55
Өлшеу жəне сынау. Тексеру жүргізуден басқа май ажыратқыштарының
механикалық бөлігінің жай-күйі қосу жəне
ажырату жылдамдығын
(виброграммалар бойынша), қосу кезінде түйіспелердің (жүрістің)
«қысылуы», бір жəне барлық үш фазалар шегінде түйіспелердің тұйықталуы
жəне ажыратылуы, жетектің іске қосылу ең аз кернеуі,
бактардан май
ағуының болмауын тексеру, жедел токтың жоғары, төмен жəне
қалыпты
кернеуі кезінде ажыратқыштардың жұмысын сынау нəтижелері бойынша
анықталады.
Ауа
ажыратқыштарының
механикалық
бөлігінің
жай-күйі:
контактілердің «қысылуын» өлшеумен, контактілердің
жұмыс уақытын
өлшеумен, қосу жəне ажырату операциялары кезінде қысымды "тастауды"
өлшеумен, ажыратқыштың басты түйіспелерінің қозғалу қысымын жəне
ажыратқыштың операциясын аяқтау үшін қысымды өлшеумен; қосу жəне
ажырату электр магниттерінің іске қосылу кернеуін өлшеумен;
ағуға ауа
шығынын тексерумен; жедел токтың жоғары, төмен жəне
қалыпты кернеуі
жағдайында Ажыратқышты сынаумен анықталады.
Жерге тұйықтау құрылғыларының жай-күйі ағу кедергісін, жанасу
кернеуін, жекелеген жалғану орындарының
тұрақты токқа өтпелі
кедергілерін өлшеумен анықталады.
Өлшеу трансформаторларының, жиынтық тарату құрылғысының
(ЖТҚ), реакторлардың қозғалмайтын тораптарының механикалық жай-күйі
сыртқы тексеру нəтижелері бойынша анықталады.
Электромагниттердің
магнит
құбырларының
жəне
олардың
орамаларының жай-күйін анықтаудың жалпы қабылданған тəсілі
токты
немесе бос жүрістің шығынын (XX) өлшеу, сондай-ақ электр қондырғысын
сынау хаттамасына қойылатын талаптар болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: