Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі «Кəсіпқор» Холдингі коммерциялық емес акционерлік қоғамы



Pdf көрінісі
бет14/85
Дата05.06.2022
өлшемі1.55 Mb.
#458973
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   85
Критериалды бағалау технологиясы

 
Мысал: №1 Математика пəні 2 сынып
Берілген тақырып: Санды жəне əріпті өрнектер 
Оқу мақсаты 2.2.1.3 Қосу мен көбейтудің қасиеттерін əріпті теңдік түрінде: a+b=b+a; (a+b)+c=a+(b+c); ab=ba 
көрсету жəне қолдану 
Бағалау критерийі
•Қосу мен көбейтудің орын ауыстырымдылық, терімділік қасиеттерін ажыратады 
• Қосу мен көбейтудің орын ауыстырымдылық, терімділік қасиеттерін əріпті өрнек түрінде жазады 
Тапсырма: 
Cанды өрнектерге сəйкес əріпті өрнектерді тауып, байланыстырып сыз. 
- қосудың ауыстырымдылық қасиетіне байланысты өрнекті анықтайды жəне сəйкестендіреді; 
- қосудың терімділік қасиетіне байланысты өрнекті анықтайды жəне сəйкестендіреді; 
-көбейтудің ауыстырымдылық қасиетіне байланысты өрнекті анықтайды жəне сəйкестендіреді. 
23+17⁼17+23 


20
Осы типтес барлық тақырыпқа байланысты қалыптастырушы 
бағалаутапсырмалары, оқу мақсаттары, критерийлері, дескрипторы дайын 
берілген. Дайын материалды мəн-мағынасына жеткізіп қолдана білу 
мұғалімнің міндеті. Бұл үшін қалыптастырушы бағалау алар алдында 
критериймен таныстыру немесе өздеріне құрғызу қажет. Содан кейін 
тапсырма беріледі. Дескриптормен таныстырылады яғни бала сол тапсырма 
бойынша қандай жұмыстар атқаратынын білу керек. Тағы бір ескертілетін 
жағдай тапсырма белгілі уақытқа беріліп, тапсырма орындау уақытын қатаң 
сақтау қажет. Кейде мұғалімдер оқушылар толығырақ орындасын, ойлансын 
деп уақытты көп береді де соңында талдауға, өзін -өзі бағалауға, кері байланыс 
беруге уақыт жетпей жатады. Бұл үлкен кемшілік. Тапсырма ұсынылу 
барысында оқушылармен келісілген немесе мұғалімнің бекіткен уақытынан 
ауытқымау қажет. Оқушының белгілі уақытта жұмысты аяқтау керектігін 
түсінудің де маңызы зор. Бұл жерде жоғарыда айтылғандай тапсырманы 
орындаудан да маңыздысы өзінің немесе бірлескен жұмыстарының жетістігі 
мен кемшілігінің себеп салдарына талдау жасай білуі, түзетулер енгізуі, бұл 
мақсатқа қай дəрежеде меңгергеніне рефлексия жасау болып табылады. 
Кейбір ҚБ тапсырмасының ерекшелігіне қарай нұсқаулық та қоса 
көрсетіледі. Тапсырма орындау барысында нұсқаулыққа сүйеніп орындау 
əдетін де қалыптастыру керек. Мұндай жұптық жұмысты оқытып, тыңдау 
арқылы тексертіп бір жұп бір жұпты «Екі жұлдыз, бір тілек арқылы бағалатуға 
болады». Қорытындыда «Біздегі кеткен кемшілік мынау екен» деген ойлану 
уақытын ұйымдастырып, жұбында біріне- бірі түсіндіруге бірер минут берген 
тиімді. 
Бұл типтес ҚБ- ны көп жағдайда жеке оқушыларға дербес 
орындалатын тапсырма ретінде таратылып, дескриптормен таныстырылады, 4 
минут уақыт беріледі. Жұмысты тексеру мен бағалау өзін- өзі тексеру 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   85




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет