38
Жүк ауданының бастығы жалпы жұрт пайдаланатын орындардағы жүк
тиеу жұмыстары жоспарының орындалуын қамтамасыз етеді, вагондардың жүк
тиеу-түсіру орындарына дер кезінде берілуі мен әкетілуін, тиеу-түсіру
жұмыстарының орындалуын ұйымдастырады.
Жүк диспетчері кірме жолдардағы жүк тиеу-түсіру
жұмыстары
жоспарының орындалуын қамтамасыз етеді. Негізгі коммерциялық және жүк
операцияларын орындау 3–6-разрядты жүк қабылдап-тапсырушыларға, 4–8-
разрядты тауар кассирлеріне, 1, 2-санатты, аға тауар кассирлеріне, 3–5-разрядты
коммерциялық агенттерге және т.с.с. жүктеледі. Олардың жүк және
коммерциялық операциялар үшін ашық нақты стансадағы саны Теміржол
стансаларында жүкті қабылдап-тапсырушылар мен
пойыздарды қабылдаушылар
санының нормативтері мен Стансалардың тауар кеңселеріндегі қызметкерлер
санының нормативтері негізінде белгіленеді.
Достарыңызбен бөлісу: