Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі «Кəсіпқор» Холдингі коммерциялық емес акционерлік қоғамы



Pdf көрінісі
бет22/85
Дата05.06.2022
өлшемі1.55 Mb.
#458973
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   85
Критериалды бағалау технологиясы

 
Оқушылар не істеуі 
керек 
Пайымдауларды 
қалыптастыруға арналған 
бағдарлар 
Өзін-өзі 
бағалау 
Оқыту 
дəлелдемелерін 
жинау,олардың 
мағыналарын өзінше 
түсіндіру
Жеке мақсат, сыртқы стандарт 
Өзін-өзі 
талдау 
Өз жұмыстарын 
салыстыру 
Мақсат, критерийлер, үлгі, оқу 
үдерісіне қатысушылар 
арасындағы кері байланыс 
Өзін-өзі 
түзету
Өзгерістер мен 
түзетулер енгізу. 
Жаңа мақсаттар қою. 
Мақсат, критерийлер, үлгі, оқу 
үдерісіне қатысушылар 
арасындағы кері байланыс 
Өзін-өзі 
бақылау 
Ағаттықтарды 
жоюдағы немесе 
түзетілген мақсатқа 
қол жеткізудегі алға 
басуды бақылау. 
Мақсат, критерий, үлгі 
Өзіндік 
рефлексия
Жұмыс барысын, 
пікір, тапсырмаға 
қатысты күшті 
бөлуді ойластыру. 
Оқуға құштарлықты көрсететін 
түсініктер 
 
Оқушылар үшін оның жетістіктерін бағалау ақпараты төмендегідей 
элементтерден тұрады: алға қойған мақсаты; берілген жəне қалыптасқан 
межелер (критерий); қазіргі қол жеткізген жетістіктер деңгейінің сипаттамасы; 
алдына қойған мақсаттары мен жеткен жетістіктерінің айырмашылығын 
түсіне білуі. 
Өзін-өзі бағалаудың тиімділігі үшін оқушылардың өз жұмыстары мен 
оның қабілеті қалай бағаланатыны жайлы түсінігі, сын тұрғыдағы көзқарасты 
дамыту дағдысы, əділдікті дамытуы жəне оқушылардың өз мақсаттарына 
зейіндерін шоғырландыруы шарт.
Өзін-өзі бағалау – оқушыны бағалау үдерісінің кейбір немесе 
барлық
аспектілеріне тарту үдерісі болып табылады. Өзін-өзі бағалауда 
оқушылар өздерінің жұмыстары туралы ойланып, жұмысты жақсарту 
жолдарын анықтайды.
Бұл ... 
бұл жай ғана өз жұмысын бағалау 
емес 
бұл жай ғана сыныптасының 
жұмысын бағалау емес 
бұл жоспарлау жүктемесін қабылдау 
емес 
бұл үнемі істеліп тұруға тиісті арнайы 
жұмыс емес 
Бұл ... 
оқушылардың өз жұмыстарын 
қаншалықты жақсы орындағаны жəне 
жұмысты жақсарту үшін не істеу керектігі 
туралы тұжырымдары 
оқушылардың өз оқуы мен ілгерілеуі 
туралы ойлануы 
оқушыларға дербес оқушы болуға 
көмектесу 
əр сабақтың құрамдас бөлімі 


32
Бұл көптеген оқушыларға қиын тиеді, бірақ бұл Сіздің уақытыңыз бен күшіңізді 
үнемдеуге, сонымен қатар үлгерім деңгейін арттыруға көмектесетіні анық 
Оқушылардың өзін -өзі бағалау жəне өзара бағалау дағдыларын дамыту 
сатыларын төмендегі суреттен қарауға болады. 
Өзін-өзі бағалау – бұл тек қана өз жұмысын бағалау ғана емес, сонымен 
қатар туындаған мəселелерді өз бетімен анықтап жəне оның шешу жолдарын 
табу. Төменде көрсетілген кестенің көмегімен қатысушылардың оқылып 
жатқан материалындағы мəселелерді анықтап, оларға талдау жасап, оның 
шешу жолдарын табуға мүмкіндік беріледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   85




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет