135
№ 3 Тарифтік нұсқауда алымдарды қолдану ережелері кӛрсетілген және
анықталған:
• жүкті сақтау үшін;
• жүкті ӛлшеу үшін;
• вагондарды беру және әкету үшін, жолға қарасты локомотивтерінің
маневрлік жұмысы үшін, басқа стансаның сұрауы бойынша локомотивтің жүрген
жолы үшін;
• тиеу-түсіру жұмыстары үшін;
• жүктің жарияланған құндылығы үшін;
• жүкті басқа мекен-жайға ауыстырып жӛнелту үшін;
• жүкті күзету үшін.
Жалақыға аудандық коэффициенттер, вагондарды сақтау, ӛлшеу, беру және
әкету, локомотивтердің маневрлік жұмысы мен жүріс алымдары ставкаларына
қосымша ақы белгіленген стансаларда 1,05-тен 1,75-ке
дейінгі коэффициенттер
қолданылады.
19.8. Теміржол вагондары мен контейнерлерін пайдалану ақысын анықтау
Теміржол вагондары мен контейнерлерінің жүк жӛнелтушілерде, жүк
қабылдаушыларда, жалпы жұрт пайдаланбайтын теміржол тарамдарының
иелерінде тұрған уақыты үшін немесе жүк жӛнелтушілердің, жүк
қабылдаушылардың, жалпы жұрт пайдаланбайтын теміржол тарамдары иелерінің
кінәсынан олардың бос тұрып қалу уақыты үшін вагондар мен контейнерлерді
пайдалану тӛлемдері алынады.
Вагондар мен контейнерлерді пайдаланғаны үшін
тасымалдаушымен есеп
айырысу тәртібі жалпы жұрт пайдаланбайтын жолдарды пайдалану туралы
шартпен, вагондарды беру және әкету туралы шартпен анықталады.
Вагондарды, контейнерлерді пайдаланғаны үшін базалық сағаттық
ставкалар
вагондар, контейнерлер топтары, оларды пайдалану уақыты
аралықтары,
тәуліктік вагон айналымы, контейнер айналымы мӛлшері бойынша
жіктеледі.
Вагондар мен контейнерлерді пайдалану тӛлемдерін анықтау үшін
―тӛленетін пайдалану уақыты‖ есептеп шығарылады.
Вагондар алты топқа бӛлінеді, мысалы, 1-топ – жабық, жайдақ, ашық
вагондар; 2-топ – жентек тасығыштар, автомобиль
тасымалдайтын вагондар,
думпкарлар және т.с.с.
Контейнерлер үш топқа бӛлінеді:
1-топ – брутто массасы 5 т-ға дейінгі;
2-топ – брутто массасы 10 т-дан 24 т-ға дейінгі;
3-топ – брутто массасы 24 т-дан астам.
Тӛленетін пайдалану уақыт аралықтары пайдалану ұзақтығы бойынша 0-ден
12 сағатқа дейін, 13-тен 24 сағатқа дейін және 24 сағаттан жоғары қарай
жіктелген. Осыған орай жүк вагондары мен
контейнерлерді пайдалану
тӛлемдерінің базалық ставкалары да жіктелген (№ 2 Тарифтік нұсқаудағы 1-
қосымшаның 1 және 2-кестелері).
136
Тәуліктік
вагон
(контейнер)
айналымына
қарай
вагондарды
(контейнерлерді) пайдалану тӛлемдерінің базалық ставкаларын жіктеу
коэффициенттері 3 және 4-кестелерде келтірілген.
Вагондарды, контейнерлерді пайдалану тӛлемдері оның базалық ставкасын
тәуліктік вагон (контейнер) айналымын ескеретін коэффициентке және тӛленетін
пайдалану уақытына кӛбейту арқылы анықталады, ол № 2 Тарифтік нұсқаудағы 1-
қосымшаның 5–10-кестелерінде келтірілген.
Жүк
жӛнелтушілердің
(жүк
қабылдаушылардың),
жалпы
жұрт
пайдаланбайтын жолдар иелерінің кінәсынан жалпы жұрт пайдаланатын теміржол
тарамдарында вагондардың тұрып қалуы үшін 9-, 10-кестелер бойынша (тәуліктік
контейнер айналымы 50 контейнерге дейін) тӛлем алынады, ал ӛзінің немесе
жалға алған вагондар үшін – осы тӛлемдердің 50 %-ы есептеледі.
Температуралық режимнің сақталуын қажет
етпейтін рефрижераторлы
вагондар үшін тӛлемдерге 0,8 коэффициенті қолданылады; бригаданың күтіп-
баптауын қажет етпейтін 16 және одан да кӛп осьті транспортерлер үшін – 0,6; 1
және 3-топтың сегіз осьті вагондары үшін – 1,6; брутто массасы 20–25 т
рефрижераторлы контейнерлер үшін – 2,0; брутто массасы 32–40 т
рефрижераторлы контейнерлер үшін – 2,5 коэффициенті қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: