Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі М. Тынышбаев атындағы Қазақ кӛлік және коммуникациялар академиясы


-тарау. Жҥк тасымалы, вагондарды, контейнерлерді және теміржол



Pdf көрінісі
бет103/114
Дата15.01.2023
өлшемі5.45 Mb.
#468411
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   114
Ж‰к тасымалдау 1-22

19-тарау. Жҥк тасымалы, вагондарды, контейнерлерді және теміржол 
кӛлігінің инфрақҧрылымын пайдаланғаны ҥшін тӛлемді анықтау 
 
19.1. Баға қою ҧғымы 
Жүк тасымалы үшін және оның барысында теміржол кӛлігінің 
инфрақұрылымы кӛрсететін қызмет үшін тӛлемді, сондай-ақ ӛзге де тиісті 
тӛлемдерді (қосымша алымдар, вагондарды, контейнерлерді пайдалану, жұмыс 
және қызмет кӛрсету ақысы, айыппұл және т.с.с.) анықтау процесі баға қою 
(бағалау) деп аталады. 
Жүк тасымалы тӛлемін анықтаудың жалпы тәртібі №1 Тарифтік нұсқауда 
(1-бӛлім, 2-бӛлім, 2.4-тармағы) баяндалған. 
Жүк қағазының деректері негізінде баға қоюда жӛнелту стансасынан 
баратын стансаға дейінгі тарифтік қашықтықты анықтайды, тасымалданатын 
жүктің жӛнелтілімнің қай түріне жататынын анықтайды, тарифті анықтаудың 
тиісті ережелерін қолданады. Жүктің атауына қарай БТС ЖТ (ЕТСНГ) 2-қосымша 
бойынша позициясы мен тарифтік класын (маршруттық, топтық және вагондық 
жӛнелтілімдердің), ал әмбебап вагондармен тасымалдауда – ең аз салмақ 
нормасын анықтайды. Вагонның, контейнердің түрі, олардың кімге тиесілігіне 
және жүктің атауына қарай осы жӛнелтілім түрінің тарифтік сызба нӛмірін, 
сондай-ақ оларға түзету коэффициенттерін белгілейді. 
№1 Тарифтік нұсқаудың 2-бӛлігінде келтірілген есептеу кестелері бойынша 
тӛлем ақысы анықталады. Термос-вагондарды, вагондық, топтық, маршруттық 
жӛнелтілімдер жалпы паркінің цистерналарын қоса алғанда әмбебап және 
маманданған вагондар тӛлемі инфрақұрылымды, локомотивтерді пайдалану 
ақысы мен жалпы парк вагондарын пайдалану ақысының қосындысы ретінде 
анықталады. Сол сияқты маманданған бос контейнерлерді жалпы парк 
вагондарында вагондық жӛнелтілімдермен, жалпы парк вагондарын ӛз 
локомотивтерімен (жалға алған) тасымалдау тӛлемі жеке анықталады. 
Жӛнелтілімнің барлық түріндегі ӛз (жалға алған) вагондарының, 
рефрижераторлы вагондардың транспортерлер мен габариттен тыс жүктердің 
тӛлемі бірыңғай тӛлем мен түзету коэффициенттерінің кӛбейтіндісі ретінде 
анықталады. 
Тӛлемді анықтаудан кейін қолданыстағы тарифтің кему мӛлшері 
анықталып, ол алынған тӛлемнен шегеріледі. 
Осыдан кейін №1 Тарифтік нұсқаудың 1-бӛлігіндегі 6-қосымшада кӛзделген 
алымдар мен тӛлемдер анықталады. 
Берілетін жеңілдікті шегергеннен кейінгі кіре ақы мӛлшеріне заң бойынша 
кӛзделген салық (қосылған бағаға қосымша салық) есептеледі. 


132 
Баға қоюға қатысты барлық деректер тасымалдау құжаттарына, РС-97 үлгісіндегі 
кӛлік қызметі үшін алынатын түрлі алымдар квитанциясына, шот-фактураларға, сату 
кітабына және басқа есеп айырысу-касса құжаттарына жазылады. 
Қазіргі кезде баға қою операциялары толығымен автоматтандырылған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   114




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет