Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі М. Тынышбаев атындағы Қазақ кӛлік және коммуникациялар академиясы



Pdf көрінісі
бет4/114
Дата15.01.2023
өлшемі5.45 Mb.
#468411
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   114
Ж‰к тасымалдау 1-22

1.2. Кӛлік логистикасы 
 
Кӛлік логистикасын басшылыққа алу арқылы кешенді кӛлік-технология 
жүйелерін құруда тасымалдау жұмысы маңызды орын алады.
Логистика дегеніміз – тауарлар қозғалысы барысында материалдық және 
ақпараттық ағындарды басқару теориясы мен тәжірибиесі; тұтынушының 
материалдық сұранымын жоспарлау. 
Тиеу-түсіруді және материалдық ресурстарды барынша аз жұмсай отырып, 
ӛнімді ӛндірушіден тұтынушыға дейін ―дәлме-дәл мерзімінде‖ жеткізу – кӛлік 
логистикасының негізі. Бұл ретте темір жолдың қызметі ұлғаяды және ол 
ӛндірушінің, темір жол мен тұтынушының экономикалық мүдделерін ескере 
отырып, тікелей ӛндіру және тұтыну салаларына енеді. 
Кӛлік логистикасының классикалық сызбасы мынадай үш қатысушыны 
біріктіреді: дайындаушы (жүк жӛнелтуші) – тасымалдаушы (темір жолы немесе 
кӛліктің басқа түрі) – тұтынушы (жүк қабылдаушы). 
Темір жолдың тиімді логистикалық жүйесін жасау теміржол кӛлігін қайта 
құрылымдаудың маңызды міндеті болып табылады. Болашақта Қазақстан 
Республикасының темір жолдар желісі теміржол кӛлігі мен тауар ӛндірушілердің 
бәсекеге қабілеттілігін арттыруға септігін тигізетін логистикалық орталықтар 
желісіне айналатын болады. 



1.3. Жҥк тасымалдау және коммерциялық операциялар 
 
Жүк 
тасымалдауды 
ұйымдастыру 
барысында 
тасымалдау 
және 
коммерциялық операциялар орындалады. 
Жүк тасымалдау операциясы дегеніміз – бұл қоймадағы жүкті кӛлік 
құралдарына (вагондар, автомобильдер т.с.с.) тиеу және олардан қоймаға түсіру, 
жол табаны әр түрлі темір жолмен тасымалдауда жүкті вагоннан-вагонға 
ауыстырып тиеу, жүкті кӛліктің бір түрінен екінші түріне ауыстырып тиеу 
(тікелей операция); жүктің бар-жоғын немесе салмағын (қайта ӛлшеу) тексеру 
үшін оны қойма ішінде жылжыту және т.с.с. 
Коммерциялық операция дегеніміз – бұл тасымалдау және тапсыру 
құжаттарын, есепке алу және есеп беру құжаттарын толтыру, темір жолмен жүк 
тасымалдау үшін алымдар мен тӛлемдердің барлық түрлерін ӛндіріп алу. 
Сонымен қатар, коммерциялық операциялар мыналарды қамтиды: вагондарды әр 
түрлі жүктерді тасымалдауға дайындау және оларды коммерциялық тұрғыдан 
қарап тексеру; жүк жӛнелтушілер мен жүк қабылдаушыларға кӛлік-
экспедициялық қызмет кӛрсету, акт жасау, талап қою, шарт жасасу, іс қағаздарын 
жүргізу; тарифтік нұсқаулар мен конвенциялық тыйым салу кітаптарын 
толықтыру және түзету. Жүкті ӛлшеу, вагондар мен контейнерлерге пломбы салу, 
жүкті ашық жылжымалы құрамға тиеуге қатысты құжаттарды толтыру, олардың 
сақталуын қамтамасыз ету және басқалары да коммерциялық операциялар болып 
есептеледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   114




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет