Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі М. Тынышбаев атындағы Қазақ кӛлік және коммуникациялар академиясы


 Жҥк тасымалдау және коммерциялық жҧмысты дамыту мен



Pdf көрінісі
бет7/114
Дата15.01.2023
өлшемі5.45 Mb.
#468411
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   114
Ж‰к тасымалдау 1-22

1.6. Жҥк тасымалдау және коммерциялық жҧмысты дамыту мен 
жетілдірудің негізгі бағыттары 
Тасымалдау шығындарын барынша азайту, ресурстарды сақтау, 
экологиялық қауіпсіздік және кӛлікке қызмет кӛрсету жүк тасымалын дамыту мен 
жетілдірудің негізін құрайды. Олар кӛлік логистикасының негізінде және ЭЕМ 
құралдарын қолдану арқылы жасалған. 
Тасымалдаудың бірыңғай жаңа моделі оны жедел басқарудың қолданылып 
жүрген автоматтандырылған жүйесін алмастырады. Осы заманғы қаржы-есеп 
айырысу және ақпараттық технологиялар негізінде жүк тасымалдау шартын 
жүзеге асыруда жүк тасымалы үшін автоматтандырылған есеп айырысу жүйесі 
тасымалдауға қатысатын барлық мүшелер арасында ақпараттық-технологиялық 
ӛзара әрекеттесуді қамтамасыз етеді. Контейнерлермен тасымалдауды 
басқарудың жаңа автоматтандырылған жүйесі контейнерлер пунктері мен жүк 
стансаларына ақпараттық қызмет кӛрсетуді қамтамасыз етуі, контейнерлерді 
бақылауды және пайдалануды жақсартуы тиіс. Тасымалдау құжаттарын 
орталықтандырылған дайындау және ресімдеу жүйесі ―ЭРТРАН‖ жүк тасымалын 
ресімдеуге және басқа есеп беру құжаттарын жүргізуге жаңаша қарауға мүмкіндік 
береді. 
Жүк тасымалдау және коммерциялық жұмысты дамыту мен жетілдірудің 
негізгі бағыттары мынадай: 


10 
• жүкті ―есіктен есікке дейін‖, ―толассыз жӛнелту‖, мультимодальдық, 
транзиттік, интермодальдық жеткізу технологияларын қоса алғанда, жоғары 
сапалы кӛлік қызметін кӛрсетуге бағдарланған тасымалдау технологиясын енгізу; 
• ішкі және халықаралық қатынастарда жаңа логистикалық жүйелерді 
жасау және қолданыстағы жүйелерді жетілдіру; 
• жасалған шарттар мен ұзақ мерзімді келісім-шарттар бойынша 
тасымалдауды қамтамасыз етудің кепілді жүйесіне кӛшу, олардың орындалуын 
автоматтандырылған бақылау жүйесіне енгізу; 
• икемді тариф саясатын жүргізу, жүк тасымалдау ақысын тӛлеу жүйесін 
жетілдіру, темір жолы мен жүк жӛнелтушілер, жүк қабылдаушылар арасында 
электрондық құжаттар алмасу, олар туралы орталықтандырылған желілік база 
құру; 
• тасымалдау құжаттарын нақты уақыт режимінде жасау және ӛңдеу, 
оларды жүк жӛнелтушіден жүк қабылдаушыға дейін қағазсыз жеткізу 
(электрондық құжат); 
құрама тасымалдауды дамыту, жүрдек контейнерлік және контрейлерлік 
пойыздардың қатынауын ұйымдастыру, 40 футтық контейнерлерді ӛңдей алатын 
осы заманғы жүк тиейтін терминалдар салу; 
• 
автопойыздарды, автотіркемелерді, алмалы-салмалы шанақтарды 
тасымалдауға 
арналған 
жылжымалы 
құрамдар 
жасау; 
контейнерлерді 
жолаушылар, жүк-багаж және жеделдетілген жүк пойыздарымен тасымалдау 
үшін жүрдек жайдақ вагондар жасау; жүк жӛнелтушілердің жүкті тиеу-түсіру, 
сақтау жӛніндегі талаптарын қанағаттандыру үшін жабық вагондарды жетілдіру; 
• басқа кӛліктермен ӛзара тығыз әрекеттесу, аралас теміржол-теңіз (ӛзен) 
компанияларын құру; 
• жаңа кӛлік дәліздерін жасау; 
• тасымалданатын жүктің сақталынуын қамтамасыз ету, жаңа, оның ішінде 
электрондық 
бекіту-пломбылау 
құрылғыларын 
жасау 
және 
енгізу, 
тасымалданатын және сақталатын жүктерге техникалық бақылау құралдарын 
енгізу; 
• пойыздар мен вагондарды автоматтандырылған коммерциялық тексеру 
жүйесін енгізу; 
• тиеу-түсіру жұмыстарына жоғары ӛнімді жаңа механизмдерді қолдану; 
• тез бұзылатын жүктердің сақталуын қамтамасыз ететін изотермиялық 
жаңа кӛлік құралдарын (реттелетін газды орта, қаптамалардың, буып-түюдің жаңа 
түрлері, салқындату әдістері) енгізу, изотермиялық жылжымалы құрамды 
жетілдіру (жабдықтардың жұмысын автоматтандыру, температура режимін 
бақылау және тіркеу құралдарын, микропроцессорларды орнату). 
Арналған ұсыныстарды жүзеге асыру үшін теміржол кӛлігінің барлық 
құрылымдық бӛлімшелерінің, жүк жӛнелтушілермен жүк қабылдаушылардың 
ӛзара үйлесімді әрекет етуі қажет болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   114




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет