1 Электр тізбек. электр жабдықтарын монтаждау, пайдалану, жөндеу жəне баптауэлектр тізбектерінің электр жабдықтарын монтаждау, пайдалану, жөндеу жəне баптау (1)
3.2 Электр өлшеу аспаптарын тексеру Өлшеу құралдарын салыстырып тексеру аспаптардың қателігін
анықтауды, сондай-ақ өлшеу құралының жай-күйін анықтауға бағытталған
операциялардың тұтас кешенін атайды. Тексеру мақсаты өлшеу құралын
одан əрі пайдалану мүмкіндігін анықтау болып табылады.
Көп жағдайларда қателікті анықтау үлгі көрсеткіштерімен салыстырып
тексеруші аспаптың көрсеткіштерін салыстыру əдісімен жүргізіледі. Барлық
жағдайларда жоғары дəлдік сыныбы бар шаралар, түрлендіргіштер мен
аспаптар дəлдік сыныбы анағұрлым төмен құрылғылар үшін үлгі болып
табылады [16].
Электр өлшеу аспабын тексеру кезіндегі операциялардың кезектілігі:
Сыртқы тексеру екі негізгі мақсаттарды көздейді: аспаптарға
қойылатын талаптарды анықтау жəне өлшеу ақпаратының бұрмалануына
немесе оның істен шығуына əкелуі мүмкін механикалық ақауларды анықтау.
Аспаптардың шкалаларында жазылған шартты белгілер бойынша
оларды пайдалануға қойылатын талаптарды анықтауға болады, мысалы,
оның жұмыс кезіндегі қалыпты жағдайы, номиналды кернеу мен ток,
тізбекке қосылу схемасы. Алынған ақпарат тексеру кезінде пайдаланылады.
Қарау кезінде корпуста жəне аспаптың бет жағында жарықтардың
болуына, штепсельді ажыратқыштар мен контактілі жүйенің жағдайына
назар аударады. Ішіндегі барлық бөлшектер орнына отырғызылуы тиіс,
əйнектің астында бөгде заттар болмауы тиіс. Корректор бағыттаманы шкала
ұзындығының 5%-ға кез келген жаққа жылжытуға, сондай-ақ бағыттаманы
нөлге орнатуға мүмкіндік беруі тиіс.
Егер аспаптармен бірге ауқымды түрлендіргіштер пайдаланылса,
соңғылары да тексерілуі тиіс, олардың дəлдік класы тексерілетін аспаптан
жоғары болуы тиіс.
Жоғарыда көрсетілген ақаулар анықталған кезде аспап одан əрі
пайдалануға жіберілмейді.
Өлшенетін шамамен аспапты сынау. Бұл операция əр түрлі
құрылғылар үшін жеке. Сынау процесінде байланыс жүйесінің жұмысы,
сондай-ақ өлшенетін шаманың өзгеруіне көрсеткіш реакциясы тексеріледі.
Жарық көрсеткіштері бар аспаптарда кернеудің əртүрлі деңгейлерінде
олардың жұмысы тексеріледі. Бағыттамалық немесе жарық көрсеткіштерін
ауыстыру процесінде шкала бойынша күрт секірулер болмауы тиіс.
Секіртпе тəрізді жылжу аспаптың жылжымалы жəне қозғалмайтын
бөліктерінің механикалық байланысын куəландырады. Мұндай ақаулары бар
құрылғыға одан əрі жұмыс істеуге жол берілмейді.