III БӚЛІМ. ТАСЫМАЛДАУДЫ ЖОСПАРЛАУ
ЖӘНЕ МАРШРУТ БЕЛГІЛЕУ
9-тарау. Жҥк тасымалдауды жоспарлау
9.1. Нарық жағдайында жҥк тасымалдауды жоспарлау ерекшеліктері
Басқарудың экономикалық әдістеріне кӛшуге байланысты жоспарлау
әдістері мен қағидаттары сапалы ӛзгеріске ұшырады. Олар ӛздерінің ӛктемдік ету
мазмұнынан айрылып, теміржол кӛлігіндегі ӛндірістік үрдістерге ықпал етудің
маңызды экономикалық тұтқасына айналды. Қазіргі жағдайда жоспарлау
теміржол кӛлігінің жылжымалы құрамы мен басқа да техникалық құралдарын
тиімді пайдалануға, теміржол кӛлігі кәсіпорындарының жұмыс істеу тиімділігін
тӛмендетуге әкеп соқтыратын жаңсақ іс-әрекеттерді болдырмауға бағытталған.
Жүк жӛнелтушілер мен жүк қабылдаушылардың жүк тасымалдау жӛніндегі нақты
мұқтаждықтарын, сондай-ақ теміржол кӛлігінің техникалық және технологиялық
мүмкіндіктерін барынша ескеру үшін жүк тасымалдауды жоспарлау жүйесіне
түзетулер енгізу қажет болды.
Жарғыда жүк жӛнелтушілер мен қабылдаушылар арасындағы нарықтық
ӛзара қарым-қатынас ерекшеліктері және жүк тасымалдау мұқтаждықтарын тез
қанағаттандыру жолдары ескерілген. Жүк жӛнелтуші (тапсырыс беруші) мен
тасымалдаушы (атқарушы) арасында тасымалдауды ұйымдастыру жӛнінде шарт
жасалады, онда тасымалданатын жүк кӛлемі, кӛлік құралдарын беру және жүкті
тасымалдауға әкелу мерзімдері мен жағдайлары, есеп айырысу тәртібі, шарттың
орындалуына байланысты ӛзара міндеттемелер кӛрсетіледі.
Жүк жӛнелтушілермен ұзақ мерзімді жауапты шарттарға кӛшу теміржол
қызметі мен оның даму стратегиясына болжам жасауға негіз болды.
Қойылатын талаптарға сәйкес жүк тасымалдауды жоспарлау жүйесі де
ӛзгерді. Жүк жӛнелтушілердің ӛтінімдері бойынша кӛлік құралдары оларға
қолайлы уақытта берілетін болды. Бұл міндетті шешу үшін жүк жӛнелтушілердің
ӛтінім беруінің жаңа қысқартылған мерзімі белгіленді. Жүк тасымалдауға ӛтінім
берудің Жарғыда бекітілген ең аз мерзімі жүк жӛнелтушілерден тасымалдаудың
шарттары мен қатысушылары туралы егжей-тегжейлі ақпарат алуды талап етеді.
Мұның әсіресе жүк экспортқа жӛнелтілерде немесе кӛліктің бірнеше түрі
пайдаланылатын тікелей аралас қатынаста маңызы зор.
Жүк тасымалдау ӛтінімдерін қабылдау тәртібі Теміржол кӛлігінде жүк
тасымалдау ӛтінімдерін қабылдау ережелерінде белгіленген.
Достарыңызбен бөлісу: |