104
сипатын кӛрсетуге, ал құжаттар жетіспейтін жағдайда – ол жетіспейтін вагонның
нӛмірін кӛрсетуге міндетті. Жалпы үлгіде толықтырылған актінің нӛмірі және
оның жасалу уақыты құжаттарды тапсыру кітабында (ДУ-40 үлгісі) кӛрсетіледі.
Жалпы үлгідегі акт екі дана жасалып, оған стаса кезекшісі мен СТО операторы
қол қояды, ал құжаттар тікелей машинистен алынатын жағдайда – локомотив
машинисі де қол қояды. Жалпы үлгідегі акт вагондарды құжаттардан және
құжаттарды вагондардан ажыратып алған кезде ГУ-22 үлгісіндегі қоммерциялық
актіні жасау үшін негіз болады.
Транзиттік пойыздарды коммерциялық тексеру – тасымалдаушылардың
пойыздардың жүріс қауіпсіздігін және тасымалданатын жүктердің сақталуын
қамтамасыз ету бағытындағы жұмысының маңызды элементі.
Вагонның немесе жүктің жүріс қаіпсіздігіне немесе жүктің сақталуына
қатер тӛндіретін мынадай күйі комерциялық ақаулық болып есептеледі: бекіту-
пломбылау құрылғыларының жоқтығы, тасымалдау құжаттарында БПҚ туралы
және вагондар мен контейнерлерде БПҚ-ның ӛзінің жоқтығы туралы
мәліметтердің болмауы, БПҚ таңбаларының
бұлыңғырлығы немесе шалалығы,
жүктің ұрлану немесе жоғалу белгілері, есіктердің, вагондар кузовының немесе
контейнерлердің ойылуы, БПҚ-дағы бақылау белгілерінің жүк қағазы мен вагон
қағазындағы белгілерге сай келмеуі, жүктің тӛгілуі,
вагон кузовының
зақымдалуынан жүктің қол жететін жағдайда болуы, нашар жабылуы салдарынан
жабық вагонның кузовынан немесе цистерна қазанынан құйып алатын құрылғысы
арқылы жүктің тӛгілуі, контейнерлер тиелген вагондарда ―құжаттардың‖ болуы,
ашық вагондар люктерінің дұрыс жабылмауы, жайдақ вагондар бұйірінің дұрыс
жабылмауы, ашық және жабық вагондар люктерінің ашық қалуы, вагондар мен
контейнерлерде жүкті орналастыру және бекіту техникалық жағдайларының
бұзылуы, ашық жылжымалы құрамға жүк
тиеудің бұзылуы, жүк бекітпесінің
жоқтығы немесе зақымдануы және т.с.с.
Міндетті түрде жойылуға тиісті коммерциялық ақаулықтар тізбегі
пойыздарды коммерциялық тұрғыдан тексеру ережелерінде келтірілген.
Достарыңызбен бөлісу: