63
Қалыптастырушы
бағалау нəтижесі
бойынша бақылау
парағы
Қалыптастырушы бағалау нəтижелеріне талдау жасау білім алушыларда
кездесетін қиыншылықтар туралы ақпарат алуға, оның алдын алу шаралары
туралы шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Мысалы, тексерілген
жұмыстардың нəтижесіне талдау жасау:
- белгілі бір тапсырмалар қиындық тудыратын балалар тобын;
- бөлім, тақырыптар бойынша қиындықтар
туындайтын жеке білім
алушыларды;
- білім алушылар үшін аса күрделі, қиын сұрақтар,
тапсырмалар,
тақырыптарды айқындап береді.
Нəтижелерге талдау жасау мұғалімдердің тəжірибесіне оң əсер етуі
үшін:
- əрекет ету мен шешімді талап ететін нақты, маңызды, тəжірибелік
бағыттағы мəселелерді анықтау;
- орындалған тапсырмалар мен нақты мақсаттарға жету үшін
талдау
жүргізу;
- талдауда дəйектерді, дəлелдерді негізге алу;
- шешімнің сыни нұсқаларын қарастыру, яғни, мəселені
шешудің
жоспарлылығын, баламалылығын (альтернативтілігін), жетістігін, кемшілігін,
жақсы жəне нашар жақтарын талдау;
- мəселені шешу, кемшілікті жою үшін өз тəжірибесін нақты қалай
өзгертуге болатыны туралы іс-əрекеттің толық жоспарын құрастыру;
- талдау нəтижелерін
тіркеуде қысқа, түсінікті стильді ұстану
(күнделік, портфолио, мақала, таныстырылымдар жəне т.б.);
-
ұжымда өз іс-əрекеті нəтижелерімен бөлісу;
-
ұжымға
көмектесу, білім алушылардың қажеттілігіне бағыттай
отырып, сабақтастықты сақтай отырып жүйелі талдау жүргізу ұсынылады.