6
Тасымалдау ұдайы қайталанып отыратын мынадай операцияларды
атқарудан тұрады: жүкті жӛнелтуге қабылдау, вагондарды жүк тиеуге беруге
байланысты маневрлер, вагондарға жүк тиеу,
оларды әкету маневрлері,
пойыздарды құрастыру және оларды жӛнелтуге дайындау, пойыздардың баратын
стансасына дейінгі жүрісі, пойыз құрамдарын жол бойында сұрыптау және
құрастыру, баратын стансасында тарату, вагондарды жүк түсіретін орындарға
беру маневрлері, жүк түсіру және оны қабылдаушыға тапсыру және т.с.с.
Тасымалдау жұмысы аталған операциялар жӛніндегі
мағлұматтарды беру,
қабылдау және ӛңдеу арқылы жүзеге асырылады. Аралас тасымалдау кезінде жүк
кӛліктің бір түрінен екінші түріне ауыстырып тиеледі.
Тасымалдаудың барлық операциялары кӛлік құралдарын мейлінше жақсы,
әрі аз шығын жұмсай отырып, барынша ұтымды пайдалану арқылы орындалуы
тиіс. Қазіргі жағдайда мұны тасымалдауды жоғарыдан тӛменге дейін басқарудың
бірлігін қамтамасыз ету арқылы және бӛлімшелер мен теміржолдың шекаралық
түйістерінде уақыт шығынын болдырмайтын толассыз
желілік технологиялық
қолдану жолымен жүзеге асыруға болады.
Басқару технологиясы ―дәлме-дәл мерзімінде‖ және ―есіктен есікке дейін‖
деп аталатын қағидаға сүйенеді, ол нақты жүк ағындарына, жүк жӛнелтушілер
мен жүк қабылдаушыларға арналған пойыздар жүрісінің қатаң графигін
пайдаланады.
Достарыңызбен бөлісу: