БІЛІM - ОБРАЗОВАНИЕ, ISSN 1607-2790
№3, 2020
9
www
.nao.kz
БІЛІМ БЕРУ САЯСАТЫ / ОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ПОЛИТИКА / EDUCATIONAL POLICY
теңге инвестиция салды. Алайда, күн-
деліктің де көпке шаба алмайтыны
алғашқы күні-ақ байқалды [6].
Әлемнің 167 еліндегі миллиардтан
астам бала қашықтан білім алуға көшті.
Дегенмен, ақпараттық технология
атауын аузына да алып көрмеген, цифр-
ландыру жүйесінің сыйқын да білме-
ген ауылдар әлі де бар екендігі мәлім.
Елді-мекендерге
кең жолақты интер-
нет жеткізу үшін де миллиардтап ақша
бөлінсе де, шалғайдағы 1200-ге жуық
ауылға интернеттің иісі де бармаған.
Оған дәлел, 20 мыңға жуық балаға ХХІ
ғасырда оқу материалдарын почта қыз-
меткерлерінің жеткізуі.
ЖОО-да оқу үдерісін автоматтанды-
ру процесі қарқынды жүзеге асырылып
жатыр. ҚР-ның ЖОО-да студенттер
электронды портал арқылы сабақ кес-
тесін алады, барлық оқу-әдістемелік
кешенді, тестілік және емтихан тапсыр-
маларды табады. Білім беру саласын
цифрландыру үрдісінде белең алып
отырған кемшіліктер де баршылық.
Біріншіден, білім беру ақпараттық жүйе-
лерінің мемлекеттік органдардың
басқа да жүйелермен интеграцияла-
нуы төмен деңгейде.
Екіншіден, білім
беру ұйымдарының жеткілікті түрде
жарақтандырылмауы, интернет желісі-
не қосылу жылдамдығының төмендігі
өзекті проблемаға айналып отыр. Үшін-
шіден, білім беру жүйесін цифрланды-
руды қолдау бойынша бірыңғай опера-
тордың жоқтығы келеңсіздік тудыруда.
Төртіншіден, ақпараттық-коммуника-
циялық технология инфрақұрылымын
қамтамасыз ету үшін бірыңғай техника-
лық талаптардың болмауы, бесіншіден,
кәсіби құзіреттілік деңгейінің төмендігі
кері әсер етуде.
ҚОРЫТЫНДЫ
Болашағымыз – жастарға мемлекет
тарапынан жасалар істер әлі де көп.
Білім алудағы кездесетін техника-
лық жетіспеушіліктер
әлі де еліміздің
цифрландыру технологиясын толық
меңгермегенін білдіреді.
АҚШ-пен салыстырар болсақ, тәуел-
сіздік алғанына 30 жыл болғанда дәл біз
секілді мемлекет бола алды ма?! Біздің
бәсекеге қабілетті мемлекетіміз әлі
талай биіктерді бағындырып, «Цифр-
лы Қазақстан» өз деңгейіне жететініне
үміттенеміз.
ПАЙДАЛАНҒАН ДЕРЕКТЕР ТІЗІМІ:
1. Мемлекет басшысы Жоғары палата Төрағасы Қ.Тоқаевтың «Цифрлық Қа-
зақстан» тапсырмасының орындалуы және көңіл аударылуға тиісті басты мәсе-
лелер туралы сөзінің тұжырымдамасы-2018 ж.
2. Білім және ғылым вице-министрі Рүстем Айдарбекұлы Биғари «Цифрлы Қа-
зақстан» 03. 10.18 ж.
3. Цифрлық сауаттылық артып келеді [Электрондық ресурс]. — Қолжетімдік
тәртібі: http://ult.kz/post/tsifrlyk-sauattylyk- artyp-keledi1
4. Ш.А. Курманбаева, К.А. Тулентаева. «Цифрлы Қазақстан: білім беру саласы
мәселелері», (Қазақ инновациялық уманитарлық заң университеті, С.Ж. Асфендия-
ров атындағы ҚазақҰлттық медицина университеті), 2019 ж.
5. http://zhaikuni.kz/alamtor-zhyldamdy-yny-t-mendigine-bajlanysty-iyndy-tar-
tuyndauy-m-mkin/
6. https://inbusiness.kz/kz/last/memlekettik-granttardyn-kuny-artyp-zhoo-
okytushylarynyn-zhalakysy-osedi