12.9. Вагондар мен контейнерлерді пломбылау ережелері
Тиеу жұмысын тасымалдаушылар атқаратын жағдайда жүк тиелген
вагондар
мен
контейнерлер
тасымалдаушылардың
бекіту-пломбылау
құрылғыларымен және солардың есебінен пломбылануы, жүк жӛнелтушілер
тиейтін жағдайда – жүк жӛнелтушілердің құрылғыларымен және солардың
есебінен пломбылануы тиіс. Адамның жеке басының, отбасының, үйінің және
кәсіпкерлік қызметке қатысы жоқ ӛзге де мұқтаждықтарына арналған жүктер
тасымалданатын жабық вагондар мен контейнерлер тасымалдаушының немесе
жүк жӛнелтушінің сенім білдірген адамы арқылы немесе солардың есебінен
пломбылануы тиіс.
Вагондар мен контейнерлердің жүк бӛлімдеріне бӛгде адамдардың еніп
кетпеуі және тасымалданатын жүктердің сақталуы үшін бекіту-пломбылау
құрылғылары қолданылады.
Бекіту-пломбылау құрылғылары дегеніміз бекіту құрылғылары бір
конструкцияға біріккен бақылау элементтері болып табылады (12.1- және 12.2-
суреттер). Олар ӛздерінің тұтастығын бұзбайынша немесе вагонның,
контейнердің ішіне рұқсатсыз кірмейінше, оларды вагоннан шығарып алуға
мүмкіндік бермейтіндей болуға тиіс. Кедендік тексеру үшін вагондар,
контейнерлер ашылатын жағдайда оларға жаңа бекіту-пломбылау құрылғыларын
орнатуды кеден органдары жүргізеді, бұл туралы тасымалдау құжаттарына белгі
соғылады (бұл жағдайда ашу актісі жасалады). Кейбір жүктерді тасымалдау
ережелерінде кӛзделген жағдайда жүгі түсірілген соң бос вагондар мен
контейнерлер де пломбыланады. Мысалы, қауіпті жүктердің кейбір түрлері
түсірілген соң осылай істеледі.
ЗАО СТРАЖ
9
9
1
2
3
7 6
1
7
2 9 1 6
7
М
К
С
9
4
5
СПРУТ
Н
Достарыңызбен бөлісу: |