Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі «Кəсіпқор» Холдингі коммерциялық емес акционерлік қоғамы


 Қалыптастырушы бағалауды жоспарлау жəне ұйымдастыру



Pdf көрінісі
бет13/85
Дата05.06.2022
өлшемі1.55 Mb.
#458973
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   85
Критериалды бағалау технологиясы

2.2. Қалыптастырушы бағалауды жоспарлау жəне ұйымдастыру 
Қалыптастырушы бағалау əр сабақта жəне күнде жүргізіліп тұрады. Бұл 
білім алушылар өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын, қандай бағытта 
даму керек жəне қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтау үшін 
қолданатын мəліметтерді əзірлеу жəне түсіндіру үдерісі болып табылады. Бұл 
ретте мұғалімдер жалғыз бағалаушы тұлға болмайтындығына назар аударады. 
Мұнда оқушылар сыныптастарын жəне өздерін бағалауға тартуы мүмкін жəне 
белсенді түрде бағалауға қатысуы керек. 
Қалыптастырушы бағалау мұғалім мен білім алушылардың арасындағы 
кері байланысты қамтамасыз ететін, оқу жетістігінің дамуына, өсуіне тікелей 
əсер ететін үдеріс болып табылады. Тиімді оқыту мақсатында білім 
алушылардың оқу үдерісіндегі ілгерілеуін, ағымдағы түсінік деңгейін 
қадағалау қажет. Қалыптастырушы бағалаудың міндеттері: оқу мақсаттарын, 
бағалау критерийлерін анықтау, білім алушыларға ұсыну;
- білім алушының қай деңгейге жеткенін дəлелдеуге көмектесетін 
бірлескен оқытуға арналған орта құру;
- білім алушыларды дамытуға жағдай жасайтын сындарлы кері 
байланысты қамтамасыз ету;
- білім алушыларды бірін-бірі бірлесе оқытудың сапалы көзі ретінде 
қатыстыру;
- білім алушыларға өзінің оқуын «құрушылар» ретінде жағдай жасау 
болып табылады. Қалыптастырушы бағалау оқытудың ажырамас бір бөлігі 
болуы тиіс, ол қосымша жаттығу немесе тестілеу жұмысы ретінде 
қарастырылмайды.
Оқу бағдарламасындағы бөлімнің əрқайсысындағы оқу мақсаттары
күтілетін нəтижелері қалыптастырушы бағалаудың тəжірибелік мазмұнын 
анықтайды. 
Сонымен 
бірге 
қалыптастырушы 
бағалау 
үдерісі 
стандартталмайды, яғни əр мұғалім өз бетінше қалыптастырушы бағалауды өз 
тəжірибесі арқылы анықтай алады, оның нəтижесіне қатысты жауапкершілікті 
өз мойнына алады. 
Мұғалімнің іс-əрекетіндегі қалыптастырушы бағалау үдерісі келесі 
кезеңдерді жүзеге асыруды талап етеді:


19
- қалыптастырушы бағалауды ұйымдастыру жəне жоспарлау;
- қалыптастырушы бағалау əдістерін таңдау; 
- қалыптастырушы бағалау нəтижелерін талдау;
- кері байланыс беру. 
Қалыптастырушы бағалау үдерісінде мұғалім оқу бағдарламасындағы 
барлық оқу мақсаттарын қамтуы тиіс. Мұғалімдерге көмек ретінде 
қалыптастырушы бағалаудың тапсырмалар жинағы дайындалған, онда оқу 
мақсаттарына сəйкес бағалау критерийлері, дескрипторларымен бірге 
тапсырмалар үлгілері берілген. 
Мұғалім қалыптастырушы бағалау үдерісінің тиімділігін арттыру үшін 
жинақта берілген тапсырмаларды қолдануына болады. Одан басқа 
мұғалімдерге қалыптастырушы бағалаудың құралдарын өз бетінше 
дайындауға мүмкіндік беріледі. Ол үшін жоспарлау кезеңінде мұғалімге: 
- оқу бағдарламасымен, оқу жоспарымен танысу, оқу мақсаттарына 
талдау жасау;
- оқу бағдарламасына сəйкес оқу мақсаттары негізінде бағалау 
критерийлерін құрастыру;
тапсырма құрастыру кезінде саралау (дифференциялау) тəсілін 
қамтамасыз ету үшін бағалау критерийлерін ойлау дағдыларының 
деңгейлеріне бөлу;
- бағалау критерийлеріне сəйкес тапсырмалар құрастыру;
- əр тапсырмаға оның орындалу кезеңдерін сипаттайтын дескрипторлар 
құрастыру ұсынылады. 
Мұғалім оқу мəнмəтінін, өз білім алушыларының жеке ерекшеліктерін 
ескере отырып, тапсырмаларды іріктеп алады немесе құрастырады. Əр 
тапсырмаға дескрипторлар анықталады. Бағалау кезінде мұғалімнің шешімі 
анық болу үшін тапсырмалардың дескрипторлары дəл, нақты болуы қажет. 
Бұдан басқа дескрипторлар білім алушыға тапсырманы орындаудың қай 
кезеңінде қиындық туғызғанын анықтауға мүмкіндік береді. Бұл білім 
алушылар мен олардың ата-аналарына сындарлы кері байланыс беруге жағдай 
жасайды.[3,9]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   85




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет