Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі М. Тынышбаев атындағы Қазақ кӛлік және коммуникациялар академиясы


 Жҥгі тҥсірілген вагондар мен контейнерлерді тазарту және жуу



Pdf көрінісі
бет87/114
Дата15.01.2023
өлшемі5.45 Mb.
#468411
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   114
Ж‰к тасымалдау 1-22

14.6. Жҥгі тҥсірілген вагондар мен контейнерлерді тазарту және жуу 
Жүгі түсірілген вагондар мен контейнерлердің іші-сырты тазартылып
олардың жүкті бекіту құралдары шығарып алынуы, тазартылып, олардың жүкті 
бекіту құралдары шығарып алынуы, сондай-ақ бекітуге арналған алынбайтын 
құралдары, оның ішінде турникеттері ақаусыз техникалық күйге келтірілуі тиіс. 
Жүгі түсірілген вагондар мен контейнерлерді тазартуға қойылатын негізгі 
талаптар жүгі түсірілген вагондар мен контейнерлерді тазарту және жуу 
ережелерінде кӛрсетіледі. 
Жүгі түсірілген соң вагондардың кузовы мен контейнерлердің іші-
сыртындағы, сондай-ақ вагондардың жүріс бӛліктеріндегі, вагонаралық 
қосылыстардағы барлық жүк қалдықтары шығарылған вагондар мен контейнер 
(цистерналар мен шанақты ашық вагондардан басқалары) тазартылған вагондар 
мен контейнерлер деп танылады. 
Қазандықтардың немесе бункерлердің іші мен сыртында жүк қалдықтары 
болмаса, цистерналар мен бункрлі ашық вагондар тазартылған деп есептеледі. 
Цистерналардан сұйықтықты жоғарғы жағынан құйып алудан қалған сұйықтық 
қалдығы бір см-ден аспауы тиіс. 
Тазартылған вагонда қардың болуы оның ластануы ретінде есептелмейді. 
Вагондағы, контейнердегі және вагон рамасындағы белгілер мен трафареттер 
анық оқылатындай болуға тиіс. 
Вагонның, контейнердің іші мен сырты оны ластайтын қорғаныш 
пленкадан, эмульсиядан, сондай-ақ жапсырмалардан, биркалардан тазартылуы 
тиіс. Вагондарды, контейнерлерді түрлі тазарту әдістері олардың жақсы 
сақталуын қамтамасыз етіп, қоршаған ортаны ластамауы тиіс. 
Жүк қабылдаушылар ұнамсыз иісі бар және вагондарды ластайтын 
жүктерді, мысалы, асбесті, гипсті, әктасты, құрама жемді, тұзды, цементті және 
т.с.с. түсірген соң кімге тиесілігіне қарамастан, жүк қабылдаушылар жабық 
вагондарды жуып тазартуы тиіс. Астық емес жүктерді түсіргеннен кейін астық 
тасығыш вагондар да жуылуы керек. Түсіруден кейін жабық вагондар жуылуға 


113 
тиіс болатын жүктердің тізбесі вагондарды тазарту және жуу Ережелеріне 
қосымшада келтірілген. 
Жүк қабылдаушылардың вагондарды жуып тазарту мүмкіндігі болмайтын 
жағдайда жасалған шартқа сәйкес бұл жұмысты тасымалдаушы атқарады. 
Тасымалдаушының вагонды жуып тазарту фактісі оның жуылған 
вагондардың нӛмірін кӛрсетіп жасаған жалпы үлгідегі актісімен расталады. 
Жануарларды, құстарды, жануар текті шикі ӛнімдерді және тез бұзылатын 
жүктерді тасымалдаудан кейін вагондарды тазарту, жуу және қажетті жағдайда 
дезинфекциялауды 
жүк 
қабылдаушылардың 
есебінен 
тасымалдаушылар 
жүргізеді. 
Аталған 
талаптар 
бұзылатын 
реттерде 
тасымалдаушылар 
жүк 
қабылдаушылардан кӛрсетілген талаптар орындалғанға дейін босаған вагондар 
мен контейнерлерді қабылдамай қоюға құқылы. Мұндай жағдайда бүкіл 
кешіктірілген уақыт үшін жүк қабылдаушылардан вагондарды, контейнерлерді 
пайдалану ақысы ӛндіріп алынады. Бос вагондарды бірінші және екінші санат 
бойынша санитарлық ӛңдеуге жіберу толық тасымалдау құжаттары бойынша 
істеледі. 
Бос жабық вагондарды бірінші санат бойынша жуып тазартуға және 
малдәрігерлік-санитарлық ӛңдеуге жіберу жүк қағазы бойынша, ал изотермиялық 
вагондарды жіберу – толық тасымалдау құжаттары бойынша жүргізіледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   114




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет