Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы



Дата17.07.2016
өлшемі154.42 Kb.
#205060
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1119 Қаулысы



      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 34-бабына, «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1, 15-2-баптарына және «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2), 3) тармақшаларына, 29-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою» мемлекеттік қызмет стандарты;
      2) «Жетімдерді, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік қамсыздандыруға арналған құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызмет стандарты;
      3) «Жоғары білім алу үшін білім беру гранттарын беруге арналған конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты;
      4) «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантына құжаттар қабылдау және тағайындау» мемлекеттік қызмет стандарты;
      5) «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындауға арналған конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты;
      6) «Білім беру туралы құжаттарды тану және нострификациялау» мемлекеттік қызмет стандарты;
      7) «Жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруге лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
      8) «Діни білім беретін бiлiм беру ұйымдарына лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
      9) «Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама өткізуге арналған құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты;
      10) «Техникалық және кәсiптік бiлiм беру бағдарламалары бойынша бiлiм беру қызметіне лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
      11) «Қазақ тілін білу деңгейін бағалауға (ҚАЗТЕСТ) құжаттарды қабылдау және қатысу» мемлекеттік қызмет стандарты;
      12) «Жоғары білім беретін білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
      13) «Кәсіптік жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқыту үшін жоғары оқу орындарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты;
      14) «Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқыту үшін жоғары оқу орындарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты;
      15) «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында, жоғары оқу орындарында оқитындарға жатақхана беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
      16) «Техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламалары бойынша кадрлар даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты;
      17) «Білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
      18) «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты;
      19) «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты;
      20) «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты;
      21) «Арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін мүмкіндіктері шектеулі балалардың құжаттарын қабылдау және арнайы білім беру ұйымдарына қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты;
      22) «Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты;
      23) «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері тегін тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты;
      24) «Жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін тамақтандыруды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты;
      25) «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта бiлiм беру бағдарламалары бойынша бiлiм беру қызметіне лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
      26) «Аз қамтылған отбасы балаларының қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты;
      27) «Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
      28) «Зейнетақы қорларына, банктерге кәмелетке толмағандардың салымдарына иелік ету үшін, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Жол полициясы комитетінің аумақтық бөлімшелеріне кәмелетке толмаған балаларға мұраны ресімдеу үшін анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
      РҚАО-ның ескертпесі!
      Мемлекеттік тілдегі мәтіні берілмегендіктен стандартты орыс тіліндегі мәтіннен қараңыз (Стандартқа өзгеріс енгізу көзделген - ҚР Үкіметінің 09.07.2013 № 699 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      29) «Кәмелетке толмағандарға меншік құқығында тиесілі мүлікпен мәмілелерді ресімдеу үшін қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдардың анықтамаларын беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
      30) «Қазақстан Республикасының білім, ғылым органдарынан және оқу орындарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік қызмет стандарты;
      31) «Республикалық бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарына білім беру қызметін жүргізуге лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
      32) «Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандарты бекітілсін.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 09.07.2013 № 699 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы 2010 ж., № 44, 401-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімінде:
      «Білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызметтер» деген 6-бөлім жаңа редакцияда жазылсын.
      «6-бөлім. Білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызметтер».

      3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.


      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының


      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 


Үкіметінің     
2012 жылғы 31 тамыздағы
№ 1119 қаулысымен   
бекітілген     

«Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау
және балаларды қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) барлық типтегі және үлгідегі мектепке дейінгі ұйымдар (бұдан әрі – МДҰ) көрсетеді.


      2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
      3. Мемлекеттік қызмет «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабы 4) тармақшасының және 14-бабының 2-тармағы 1) тармақшасының негізінде жүзеге асырылады.
      4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде орналастырылады.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсетуді аяқтау нысаны осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес МДҰ мен заңды өкілдер арасында жасалатын шарт болып табылады.
      6. Мемлекеттік қызмет мектепке дейінгі жастағы балалардың заңды өкілдеріне (бұдан әрі – мемлекеттік қызметті алушы) көрсетіледі.
      7. Мемлекетті қызметті көрсету мерзімдері:
      1) мемлекеттік қызметті алушы осы стандарттың 11-тармағында айқындалған құжаттарды МДҰ-ға тапсыру және басшылардан қажетті кеңес алу сәтінен бастап – кемінде 30 минут уақытты құрайды.
      2) мемлекеттік қызметті алушының өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алғанға дейін күтудің рұқсат берілген ең көп уақыты – 30 минуттан артық емес.
      3) өтініш берген күні сол жерде мемлекеттік қызметті алушыға көрсетілетін мемлекеттік қызметтің рұқсат берілген ең көп уақыты – кемінде 30 минутты құрайды.
      8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
      9. Мемлекеттік қызмет МДҰ-ға өтініш жасаған жағдайда МДҰ басшысы белгілеген заңды өкілдерді қабылдау кестесіне сәйкес екі жұмыс күні ішінде көрсетіледі.
      10. Мемлекеттік қызмет МДҰ ғимаратында, тікелей басшының кабинетінде көрсетіледі.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      11. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушы МДҰ-ға мынадай құжаттарды ұсынуы қажет:


      1) қалалық (аудандық) Білім басқармасы, ауылдық жерде – әкімдік берген жолдама;
      2) баланың денсаулық паспорты;
      3) эпидемиялық ортасы туралы санитарлық-эпидемиологиялық қызметтен анықтама.
      Мектепке дейінгі ұйымдарды бос орындар бар болған жағдайда қабылдау жыл бойы жүргізіледі.
      12. Шарт бланкілерін МДҰ басшысы береді.
      Шарт 2 данада жасалады.
      Бала тіркеуден кейін мемлекеттік қызмет көрсететін МДҰ-да жалпы білім беретін оқу бағдарламаларына, бекітілген сабақ кестесіне сәйкес оқыту және күтілу құқығына ие болады.
      13. Мемлекеттік қызметті алушылар (заңды өкілдер) толтырған шарт МДҰ басшысына тапсырылады (бір данасы МДҰ басшысында ақталады, екіншісі мемлекеттік қызметті алушының (заңды өкілінің) қолында қалады).
      14. Мемлекеттік қызметті алушының мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттарды тапсырғанын растайтын құжат талап етілмейді.
      15. Мемлекеттік қызмет МДҰ-да мемлекеттік қызметті алушының жеке қатысуымен жүзеге асырылады.
      16. Егер осы стандарттың 11-тармағына сәйкес талап етілетін барлық құжаттар ұсынылмаған жағдайда мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылады.

3. Жұмыс қағидаттары

      17. Мектепке дейінгі білім беру ұйымының қызметі мынадай қағидаттарға негізделеді:


      1) мектепке дейінгі білімнің зайырлы, адамгершілік, дамытушылық сипаты, азаматтық және ұлттық құндылықтар, балалардың өмірі мен денсаулығының басымдылығы, тұлғаның еркін дамуы;
      2) адамның конституциялық құқықтары мен еркіндігін құрметтеу;
      3) тәрбиенің, оқыту мен дамытудың бірлігі;
      4) кәсіби этика мен мәдениетті, қызметтік борышты атқару кезіндегі заңдылықты сақтау;
      5) жан-жақты және толық ақпарат ұсыну;
      6) мектепке дейінгі ұйым қызметінің айқындылығы мен басқарудың демократиялық стилі;
      7) сапалы мектепке дейінгі білім алуға баршаның тең құқылығы.

4. Жұмыс нәтижелері

      18. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.


      19. Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік мекеменің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтің сапасы мен тиімділік көрсеткіштерінің мақсатты мәні жыл сайын білім беру саласының жергілікті өкілетті және атқарушы органдардың (бұдан әрі – Уәкілетті орган) бұйрығымен бекітіледі.

5. Шағымдану тәртібі

      20. Уәкілетті орган мемлекеттік қызметті алушыға МДҰ басшысының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіреді.


      21. Мемлекеттік қызметті көрсету сапасымен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметті алушы осы стандарттың 3-қосымашсында мекенжайы көрсетілген тиісті жергілікті атқарушы органның білім бөліміне шағымданады.
      22. Мемлекеттік қызметті алушы шағымды Уәкілетті органға бекітілген жұмыс кестесіне сәйкес береді.
      23. Уәкілетті органның шағымды қарастыру нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметті алушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.
       24. Мемлекеттік қызметті алушы ресми түрде апелляцияға беру немесе шағымдану үшін еркін үлгіде өтініш береді. Өзімен бірге тұлғасын растайтын құжаты болуы тиіс.
      25. Қабылданған шағым білім бөлімінің кіріс ақпараттары журналына тіркеледі және «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында белгіленген мерзімде қарастырылады. Мемлекеттік қызметті алушыға қабылдау мерзімі мен уақыты көрсетілген, қабылдаған қызметкердің аты-жөні жазылған талон беріледі.
      Шағымды қарастыру нәтижесі туралы мемлекеттік қызметті алушыға жазбаша түрде пошта арқылы хабарланады.

«Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына 


құжаттарды қабылдау және балаларды    
қабылдау» мемлекеттік қызмет стандартына
1-қосымша                  

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМ МЕН БАЛАЛАРДЫҢ ЗАҢДЫ ӨКІЛДЕРІНІҢ
АРАСЫНДАҒЫ ҮЛГІ ШАРТ

      ____________қаласы                    "___"___________ 20__ж.



      Бұдан әрі МДҰ деп аталатын № ______________ мектепке дейінгі ұйым ________________________________________________________________
                                    (атауы)
атынан МДҰ Жарғысының негізінде әрекет ететін МДҰ меңгерушісі _____________________________________________________________________
                           (тегі, аты, әкесінің аты)
бір жағынан және бұдан әрі __________________________________________
_____________________________________________________________________
            (баланың тегі, аты, әкесінің аты; туған жылы)
«Ата-анасы» деп аталатын анасы (әкесі, оларды алмастыратын тұлғалар) _____________________________________________________________________
      (анасының, әкесінің, оларды алмастыратын тұлғалардың тегі, аты, әкесінің аты)
      екінші жағынан, төмендегілер туралы осы шартты жасады:
      1. МДҰ міндеті:
      1) ___________________________________________________негізінде
                  (қабылдау туралы құжаттың атауы)
баланы _________________________________ тобына қабылдау;
                    (атауы)
      2) Баланың дене және психикалық денсаулығын нығайтуды және өмірін қорғауды; оның интеллектуалдық, дене және тұлғалық дамуын қамтамасыз ету;
      дамуында ауытқулары бар баланы түзеу (қарапайым, білікті) жұмыстары жүргізу;
      оның шығармашылық қабілеттерін және қызығушылықтарын дамыту;
      баланың даму ерекшеліктерін ескере отырып, жеке тәсілдерді жүзеге асыру;
      баланың эмоционалдық жайлылығына қамқор болу.
      3) Баланы _____________________________________________________
             (бағдарлама атауы; бағдарламаны бекіткен органның атауы)
бағдарламасы бойынша оқыту.
      4) МДҰ-да заттық-дамытушы ортаны (бөлме, құрал-жабдықтар, оқу-көрнекілік құралдар, ойындар, ойыншықтар).ұйымдастыру;
      5) Баланың жас, жеке ерекшеліктеріне, білім беру бағдарламасының мазмұнына сай оның іс-әрекетін ұйымдастыру;
      6) Балаға мектепке дейінгі ұйымда бар қосымша білім беру қызметін көрсету (негізгі білім беру қызметінің шеңберінен тыс); тегін білім беру қызметтері _________________________________________
      (құрылтайшылар, демеушілер қаражаты есебінен төленетін қызмет түрлерінің атауы)
ақылы білім беру қызметі ____________________________________________
                              (ата- аналар төлейтін
_____________________________________________________________________
                        қызмет түрлерінің атауы)
      7) Балаға медициналық қызмет көрсетуді жүзеге асыру: емдік-алдын алу іс-шаралары:
_____________________________________________________________________
                               (нақты атауы)
сауықтыру іс-шаралары:
_____________________________________________________________________
                              (нақты атауы)
санитарлық-гигиеналық іс-шаралар:
_____________________________________________________________________
                                (атауы)
қосымша медициналық қызметтер:
_____________________________________________________________________
                  (тегін, ақылы қызметтердің атауы)
      8) Баланың дұрыс өсуі мен дамуына қажетті дұрыс тамақтанумен қамтамасыз ету:
_____________________________________________________________________
                  (тамақтану түрі, оның ішінде диеталық)
_____________________________________________________________________
                  (күніне қанша рет; тамақтану уақыты)
      9) Баланың МДҰ-ға келу кестесін белгілеу:
_____________________________________________________________________
      (апта күндері, болу уақыты, демалыс, мереке күндері;
_____________________________________________________________________
                        еркін қатысу кестесі)
      10) Баланың ауырған, санаторлық-курорттық емделуі кезінде, карантин болған жағдайда "Ата-анасы" демалыста болғанда және дәлелді себептермен уақытша болмаған жағдайда (ауыруы, іссапарда болуы т.б.), сондай-ақ, жазғы маусымда 2 ай мерзімге дейін, "Ата-анасының " демалыс ұзақтығына қарамастан;
      басқа жағдайларда _____________________________________________
      11) "Ата-анаға" баламен бірге топ ішінде болуға рұқсат беру
(уақыт) _____________________________________________________________
      1.12. Бала мүлкінің сақталуын қамтамасыз ету.
      1.13. "Ата-анаға" баланы тәрбиелеу мен оқытуға; дамуындағы ақауларды түзетуге көмек көрсету
_____________________________________________________________________
      1.14. Баланы келесі жас тобына ауыстыру
_____________________________________________________________________
                              (ауыстыру күні)
      15) Осы шартты орындау.
      2. "Ата-ана" міндеті:
      1) МДҰ Жарғысын және осы шартты орындау.
      2) МДҰ-да баланы күтіп-баққаны үшін ________________________ сома мөлшерінде ақы төлеуді
____________________________________________ мерзімде жүзеге асыру.
      3) Баланы 16-жасқа толмаған (немесе басқа жағдайлар) тұлғаларға сеніп тапсырмай, тәрбиешіге өзі алып келуге және тәрбиешіден алып кетуге тиіс;
      4) Баланы МДҰ-ға ұқыпты күйінде, таза киім мен аяқ киім кигізіп алып келу
_____________________________________________________________________
                        (МДҰ-ның жергілікті; маусымдық;
_____________________________________________________________________
      баланың жас; жеке ерекшеліктеріне сәйкес қойылатын басқа да талаптары).
      5) МДҰ-ға баланың келе алмайтыны; ауырып қалғаны туралы хабарлау.
      6) Баланы тәрбиелеу мен оқытудың барлық бағыттары бойынша МДҰ-мен бірлесіп әрекет ету.
      7) МДҰ-ға жарғылық міндеттерді іске асыру бойынша қолдан келетін көмекті көрсету.
_____________________________________________________________________
            (бала өмірін сақтау; сауықтыру; гигиеналық;
_____________________________________________________________________
            мәдени-эстетикалық; экологиялық тәрбие беру;
_____________________________________________________________________
            отбасы жағдайындағы тузеу жұмысы, басқалары)
      3. МДҰ-ның:
      1) МДҰ-да әрі қарай болуға кедергі болатын бала денсаулығының жай-күйі туралы медициналық қорытынды болған жағдайда баланы МДҰ-дан шығаруға;
      2) "Ата-ананың" өтініші бойынша МДҰ-да баланың күтіп-бағу үшін төлемдердің мерзімін ұзартуға;
      3) Баланы отбасында тәрбиелеу ісін жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуге;
      4) "Ата-ана" өз міндеттерін жүйелі түрде орындамаған жағдайда, "Ата-ананы" алдын ала ______күн бұрын ескертіп, осы шартты бұзуға құқығы бар.
      4. "Ата-ананың":
      1) МДҰ Педагогтер кеңесіне кеңесші дауысы құқығымен қатысуға;
      2) МДҰ-да балалармен жұмысты жақсарту және қосымша қызметтерді ұйымдастыру бойынша ұсыныстар енгізуге;
      3) МДҰ-да балалармен жұмыста қолданылатын білім беру бағдарламаларын таңдауға;
      4) МДҰ-да ұсынылатын қосымша қызметтердің түрлерін таңдауға;
      5) МДҰ-да баланың бейімелу кезеңінде онымен _____ күн; _____ сағат; басқа жағдайларда ________________ бірге болуға;
      6) МДҰ-ға Баланы күтіп-бағу үшін төлемақының мерзімін ұзарту; қосымша қызметтер үшін төлемақы жөнінде белгіленген мерзімінен _____ күн кешіктірмей өтініш білдіруге;
      7) МДҰ жарғысы мен осы шарт міндеттерінің орындалуын талап етуге;
      8) МДҰ меңгерушісі мен педагогтердің топтағы балалармен жүргізілетін жұмыстар туралы есептерін тыңдауға;
      9) Осы шартты бір жақты тәртіппен МДҰ-ны бұл жөнінде алдын ала ____ күн бұрын ескерту арқылы бұзуға құқығы бар.
      5. Шарт қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді және екі жақтың келісімі бойынша мерзімі ұзартылуы, өзгертілуі, толықтырылуы мүмкін.
      6. Шартқа өзгерістер мен толықтырулар қосымша түрінде ресімделеді.
      7. Тараптар міндеттердің тиісті деңгейде орындалуына немесе дұрыс орындалмауына жауапты. _______________________________________
                                   (екі жақтың жауапкершіліктері)
      8. Шарттың қолданылу мерзімі 20___ жылғы ______________________ дейін.
      9. Шарт екі дана жасалған:
      бір данасы МДҰ-да баланың жеке құжатында, екіншісі «Ата-анада» (оны алмастыратын тұлғаларда) сақталады.

      Осы Шартқа қол қойған тараптар:

      Мектепке дейінгі ұйым:      Ата-ана: анасы (әкесі, оны
                                     алмастыратын тұлға) (Т.А.Ә);
      № _______
      Мекен-жайы: _______________  тұрғылықты мекен-жайы:____________
(индекс, қала, аудан, округ, көше, үй)  төлқұжат деректері:__________
                                   жұмыс орны _____________-
Қолы ______________________        Қолы ______________-
Мөр

«Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына 


құжаттарды қабылдау және балаларды    
қабылдау» мемлекеттік қызмет стандартына
2-қосымша                  

Кесте. Сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мәні

Сапаның және тиімділіктің көрсеткіштері

Көрсеткіштің нормативті мәні

Келесі жылдағы көрсеткіштің мақсатты мәні

Есеп беру жылдағы көрсеткіштің ағымдағы мәні

1

2

3

4

1. Уақтылылығы

1.1. Құжаттарды тапсырған күннен бастап белгіленген мерзімде қызмет көрсету жағдайларының %-ы (үлесі)







2. Сапасы

2.1. Қызмет көрсету үдерісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)







3. Қолжетімділік

3.1. Қызмет көрсетудің сапасына және қызмет көрсетудің тәртібі туралы ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)







3.2. Қызмет көрсету туралы ақпаратқа электронды форматта қолжетімді қызметтердің %-ы (үлесі)







4. Шағымдану үдерісі

4.1. Шағымдану тәртібіне қанағантанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)







5. Сыпайылық

5.1. Қызметкерлердің сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың (үлесі) %







«Мектепке дейінгі білім беру
ұйымдарына құжаттарды қабылдау
және балаларды қабылдау»  
мемлекеттік қызмет стандартына
3-қосымша         

Қала (аудан) әкімдіктерінің білім бөлімдері
мемлекеттік мекемелерінің тізімі

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 09.07.2013 № 699 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).




р/с

Бөлімдердің атауы

Орналасқан мекенжайы

Байланыс телефондары

1

2

3

4

Ақтөбе облысы

2.

«Әйтеке би ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Комсомол ауылы, Жүргенов көшесі, 52

8(713 39) 215-35, 216-80


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет