МЕРЕКЕЛЕР МЕН ОЙЫН-САУЫҚТАР
Қазақстан Республикасының күні – «Еліміздің туған күні»
Тәуелсіздік күні
Білім күні
Қазақстанда тұратын ұлттардың тіл мерекесі
Жаңа Жылдық мереке
8 Наурыз – «Аналар мерекесі»
Қазақстан халықтарының бірлігі күні – «Достық күні»
Жеңіс күні
Балаларды қорғау күні
Мақсаты: айнала қоршаған әлем мен өмірлік құбылыстарды сезінуге қабілетті, қарапайым шығармашылық іскерліктер мен дағдыларды меңгерген бала тұлғасын қалыптастыру.
Міндеттері:
1. Мерекелер мен ойын-сауықтарға қызығушылығы мен оған қатысуға ынтасын арттыру;
2. Елжандылық пен азаматтық сезімдерін қалыптастыру, қоғамдық өмірге араласуына талпынысын тәрбиелеу.
Мазмұны:
Балаларды меркелер мен ойын-сауықтарға белсенді қатысуға араластыру.
Серуенде жүргенде мемлекеттік мерекелер қарсаңында қаланың, көшелер мен үйлердің қалай безендірілгенін бақылау.
Мереке қарсаңында топ бөлмесін безендіру. Мерекеге дайындығын мадақтап, бірлесіп жасаған жұмыстары мен оның нәтижесіне қуану сезімдерін қолдау.
Мерекелік ойын-сауықтар мен кештерге қатысып өз өнерлерін көрсетуге: өлең оқуға, ән салуға, би билеуге, ойын ойнауға, ертегі кейіпкерлерін сомдауға қатысуға талпыныстарын қалыптастыру.
Өз қолдарынан туысқандары мен балабақша қызметкерлеріне арнап сый-сияпаттар мен мерекелік шақыру билеттерін дайындау, ойыншықтар мен әшекей бұйымдарын жасауға талпыныстарын қалыптастыру. Ересектерді мерекемен құттықтауға үйрету.
Спорттық ойындар мен іс-шараларға (жаздық, қыстық) белсенді қатысып, түрлі жаттығуларды орындауда, спорттық жарыстарда өздерінің ептілігі мен шапшаңдығын, зеректігін танытуына мүмкіндік жасау.
Ересектер ұйымдастырған ойын-сауық түрлеріне қызығушылығын арттыру (қуыршақ театры, музыкалық және әдеби композиция, концерт, ән кештері, ертегі, телебағдарламалар мен мультфильмдер көру).
Түрлі сайыстарға, жұмбақтар шешуге, тақырыптық кештерге, ән байқауларына, театрландырылған көріністерге қатысу белсенділіктерін арттыру.
Достарыңызбен бөлісу: |