Жоспарлау,
істеу, тексеру
Бұл үдеріс кішкентай балалар үшін кеңқұлашты жоба аясында
əзірленеді. Əр тапсырманың басында мұғалім сабақтың мақсатын
анықтау үшін балалармен жұмыс жүргізеді. Балалар тапсырмаға
кіріседі жəне одан кейін сабақтың соңында мұғалім өткен материалға
шолу жасау үшін уақыт бөледі. Уақыт өте бұл міндет оқушылардың
өздеріне жүктелуі мүмкін.
Егер де сіз «тұйыққа тірелсеңіз» қорқынышты емес
Оқушылар тапсырманы қиын деп таныған жағдайда, мұғалімнің орын алған оқиғаны
атқару деңгейіне байланысты оқушылардың өзін-өзі бағалауларына дағдылануын
дамытуы маңызды элемент болып табылады. Мұғалімнің айтқаны мұндай оқиғаларда
оңтайлы қатынастың қалыптасуына ықпал етеді жəне жаңа білімді меңгеру үдерісінде
шарасыздығын сезінуге көмектеседі. Оны оқушыларға қалай жеткізетіндігіңізді
ойластырыңыз. Қосымша ретінде, мұғалімдер өткен материалды пайымдау үшін ортақ
сызбаны жетілдіруді қажет етпейтіндігімен қатар жақсартуды қажет ететін
тармақтарды көрсете отырып, өз-өзіне деген сенімділігін дамытуға көмектесетіндігін
анықтайды. Төменде келтірілген сұрақтарды пайдалануға болады.
Əдетте, оларды осы сабақтың нақты мақсаттарымен байланыстыру
қажет:
1. Сіз өзіңіз үшін жаңадан нені білдіңіз?
2. Сізге бəрінен бұрын не ұнады?
3. Сіз үшін не жеңіл болды?
4. Сіз үшін не ауыртпалық тудырды?
5. Сіздің қиыншылықтарыңызды шешуге не көмектесті?
6. Сіз бұрын істей алмайтынды қазір істей аласыз ба?
7. Сізге қай жерінде көмек қажет болды?
8. Бұл тапсырманы басқа топ үшін қалай өзгертер едіңіз?
9. Сізде қандай да бір сұрақ туындады ма?
Топтық
таныстырылым
ды бейне жазу
Бұл оқушыларға өз білімдерін өзіндік пайымдаулар мен
сыныптастарының арасында одан əрі талқылау арқылы
ойластыруға жəне бағалауға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |