Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі М. Тынышбаев атындағы Қазақ кӛлік және коммуникациялар академиясы


 Қатынас тҥрлері және жҥк тасымалының жіктелуі



Pdf көрінісі
бет6/114
Дата15.01.2023
өлшемі5.45 Mb.
#468411
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   114
Ж‰к тасымалдау 1-22

1.5. Қатынас тҥрлері және жҥк тасымалының жіктелуі 
Кӛліктің түрлеріне қарай теміржол кӛлігімен жүк тасымалдау тікелей 
теміржол қатынасымен, тікелей аралас қатынаспен және жекелей аралас 
қатынаспен (екі және одан кӛп кӛлік түрлері қатысады) тасымалданатын жүктерге 
бӛлінеді. 
Тікелей аралас қатынаста жүк тасымалдауды оның бүкіл жүріс жолына 
толтырылатын бір ғана кӛлік құжатымен бірнеше кӛлік түрлері жүзеге асырады. 
Жекелей аралас қатынаста жүк тасымалдауды әрбір кӛлік түріне жекелей 
толтырылатын тасымалдау құжатымен бірнеше кӛлік түрлері атқарады. 
Сонымен қатар, жүк теміржол кӛлігінің қатысуымен екі және одан да кӛп 
елдер арасында, оның ішінде ҚР аумағы арқылы транзитпен халықаралық 
қатынаста тасымалдануы мүмкін. Мұндай қатынас тікелей қатынас болуы мүмкін, 
яғни жүктің бүкіл жүрісі бойына бір ғана кӛлік құжаты толтырылады және 
жекелей қатынас болуы мүмкін, яғни әрбір елдің аумағында жүк тасымалдау 
дербес тасымалдау шарты бойынша, демек, бірнеше кӛлік құжаттарын толтыру 
арқылы жүргізіледі. Бұған қоса, арнайы және әскери теміржол тасымалы да 
қолданылады. 
Арнайы теміржол тасымалы аса маңызды мемлекеттік және қорғаныс 
мұқтаждықтарын қанағаттандыруға, сондай-ақ сотталған және қамауда отырған 
адамдарды тасымалдауға арналған. 
Әскери теміржол тасымалы әскери бӛлімдер мен бӛлімшелерді, әскери 
жүктерді, әскери командалар мен әскери қызметін, ішкі істер органдарындағы, 
қылмыстық-атқару органдарындағы қызметін ӛтеп жүрген жеке адамдарды, 
ұлттық қауіпсіздік комитеті органдарының қызметкелерін тасымалдауға арналған. 



Соңғы жылдары жүк тиелген ауыр салмақты автомобильдер мен жартылай 
тіркемелерді арнайы платформалармен жеткізуге маманданған құрастырылған 
(контейнерлік) тасымал жедел дами бастады. 
Қазіргі кезде жүкті тасымалдау жылдамдығы артып келеді. Жүк тасымалдау 
жылдамдығын оны жӛнелтуші таңдап, теміржол кӛлігінің жүк қағазында атап 
кӛрсетеді. Теміржол кӛлігінің бір жүк қағазында кӛрсетілетін жүктің мӛлшеріне 
қарай тасымалдау вагондармен, контейнерлермен, ұсақ, топталған күйінде және 
маршруттар бойынша жүргізіледі. 
Вагондық жӛнелтілім дегеніміз оны тасымалдау үшін жеке вагон қажет 
болатын әрі теміржол кӛлігінің бір жүк қағазы толтырылатын жүк. 
Контейнерлік жӛнелтілім дегеніміз оны тасымалдау үшін бір контейнер 
қажет болатын, әрі бір жүк қағазы толтырылатын жүк. 
Ұсақ жӛнелтілім дегеніміз оны тасымалдау үшін жеке вагон немесе 
контейнер қажет болмайтын, әрі бір жүк қағазы толтырылатын жүк. 
Топтық жӛнелтілім дегеніміз оны тасымалдау үшін бірден артық вагон 
қажет болатын, әрі бір жүк қағазы толтырылатын, бірақ маршруттық 
жӛнелтілімнен кіші кӛлемдегі жүк. 
Маршруттық жӛнелтілім дегеніміз оны тасымалдау үшін массасына немесе 
ұзындығына қарай жӛнелтілетін маршруттарға белгіленген нормаларға сай келетін 
мӛлшерде вагон бӛлу қажет болатын, әрі бір жүк қағазы толтырылатын жүк. 
Вагондық құрама жӛнелтілім дегеніміз бір жүк қағазымен бір жүк 
қабылдаушының атына толтырылатын әр түрлі атаулы жүк. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   114




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет