Қазақстан Республикасы білім жəне ғылым министрлігі «Кəсіпқор» холдингі» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Ж. У. Жубандыкова, З. А. Баймаханова


Тораптар мен машиналарды сынау кезіндегі қауіпсіздік



Pdf көрінісі
бет53/84
Дата20.10.2022
өлшемі3.37 Mb.
#463071
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   84
1 Электр тізбек. электр жабдықтарын монтаждау, пайдалану, жөндеу жəне баптауэлектр тізбектерінің электр жабдықтарын монтаждау, пайдалану, жөндеу жəне баптау (1)

3.9 Тораптар мен машиналарды сынау кезіндегі қауіпсіздік 
техникасы қағидалары 
Тораптар мен машиналарды сынау кезінде келесі қауіпсіздік техникасы 
ережелерін сақтау қажет. 
1. Сынақ басталар алдында машинада жазатайым оқиғаларға себеп 
болатын немесе сынақ кезінде машинаның апатқа ұшырауы мүмкін 
белгіленбеген бөлшектер, құрал-саймандар, сүрту шүберектері қалмағанын 
мұқият тексеру қажет. 
2. Түйіннің немесе машинаның жарамдылығына көз жеткізу жəне егер 
іске қосу ешкімге қауіп төндірмесе, сынақтың басталуы туралы сигнал беру 
қажет. 
3. Машинаны тек шебердің рұқсатымен ғана іске қосуға жəне тоқтатуға 
болады. 
4. Сынақты шебер немесе бригадир басқаруы тиіс. Сынақ жүргізуге 
жауапты емес тұлғалардың нұсқауларын орындауға тыйым салынады.
5. Сынаққа қатысы жоқ бөгде адамдардың сынақ стенділері мен 
алаңдарында болуына тыйым салынады. 
6. Машинаны жолда реттеуге жəне майлауға тыйым салынады. 
Машинаны реттеу мен майлауды машинаны іске қосқанға дейін немесе оны 
тоқтатқаннан кейін орындауға болады. 
7. Машиналардың айналмалы бөліктері қоршалуы тиіс. Қоршауларды 
тек машина толық тоқтаған кезде ғана алуға рұқсат етіледі. 
8. Сынау кезінде бекітілген Сынақ бағдарламасын қатаң басшылыққа 
алу керек. 


83 
9. Сынау аяқталғаннан кейін Электржетекті дереу ажырату керек жəне 
содан кейін ғана машинада табылған ақауларды тексеруге жəне жоюға кірісу 
керек [15]. 
Бақылау сұрақтары 
1. Жалпы жинақтауға қандай талаптар қойылады? 
2. Жиналған бұйымға сапаны бақылау жəне сынау тəртібі қандай? 
3. Тораптар мен машиналарды сынау кезінде қауіпсіздік техникасының 
қандай ережелерін сақтау қажет? 
 
3.10 Электр жетегі бар станоктардың электр жабдықтарын сынау 
əдістемесі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   84




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет