Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі «Кəсіпқор» Холдингі коммерциялық емес акционерлік қоғамы



Pdf көрінісі
бет46/85
Дата05.06.2022
өлшемі1.55 Mb.
#458973
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   85
Критериалды бағалау технологиясы

Қысқа тест 
 
Қысқа-тест қатысушылардың нақты білімін, шеберлігін жəне 
дағдысын, яғни қандайда бір материалдың нақты мағлұматтарын 
білетіндігін бағалайды. Бұл тестті:
Берілген дұрыс немесе қате жауаптардың ішінен таңдау арқылы 
орындайды. 
Элективтік тест 
(таңдаулы)
Мұғалім əрбір оқушыға «А, В,С, Д» əріптері бар карточкаларды 
таратып шығады да олардан дұрыс жауаптарын карточкаларын 
көтерулері арқылы білдірсін дейді. Ұстаз міндетті түрде 
оқушыларға ойлануға 20 секунд беруі қажет. Ұстаз 
қатысушылармен жауаптардың əр түрлі нұсқаларын талқылап, 
оларға өздерінің таңдауларын түсіндіріп берулерін ұсынады. 
Олардың жауаптары оқушылардың оқытылған тақырыптың 
түсінгендіктері жəне деңгейлерін байқатады. Соған орай мұғалім 
тақырыпты тағы бір түсіндіру керек пе, əлде жалғастыра беру 
керек пе соны анықтайды. 
Күнделікті өзін-
өзі бағалау 
журналы 
 
Күнделікті өзін-өзі бағалау журналы мұғалім оқушылардың сабақ 
барысында қабылдаған білімін, дағдылары мен шеберліктерін 
бағалауға жəне оларды қандай əдіспен жүзеге асырғандарын 
қадағалау үшін құрылады. Күнделік ұстазға оқушылардың алға 
жылжу деңгейлерін жəне соған сəйкес білімдерін əрі карай 
жетілдіруі үшін жəрдемдеседі. 
Формативті 
сұрау 
 
 
 
Бұл əдіс презентациядан кейін бірден немесе қандайда бір 
сабақтағы тексеруге арналған. Мұғалім «Неге? Қалай? Қайтіп?» 
деген қосымша нақтылау сұрақтарын қояды. 
Олар несімен ұқсас əлде айырмашылығы қандай? 
Мінездемесі қандай______? 
Ондағы негізгі идеясы, тұжырымдамасы қандай? 
Сіз қандай идея немесе қосымша мағлұмат қоса аласыз? 
Сіз қандай қорытынды жасай аласыз? 
Сіз не істеуді ұсынасыз? 
Қандай əдістер мен тəсілдерді қолдануға болады? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   85




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет