Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты» шжқ рмк


Джеймстің – Лангенің эмоциялар теориясы



бет47/63
Дата26.09.2022
өлшемі380.66 Kb.
#461380
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   63
aleumettik-sayasi bilimder moduli (madeniettanu)

Джеймстің – Лангенің эмоциялар теориясы – америкалық философ және психолог У. Джеймс пен неміс психологі Г. Лангенің XIX ғасырдың 80-90-жылдарында бір-бірінен бөлек ұсынған теориясы. Бұл теория бойынша эмоциялардың пайда болуы еріксіз қозғалу саласындағы, сондай-ақ, жүрек, қантамыр, секреторлық қызметтің саласындағы өзгерістердің сыртқы әсерлерінен туындайды. Эмоциялық күйініш-сүйініштер осы өзгерістермен байланысты түйсіктердің жиынтығы болып шығады. Джеймстің ойынша, «жылағандықтан мұңданамыз, дірілдегендіктен қорқамыз, күлетіндіктен қуанамыз». Джеймс эмоцияларды перифериялық өзгерістердің кең тобымен байланытырса, Ланге қантамыр-қозғалу жүйесімен – иннервация күйімен және тамырлардың саңылауымен байланыстырды. Осылайша, әдетте, эмоцияның салдары деп қарастырылатын перифериялык, органикалық өзгерістер олардың себебі деп жарияланды.
Динамикалық стереотип – үнемі қайталанып отыратын тітіркендіргіштерге организмнің төселуін, соның нәтижесінде ми қабығында қозу мен тежелу жүйесінің жасалуы.
Дисфазия – мидың зақымдануынан қалыпты сөйлеудің бұзылуы. Синонимі – афазия.
Диффузиялық топ – құндылық-бағдарлылық топтасқандық болмайтын, қатысушыларының қатынастарын ортақтандыра алатын бірлескен іс-әрекеті жоқ қауымдастық.
Егіздік әдіс – біркелкі (гомозиготалық) және әркелкі (гетерозиготалық) егіздердің психологиялық ерекшеліктері мен дамуын салыстыра зерттеу. Егіздік әдіс адамның психологиялық қасиеттері мен мінез-құлық ерекшеліктерінің қалыптасуына тек пен ортаның ықпал деңгейі туралы мәселені ғылыми тұрғыдан шешу мақсатында жүргізіледі.
Елестету, елес – бұрыннан бар тәжірибе негізінде жаңа түсініктер, ойлар мен бейнелер жасауға саятын психикалық процесс. Елестету субъектінің заттық карекетінің құралдары мен нәтижесін ойша құрудан, проблемалық жағдай белгісіз сипатта болғанда іс-әрекет бағдарламасын жасаудан, қарекетті бағдарламай, алмастыратын, тәріздендіретін бейнелер шығарудан, объектінің бейнелерін жасаудан көрінеді.
Еліктеу – басқалардың мінез-құлқын не көшіру процесі. Еліктеу ерікті және еріксіз болуы мүмкін. Адамның өз әрекетін басқаның үлгісімен модельдеуге тырысуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   63




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет