19.2. Тарифтік қашықтықты анықтау
Тарифтік қашықтық дегеніміз – бұл жүк тасымалы үшін кіре ақы
алынатын қашықтық. Ол №1 Тарифтік нұсқау (1-бӛлік, 2.1-тармағы) мен №4
Тарифтік нұсқауға (1-кітап) сәйкес анықталады.
№1 Тарифтік нұсқауда (1-бӛлігі, 2.1-тармағы) мынадай қашықтықтар үшін
кіре ақы алынады деп белгіленген:
• жүк үлкен жылдамдықпен тасымалданатын жағдайда ең қысқа бағыттағы
қашықтық үшін;
• кӛлемді жүктерді тасымалдауда және жүкті траспортермен тасымалдауда
нақты жүріп ӛткен қашықтық үшін;
• бірқатар қауіпті жүктер үшін теміржол тораптарын айналып ӛтуді және
басқа жүктер үшін қызметі шағын және жедел жұмыс, істейтін желілерді айналып
ӛтуді ескеріп тасымалдау қашықтығы үшін.
Тарифтік қашықтықты анықтау үшін мыналарды орындау қажет:
• теміржол стансаларының Алфавиттік тізімінен (№4 Тарифтік нұсқау, 2-
кітап, 1-бӛлік) пойыздың жӛнелу және баратын пукттерін табу. Әрбір пункт
атауының тұсында жолдың атауы, жӛнелу және келу кестесінде беті мен жолы
кӛрсетілген (№4 Тарифтік нұсқау, 1-кітап);
• жӛнелу және баратын пункттерді тапқан соң олардың қай телімде және
қай тораптардың арасында орналасқанын тауып, теміржол сызбасы бойынша
тасымалдау бағытын анықтау керек.
19.3. Жҥктің атауы
Жүк жӛнелтуші тасымалдау құжаттарында ӛз жүгіне жүктердің үйлестірілген
номенклатурасындағы Алфавиттік тізбе атауларының бірін қоюға, ал электрондық жүк
қағазын пайдалануда – АСУЖТ-ға арналған жүк классификаторына сәйкес ат қоюға
тиіс. Егер олар тарифтің деңгейіне әсер ететін болса, онда олардың айырым белгілерін
(қатты немесе сұйық күйде, жаңа піскен немесе кептірілген түрде) кӛрсету қажет.
Мұндай атау Алфавиттік тізбеде немесе классификаторда жоқ болса, жүк тасымалдау
құжаттарында ӛзінің қасиеттері бойынша алфавиттік тізімдегі жүк коды кӛрсетілетін
осы жүктің құжаттарына сай келетін атаумен белгіленуі тиіс.
Алфавиттік тізбеде аталмаған жүктерді былайша бағалайды:
• егер оларды осы позиция үшін белгіленген тарифтік класс бойынша осы
топтың белгілі бір позициясына жатқызуға мүмкін болса;
• егер олар осы топтағы ең жоғары тарифтік класс бойынша белгілі бір
топқа жатқанымен, белгілі бір позицияға жатқызылмайтын болса.
Қауіпті жүктерге жатқызылатын жүк атаулары қауіпті жүктерді тасымалдау
Ережелеріне сәйкес тасымалдау құжаттарында кӛрсетіледі.
133
Достарыңызбен бөлісу: |