Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі М. Тынышбаев атындағы Қазақ кӛлік және коммуникациялар академиясы


 Жҥкті қабылдап-тапсырушылар мен тауар



Pdf көрінісі
бет29/114
Дата15.01.2023
өлшемі5.45 Mb.
#468411
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   114
Ж‰к тасымалдау 1-22

5.7. Жҥкті қабылдап-тапсырушылар мен тауар
кассирлерінің негізгі міндеттері 
Жүкті қабылдап-тапсырушы мен тауар кассирінің мамандығы жүк және 
коммерциялық жұмыс шаруашылығында негізгі және кең таралған мамандық 
болып табылады. Олар тасымалдау үрдісінің бастапқы және ақырғы кезеңдерінде 
жүкті жӛнелтушілермен және қабылдаушылармен ӛзара қатынастарға тікелей 
араласады. Жүкті дер кезінде және сақтап жеткізуді қамтамасыз ету, жүк 
тасымалы мен кӛрсетілетін қызмет үшін тиісті тӛлемдерді дер кезінде және толық 
кӛлемде ӛндіріп алу, коммерциялық және тиеу-түсіру операцияларын 
автоматтандыру, жүк операцияларына берілген вагондардың бос тұру 
нормаларын сақтау, жылжымалы құрамды ұтымды пайдалану, қауіпсіздік 
техникасын және пойыздардың жүріс қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кіре ақы мен 
алымдар есебінің дәлдігін қамтамасыз ету, жүк жӛнелтушілер мен 
қабылдаушыларды теміржол кӛлігінің қызметін пайдалануға тарту кӛбіне жүкті 
қабылдап-тапсырушылар мен тауар кассирінің ӛз міндеттерін айқын және сапалы 
атқаруына байланысты. 
Жүкті қабылдап-тапсырушыларға мынадай негізгі жүк-коммерциялық 
операцияларды жүзеге асыру жүктелген: теміржолмен тасымалданатын жүкті 
қабылдау, ӛлшеу, тиеу, сұрыптау, ауыстырып тиеу, түсіру, сақтау және беру; 
порттардан (автокӛлік ұйымдарынан) жүкті қабылдау және оларға тапсыру; жүк 
жӛнелтушінің (жүк қабылдаушының) немесе порттың құралдары арқылы тиеуге 
немесе түсіруге берілетін тиелген және бос вагондар мен контейнерлерді 
коммерциялық тұрғыдан қабылдау және тапсыру; тиісті құжаттарды толтыру 
және осы операциялар бойынша белгіленген тәртіппен есеп беру; вагондардың 
кірме жолдарда немесе тиеу-түсіру операцияларында тұру уақытының есебін алу, 
жүргізілген операциялар жӛніндегі ақпараттарды ЖЭЕМ-ге енгізу. 
Станса жұмысының ерекшеліктері мен жергілікті жағдайға қарай жүкті 
қабылдап-тапсырушыға басқа да коммерциялық операцияларды атқару жүктелуі 
мүмкін; пойыздар мен вагондарды коммерциялық тексеру, құжатсыз жүктерді 


39 
толтыру, коммерциялық актілерді жасау және қарастыру, сапасыз тасымалдау 
жағдайын тексеру материалдары бойынша ұсыныстар дайындау. 
ТЖАБЖ (тасымалдауды жедел автоматтандырылған басқару жүйесі) әрекет 
ететін жағдайда қабылдап-тапсырушылардың жұмыс орындары АЖО-мен 
жабдықталады, ал бұл ЖЭЕМ-нің кӛмегімен макеттердің белгіленген үлгілері 
бойынша ақпараттар (жүкті қабылдау, жүк тиелетін және жүгі түсірілетін 
вагондар, жүктің келуі, жүкті түсіру және беру, контейнерлерді жеткізу және 
әкету туралы) алуға және енгізуге мүмкіндік береді. Жалпы жұрт пайдаланатын 
орындардағы жол құралдары арқылы жүк тиеп-түсіруде, теміржол-су 
қатынысында және порттар арқылы экспорт-импорт жүктерді тасымалдауда, 
кезекшілікті қабылдап алуда, жалпы жұрт пайдаланатын орындардан 
жӛнелтілетін жүкті тасымалдауға қабылдауда, жүк жӛнелтушінің құралдарымен 
тиелген вагондарды қабылдауда, жүк қабылдаушының құралдарымен жүк 
түсіруде, жүктің жетіспеушілігін анықтауда, салмақ ӛлшеу құралдарын күтіп-
баптауда оны атқаратын нақты міндеттері жүкті қабылдап-тапсырушының 
лауазымдық нұсқауында белгіленген. 
Әрбір қабылдап-тапсырушының атқаратын жұмыс түрлері, сондай-ақ ол 
қызмет кӛрсететін учаскеде жұмыстың технологиялық процесін кӛрсету кезінде 
жасалатын технологиялық-нұсқау карталарында және стансаның техникалық-
басқару актілерінде белгіленеді. Жүкті қабылдап-тапсырушы лауазымдық 
нұсқауда кӛзделген барлық нормативтік құжаттармен танысып, олардан алған 
білімі бойынша емтихан тапсырғаннан кейін ӛз міндеттерін атқаруға кіріседі. 
Тауар 
кассирлері 
тікелей 
кӛптеген 
жүк 
жӛнелтушілер 
мен 
қабылдаушыларға қызмет кӛрсетеді, тұтас алғанда, станса бойынша жүк 
тасымалдауға қабылданған ӛтінімдердің орындалуына қатысады, сондай-ақ жеке 
алғанда, әрбір жүк жӛнелтушінің тілегін қанағатандырады. 
Тауар кассирінің міндеттеріне мыналар жатады: жүк жӛнелтушілерден 
қабылданған жүк тасымалдау жӛніндегі ӛтінімдердің орындалу есебін жүргізу; 
жӛнелтілетін және келетін жүктердің тасымалдау құжаттарын толтыру; кіре ақы 
тӛлемдерін, алымдарды, вагондар мен контейнерлерді пайдалану ақысын есептеу; 
жүк жӛнелтушілер мен қабылдаушылармен есеп айырысу, қолма-қол ақшаны 
қабылдау, тиелген вагондар туралы есеп жасау; стансаның технологиялық 
орталығына және тасымалдау құжаттарын ӛңдейтін технологиялық орталыққа 
немесе фирмалық кӛлік қызметін кӛрсететін аймаққа берілетін құжаттарды 
іріктеу; жүктердің кедендік толтырылуын тексеру, жүктердің басқа бағытқа 
жӛнелтілуін ресімдеу және басқа операциялар. 
Автоматтандырылған басқару жүйесі қолданылатын жағдайда тауар кассирі 
кіре ақы тӛлемдерін, алымдарды және вагондар мен контейнерлерді пайдалану 
ақысын автоматтандырылған әдіспен есептейді, келетін және жӛнелтілетін жүктер 
жӛніндегі мәліметтерді ЭЕМ-ге енгізеді (келу кітабының машиналық нұсқасы), 
тӛлемдердің барлық түрлері бойынша жүк жӛнелтуші мен қабылдаушыға есеп 
фактураның машиналық нұсқасын береді, тиеу-түсіру жұмыстары жӛнінде жедел 
есеп құрастырады және макеттердің бекітілген үлгілеріне сәйкес басқа да есеп 
түрлерін дайындайды. Тауар кассирі қатаң есеп беру бланкісін сейфте сақтайды, 
олардың пайдаланылуы туралы есептің машиналық нұсқасын жасайды, Теміржол 


40 
кӛлігінде тасымалдау ережелері мен тарифтер жинағына және «ҚТЖ» ҰК» АҚ-
дан келетін телеграммаларға сәйкес Тарифтік нұсқауға, Тасымалдау ережелеріне 
және басқа нормативтік құжаттарға ӛзгерістер енгізеді.
Жасы 18-ге толып, оқып білім алған және барлық кӛрсетілген құжаттарды 
білетіндігі жӛнінде емтихан тапсырған адамдар тауар кассирі қызметіне 
тағайындалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   114




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет