Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі М. Тынышбаев атындағы Қазақ кӛлік және коммуникациялар академиясы


 Ірі тораптардағы жҥк тиеу-тҥсіру стансаларының мамандануы



Pdf көрінісі
бет27/114
Дата15.01.2023
өлшемі5.45 Mb.
#468411
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   114
Ж‰к тасымалдау 1-22

5.5. Ірі тораптардағы жҥк тиеу-тҥсіру стансаларының мамандануы 
Ірі тораптағы жүк тиеу-түсіру стансаларының жүктің тегіне қарай 
мамандануы темір жолда жүк тиеу-түсіру жұмыстарын ұйымдастырудың озат 
және экономикалық тұрғыдан тиімді түрлерінің бірі болып табылады. Стансаның 
мамандануы оның ӛңдеу қабілетін арттыруға, қойма алаңына мұқтаждығын 
кемітуге, жол құрамдары арқылы тиеу-түсіру жұмыстарын толығымен 
механикаландыруға, тиеу-түсіру механизмдерінің ӛнімділігін арттыруға, жүк 
операцияларындағы вагондардың бос тұрып қалуын азайтуға, жүк жӛнелтушілер 


36 
мен қабылдаушыларға кӛлік-экспедициялық қызмет кӛрсетуді, жүктерді жеткізу 
мен әкетуді орталықтандыруды ұйымдастыруға, ЭЕМ-ді пайдалану арқылы 
коммерциялық және жүк операцияларын автоматтандыруға мүмкіндік береді. Бұл 
әдіс іс жүзінде жалпы жүктерді (тас, кӛмір, минералдық-құрылыс материалдары, 
ағаш, кӛмір, цемент және т.с.с.) түсіретін маманданған базаларды контейнерлер 
терминалдарын, 
дара 
жүктерді, 
ауыр 
салмақты 
жүктерді 
ӛңдейтін 
механикаландырылған ірі кешендерді құрудан байқалады. 
Маманданған базалар негізінен алғанда жалпы жүктерді түсіруге арналған. 
Оларды тиеу-түсіру жұмыстарын (шикізат, материалдар, жанар-жағармай және 
т.с.с.) механикаландыру құралдарын қолдану тұрғысынан қарағанда біртекті 
жүктерді қабылдайтын ӛнеркәсіп орындарына қызмет кӛрсететін ӛнеркәсіптік 
аудандарда ұйымдастырады. Тораптағы жүк стансасын мамандандырудың ең 
жақсы нұсқасы техникалық-экономикалық есептеулер арқылы анықталады. 
Теміржол тораптарындағы маманданған стансалардың тізімі № 4 Тарифтік 
нұсқауларда (2-кітап) келтірілген. 
5.6. Жҥк тиеу-тҥсіру стансасының жҧмысына басшылық ету 
Жүк тиеу-түсіру стансасы темір жолдың жүк тасымалдау жұмысын 
ұйымдастыру жӛніндегі негізгі кәсіпорны болып табылады және тікелей жол 
бӛлімшесіне бағынады. Оның жұмысына станса бастығы басшылық етеді, ол 
―Теміржол стансасы туралы ереже‖ бойынша ӛзіне жүктелген міндеттердің 
орындалуы үшін толығымен жауап береді. 
Стансаның пайдалану жұмысына басшылық ету тәуліктік және ауысымдық 
жоспарлардың орындалуын бақылау, пойыздар мен вагондарды технологиялық 
үрдіс бойынша ӛңдеуді ұйымдастыру станса бастығына және оның жедел 
атқарылатын жұмыстар жӛніндегі орынбасарына жүктеледі. 
Станса бойынша тұтас алғанда коммерциялық және жүк тиеу-түсіру 
жұмыстарына станса бастығының жүк тиеу-түсіру жұмыстары жӛніндегі 
орынбасары жетекшілік етеді. Жалпы жұрт пайдаланатын орындардағы 
коммерциялық және жүк тиеу-түсіру операцияларының атқарылуын тікелей 
басқару және бақылау міндеті жүк тиеу-түсіру ауданының бастығына, контейнер 
алаңында – контейнерлер алаңының меңгерушісіне, тауар кеңсесінде – осы 
кеңсенің бастығына, қоймаларда – жүк қоймаларының меңгерушісіне, сұрыптау 
платформасында – осы платформаның меңгерушісіне жүктеледі. 


37 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   114




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет