Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі М. Тынышбаев атындағы Қазақ кӛлік және коммуникациялар академиясы


 Жҥкті стансадан жӛнелту операциялары



Pdf көрінісі
бет79/114
Дата15.01.2023
өлшемі5.45 Mb.
#468411
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   114
Ж‰к тасымалдау 1-22

12.11. Жҥкті стансадан жӛнелту операциялары 
Тиеу жұмысы аяқталған соң жүкті қабылдап-тапсырушылар маневр 
диспетчеріне (станса кезекшісіне) вагондардың шығаруға дайын тұрғанын 
хабарлап, вагондардың нӛмірі мен түрлерін, жүктің тегін, баратын стансасын қоса 
кӛрсетеді. 
Осындай ақпарат алған маневр диспетчері (ДСМ) пойыз құрастырушыға 
вагондарды жүк тиеу пунктерінен оларды құрастырылатын құрамға қосу үшін 
стансаға шығару туралы нұсқау береді. Вагондарды шығару уақыты қабылдап-
тапсырушының жаднамасына және ДСМ-нің атқарылған жұмыс графигіне 
түсіріледі. 
Вагон қағазыдары тауар кеңсесіне келген соң олардың әрқайсысына жүк 
қағазы мен жол ведомосын толтырады. Бұл құжаттардың барлығы тауар 
кеңсесінен пойыз ақпараттары мен тасымалдау құжаттары ӛңделетін стансаның 
технологиялық орталығына (СТО) жіберіледі. СТО және тауар кеңсесінің 
қызметкерлері құжаттардың құпиялылығын қамтамасыз етуі тиіс, сондықтан 
құжаттар тасымалдау құжаттарын тапсыру кітабына (ГУ-48 үлгісі) қол қойылған 
соң құлыптап жабылатын портфельдермен, сӛмкелермен, патрондармен немесе 
шабадандармен жіберіледі. 
СТО-да құрастырылған пойызға анықтама қағаз (натурный лист) 
толтырылады. Оған вагондардың нақты бар-жағына және құрамда орналасуына 
сай келетін құжаттарды іріктейді. Осының бәрі құрам құрастырылып болатын 
сәтке дейін атқарылуы тиіс. Құжаттардың пакеттелуі мен үйлестірілуі сапар 
барысында олардың сақталуына кепілдік беретіндей болуы керек. 
СТО операторы немесе станса кезекшісі пакеттеу алдында барлық 
құжаттардың (вагон қағазы, жол ведомосы, жүк қағазы, онда аталған 
қосымшылар) болуын, олардың дұрыс тіркелуін және анықтама қағазға 
сәйкестігін мұқият тексеруге міндетті. 
Пойыз локомотивінің машинисі құжаттарды алуда бақылау бланкісі 
бойынша олардың осы пойызға тиесіліктігіне кӛз жеткізуге; барлық пакеттер мен 
бақылау бланкісінің тұтастығын тексеруге; анықтама қағазының стансада қалған 
кӛшірмесіне пакеттердің қабылдану уақыты мен күнін кӛрсетіп, құжаттардың 


103 
қабылданғанын ӛз қолын қою арқылы куәландыруға міндетті. Машинист 
тасымалдау құжаттары бар пакетті локомотивтің кабинасына орнатылған жабық 
жәшікке салып қояды. 
Құрама пойыздардың құжаттары конвертсіз және бақылау бланкісінсіз жүк 
пойыздарының кондукторына тапсырылады. Ол анықтама қағазға сәйкес 
құжаттардың бар-жоғын тексеруге, оларды қабылдағаны туралы құжаттарды 
қабылдау және тапсыру кітабына (ДУ-40 үлгісі) ӛз қолын қою арқылы 
куәландыруға міндетті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   114




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет