Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі М. Тынышбаев атындағы Қазақ кӛлік және коммуникациялар академиясы


 Вагондардың жҥк тиеуге жарамдылық белгілері



Pdf көрінісі
бет46/114
Дата15.01.2023
өлшемі5.45 Mb.
#468411
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   114
Ж‰к тасымалдау 1-22

8.2. Вагондардың жҥк тиеуге жарамдылық белгілері 
Жүк тасымалдаушы жүк тиеу үшін ақаусыз, іші-сырты тазартылған, қажетті 
жағдайда жуылып, дезинфекцияланған, нақты жүк түрін тасымалдауға жарамды 
вагондар мен контейнрлерді ұсынуға міндетті. Бұл талаптар вагон, контейнер 
ішіндегі ӛнімнің жақсы сақталуын, жүріс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге 
бағытталған. Вагондардың ақаусыздығы туралы сӛз болғанда, ең алдымен
олардың Темір жолдардағы техникалық пайдалану ережелерінің талаптарына сай 


62 
келетін техникалық тұрғыдан жарамдылығы кӛзделеді. Вагондардың тазартылу 
дәрежесі Вагондарды тазарту және жуу ережелерінде кӛрсетілген талаптарға сай 
болуы тиіс. Вагондардың техникалық тұрғыдан жарамдылық белгілері мынадай 
болуы қажет:
• вагонның негізгі тораптары мен детальдарының Техникалық пайдалану 
ережелеріне сай болуы; 
• автотіркеу құрылғысының ақаусыз болуы; 
• тежеу жабдықтарының ақаусыздығы;
• тасымалданатын жүктің сақталуын қамтамасыз ететін кузовтың бүтіндігі; 
• ӛтпелі алаңдардың, ілме баспалдақтардың, тұтқалардың жарамдылығы. 
Коммерциялық тұрғыдан алғанда, вагондар мен контейнерлердің 
жарамдылық белгілері мынадай болуы тиіс:
• вагондар мен контейнерлердің нақты жүкті тасымалдауға жарамды жүк 
бӛліктерінің күйі, вагонның тазартылу сапасы; 
• олардың ішінде ӛнімді бүлдіретін бӛгде иістің болмауы;
• тиеу-түсіру және тасымалдау кезінде жүктің сапасына әсер ететін басқа да 
қолайсыз факторлардың (май дақтары, кӛзге кӛрінетін саңылаулар, тесіктер
шегелер, болттар) болмауы; 
• ашық вагондарда тиеу қапсырмаларының болуы; 
• бекіту-пломбылау құрылғыларын орнату үшін бекіту құрылғыларының 
ақаусыз болуы; 
• жабық вагон кузовының сыртында жауып-бітеу жамауларының болмауы; 
• цистерна қазаны мен вагон кузовының ластанбауы; 
• бүйір және есік люктерінің жақсы жабылуы, тӛбе люктерінің дұрыс 
пісірілуі; 
• ашық вагондардың тӛменгі түсіру люктеріндегі бүйір есіктері мен 
қақпақтарының тығыз және сенімді жабылуы, олардың әрқайсысы бекіту 
механизмінің екі бекіткішімен жабылуы тиіс (саңылауы кемінде 5 мм); 
• ашық вагондардың тӛменгі және бүйірлік түсіру люктеріндегі 
қақпақтардың майыспауы. 
Коммерциялық тұрғыдан алғанда, вагондардың жарамдылығын жүкті 
жӛнелтушілер (жүкті солар тиейтін жағдайда) немесе теміржол қызметі (жүкті 
солар тиейтін болса); контейнерлердің жарамдылығын – жүкті жӛнелтушілер 
анықтайды. Жүкті жӛнелтушілер нақты жүк түрін тасымалдауға жарамсыз 
вагондар мен контейнерлерден бас тартуға құқылы (Жарғының 20-бабы). Жүк 
тасымалдаушы мұндай жағдайда жарамсыз вагондар мен контейнерлердің орнына 
осындай жүкті тасымалдауға жарамды түрлерін беруге міндетті. Ӛзінің осындай 
құқығын жүзеге асырмаған жүкті жӛнелтуші жүк тиеуге қабылданған вагонның, 
контейнердің ақаулығынан туындаған жүктің бүлінуі үшін жауаптылықтан 
босатылмайды. Жүк тасымалдаушы кірме жолға қосарланған операция тәртібімен 
жүк тиелген вагондар берілгенде олардың нақты жүк түрлерін тиеуге техникалық 
жарамдылығын анықтайды. 


63 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   114




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет