Өзін-өзі бағалау
Бұл əдісте қатысушылар өздерінің білімдері жайлы мағлұмат
жинайды, оларды талқылап, алға жылжуларына қорытынды
жасайды. Өзін-өзі бағалауды жүргізгендегі міндетті шарттары –
оқушылардың оқытылатын тақырыпты өтер алдында жəне
жұмысты орындар алдында олар барлық жұмысты бағалау
межелерімен (критерий) таныс болулары қажет.
Екі жұлдыз, бір
тілек (бір-бірін
бағалау)
Бұл əдіс оқушылардың шығармашылық жұмыстарын, яғни
шығарма, эсселерін бағалауға қолданылады. Мұғалім, оқушыларға
сыныптастарының жұмыстарын тексеруді ұсынады. Мақсаты -
өзгені бағалау арқылы өзінде жоқты табу немесе өзгенің жетістігі
арқылы өз кемшілігін тауып, оны түзетуге бағыттау.
Кері «ой қозғау» Техникалық объектінің кемшіліктері, қарама-қайшылықтары мен
ақауларын айқындап, оларды жетілдіру қажет болғанда
қолданылады. Тура «ой қозғаудан» айырмашылығы: мұнда сыни
пікірлерге негізгі мəн беріледі, қатысушылар зерттеу объектісінің
олқылықтары мен жетіспеушіліктерін анықтауға тырысып, нақты
техникалық проблеманы шешуге ұмтылады.
Бинго
парақшалары
Балалар түйінді сөздер/фразалар жазылған Бинго парақтарынан
анықтамаларды…..құрастырып оқулары керек.
Ойлан, Жұптас,
Пікірлес
Оқушыларға қандай да болмасын сұрақ, тапсырма берілгеннен
кейін оларды тыңғылықты орындауға бағытталған интербелсенді
тəсіл. Тақтада сұрақ/тапсырма жазылғаннан кейін əрбір оқушы
жекеше өз ойлары мен пікірін берілген уақыт ішінде (2-3 минут)
қағазға түсіреді. Содан кейін оқушы жұбымен жазғанын 3-4 минут
талқылайды, пікірлеседі. Оқытушының екі- үш жұпқа өз
пікірлерін бүкіл аудиторияға жариялауын сұрауына болады.
Бұл тəсілді шағын топтарда ғана емес, сонымен бірге
оқушылардың саны көп лекциялық лектерде (60-100 жəне одан да
көп адамдар) қолдануға тиімді.
|