17
аламыз. Оқушы қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін оқытуды икемдеуде осы
дəлелдер қолданылса, бұндай бағалау қалыптастырушы бағалауға айналады».
«Қалыптастырушы» деген терминді түрліше түсіндіруге болады жəне
əдетте жиі жүзеге асырылып, оқытумен бірге жоспарланатын бағалауды
білдіреді. Бұндай бағалаудың құрамында
оқуға көмектесетіндер деп
анықталған барлық сипаттамалардың болуы міндетті емес. Ол мұғалімге
егжей-тегжейлі түсіндіруді немесе машықтануды қажет ететін салаларды
анықтауға көмектесуде қалыптастырушы болуы мүмкін.
Жоғарыда айтылғанды негізге ала отырып, көптеген авторлар оқу үшін
бағалау немесе қалыптастырушы бағалау 7 əдістен тұрады деп болжам
жасады:
1. Оқушыларға нақты жəне түсінікті тұжырымдалған оқу мақсаттарын
ұсыну;
2. Жақсы/нашар жұмыстарды үлгі ретінде пайдалану жəне модельдеу;
3. Жүйелі кері байланыс жасау;
4. Оқушыларды өзін-өзі бағалауға жəне мақсат қоя білуге үйрету;
5. Бір ретте бір ғана сапа аспектісін немесе
оқу мақсатына арналған
сабақтарды əзірлеу;
6. Оқушыларды мəселені мақсатты түрде қайта қарауға үйрету;
7. Оқушыларды өз бетінше рефлексия жасауға тарту жəне оларға өз
оқуының есебін жүргізіп білімімен бөлісуге мүмкіндік беру.
Бұл модельді де стратегиялардың тек бағалау үдерісімен ғана
байланысты еместігіне қатысты сынға алуға болады. Соған қарамастан, оқушы
жəне сыныптастарымен байланысты екі стратегия (Оқушыларды бір-бірін
оқытатын ресурс ретінде қолдану жəне оқушыларды өз оқуы үшін жауапты
адам ретінде əрекет етуге тарту) оқу үдерісін реттеудегі ықтималдық сəттеріне
ерекше назар аударатын мəселелер деп түсіндіріледі, осылайша төменде
көрсетілген сызбада қалыптастырушы бағалаудың
тұжырымдамалық негізі
ұсынылады.
Қалып
тастыр
ушы
бағала
удың
бес
«негізг
і
стратег
иясы»
Оқушы неге
талпынады
Оқушы қазір қай
сатыда
Мақсатка қалай
жетуге болады
Мұғалім
Оқудан
күтілетін
нəтижені
жəне табыс
критерийле
рін
түсіндіру,
олармен
таныстыру
(хабарлау)
жəне
Оқудың
дəлелдерін алуға
болатын тиімді
пікірталас,
тапсырмалар
мен жаттығу
дайындау
Оқуда алға жылжуға
көмектесетін кері
байланыс ұсыну
Сыныптас
Оқушыларды бір-бірін оқытатын ресурс
ретінде қолдану
Оқушы
Оқушыларды өз оқуы үшін жауапты
адам ретінде əрекет етуге тарту
18
оқушының
түсінуі
(Дереккөз: Лейхи жəне басқалар, 2005)
Суреттегі модельдің құрылымының толық түсініктемесін Уильямның
2007 жылғы жəне 2011 жылғы еңбегінен табуға болады. Осы мəселені тарқату
мақсатында мақаланың қалған бөлігі «Оқудан күтілетін нəтижені жəне табыс
критерийлерін түсіндіру, олармен таныстыру (хабарлау) жəне оқушының
түсінуі» жəне «Оқушыларды өз оқуы үшін жауапты адам ретінде əрекет етуге
тарту» стратегияларына жəне олардың оқушы реттейтін оқумен байланысына
шоғырландырылған.
Достарыңызбен бөлісу: