтастығының өнімі, тән сипатты даралық белгілердің иесі ретіндегі адам; адамзат қауымдастығының жеке бір өкілі; табиғи шектелу шеңберінен асып шыққан, құралдарды, белгілерді пайдаланатын және осылар арқылы өзінің мінез-құлқы мен психикалық процестерді меңгеретін әлеуметтік тіршілік иесі.
Индивидтің өз бетімен дамуы – адамның іс-әрекеттік және басқа да тұлғалық сапаларын оның тұтас мақсатты қызметінің алуан түрлері барысында байыту процесі. Ол түрлі іс-әрекет барысында әлеуметтік тәжірибені игеру мен мәдениетке қол жеткізудің негізі болып табылады.
Индукция– жекеден жалпығы қарай жасалатын ой қорытындысы.
Инженерлік психология – адам мен машина арасындағы ақпараттық өзара әрекеттестік процестері мен құралдарын зерттейтін психология саласы.
Интериоризация – сыртқы әрекеттің ішкі психикалық әрекетке айналу процесі.
Интерио(ре)цепторлар – ішкі мүшелер мен организм ұлпаларындағы жүйкенің аяқталған бөлігі. Интероцепторлар ішкі мүшелер мен жүйкелердің іс-әрекетін рефлекторлы реттеуге және гомеостаздың тұрақтылығын ұстап тұру үшін маңызды роль атқарады.
Интроспекция – тұлғаның өзінің психикалық тәжірибесін зерттеу, ішкі жақты қарау процесі. Адамның өзінің санасының психикалық мазмұнын, ішкі әлемін зерттеу.
Иіс талдағышы – мұрын кеңістігіне әсер ететін иісі бар заттарды талдайтын нейрофизиологиялық жүйе. Иіс талдағышы перифериядан (иіс рецепторларынан), арнайы өткізгіш жолдардан (иіс жүйкелері), ми қыртысындағы жүйке құрылымдарынан тұрады.
Кәрілік психологиясы – қартайған адамға тән психологиялық ерекшеліктердің жиынтығын қарастыратын психология саласы. Кәрілік психологиясына тән нышандарға мыналар жатады: уайымшылдық, мақтаншақтық, өткен өмірінің мәнсіз кезеңдеріне өкіну; жастарды, шуды жақтырмау; тыныштық іздеу, ұйқының азаюынан мазасыз болу; сөздері мен істерін қайталай беруі, белгілі деңгейде пессимизм, түңілу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   63




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет