Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы балаларды толық КҮн болатын шағын орталықтарда


Балаларды бейнелеу өнерімен салыстыру



бет5/6
Дата16.06.2016
өлшемі0.5 Mb.
#139342
1   2   3   4   5   6

Балаларды бейнелеу өнерімен салыстыру сурет салу, мүсіндеу, жапсыру бойынша ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде және басқа да режимдік кезеңдерде 5 минуттан өткізіледі.

Музыка бойынша білімдік материалды игеру нәтижесінде жыл соңында балалар мыналарды меңгеруі тиіс:

- қарапайым жанрларды ажырата білу (күй, ән, би, марш), оларға тән белгілерді атау;

- музыкалық шығарманың сипатын анықтау;

- музыкалық мәнерлеу құралдарын (қарқын, серпін, регистр), музыкалық шығарманың формасын (әннің бастамасы мен қайырмасы, кіріспе, қорытынды) көрсету;

- музыкалық кәсіптерді атау (музыкант, орындаушы, әнші, солист, дирижёр және т.б.), композиторлардың аты-жөні;

- қарапайым музыкалық терминдерді, ән салу дағдыларын игеру;

- музыкалық сүйемелдеу арқылы жақсы таныс әнді өз бетінше орындау, қиын емес әнді сүйемелдеусіз орындау;

- пластикалық, ырғақты, мәнерлі қимылдар жасау, музыканың сипатына сәйкес қимылдау;

- кейбір музыкалық аспаптар туралы қарапайым түсініктерге ие болуы;

- балалардың музыкалық аспаптарын дыбыстау тембрі бойынша ажырата білу, олардың атын білу (дабыл, барабан, металлофон, ксилофон, үшбұрыш, маракас);

- балалардың музыкалық аспаптарында ойнаудың қарапайым дағдыларын меңгеру (металлофон, ксилофон, үшбұрыш, асатаяқ, тоқылдақ, жыланбас қоңырау, дабыл, маракас, румба және т.б.);

- музыкалық дыбыстың негізгі қасиеттерін, ұзақтығын, тембрін ажырата білу;

- суырып салма ән салу қабілетіне (ұсынылған мәтінге арнап қарама-қайшы сипаттағы әуендер шығару), өз бетінше тиісті қимылдарды іріктеу негізінде музыкалық-ойын образы қабілетіне, балалардың музыкалық аспаптарында (металлофон) суырып салма әуендер шығару қабілетіне ие болу;

- таныс би элементтерін құрамдастыру негізінде (немесе өзінің жеке элементтерін ойлап табу арқылы) би композицияларын шығару.


«ӘЛЕУМЕТТІК ОРТА» білім беру саласы (72 сағ)

  1. Мақсаты: баланың бойында тұлғаның маңызды адамгершілік қасиеттерін, еңбек дағдыларын қалыптастыру, жалпы адамзатқа ортақ нормалар мен құндылықтарды, салт-дәстүрлер мен ережелерді білуін дамыту негізінде қоғамдық қатынастар жүйесіне енгізу үшін қажетті әлеуметтік-мәдени тәжірибені қалыптастыру.

  2. «Әлеуметтік орта» білім беру саласының мазмұны ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің келесі түрлерінде жүзеге асырылады:

  1. - қоршаған ортамен таныстыру және экология, 18 сағ. («Қоршаған ортамен таныстыру» және «Экология» блогының мазмұнына келесі бағыттар кіреді: бала, оның отбасы, үй; көлік, байланыс құралдары; жол қозғалысы ережелері; ересектердің еңбегі; Қазақстан – менің Отаным, еліміздің рәміздері; Қазақстан Республикасының армиясы; адамгершілік нормалары туралы түсінік; мінез-құлық мәдениетінің дағдылары; ересектермен және құрдастарымен өзара әрекеттесу);

  1. - көркем әдебиет, 18 сағ. («Көркем әдебиет» тарауының мазмұнына келесі бағыттар кіреді: адам қатынастарының әлемі; эмоциялар әлемі);

  2. - өзін-өзі тану 36 сағ. (бағдарламаны «Бөбек» ұлттық ғылыми-тәжірибелік, білім беру және сауықтыру орталығы әзірледі, Алматы 2005 ж.; 4 блокпен берілген: «Мен – адаммын», «Қарым-қатынас қуанышы», «Адамгершілік әліппесі», «Мен және менің әлемім».)

«Әлеуметтік орта» білім беру саласының «Қоршаған ортамен таныстыру» және «Экология» блогының материалдарын игеру нәтижесінде жыл соңында балалар:

- үй, отбасы туралы, отбасындағы өзара қатынастар мен туыстық байланыстар, шежіре туралы түсінікке ие болуы тиіс;

- өз аты-жөні мен жасын, мекен-жайын, тегін, ата-анасының аты-жөнін айта білуі тиіс;

- көлік құралдарын тануы, атай білуі және жіктей алуы тиіс;

- бағдаршамның үш сигналының мағынасын түсіне білуі, жол бөліктерін ажырата білуі және атай алуы тиіс;

- жол қозғалысының ережелері туралы түсінікке ие болуы, жол белгілерін білуі тиіс: «Тамақтану пункті», «Телефон», «Тұрақ орны», «Медициналық жәрдем пункті; байланыс құралдарын білуі тиіс;

- кейбір өнеркәсіптік, ауыл шаруашылық және басқа да кәсіптердің атауын, мазмұны мен мәнін білуі;

- кез келген зат көпшілік адамдардың еңбегімен жасалғанын түсіне білуі;

- өз елінің атын, оның бас қаласын, туған қаласын (ауылын), Қазақстанның ең үлкен қаласын білуі;

- өз елінің мемлекеттік рәміздерін атай білу және ажырата білуі, ҚР мемлекеттік гимнін орындау кезінде өзін ұстау ережелерін білуі;

- өзін-өзі құрметтеу және басқа адамдардың қадір-қасиетін құрметтеу сезіміне, өз ата-бабаларының және Отанымыздың қазіргі қаһармандарының ерліктері мен жетістіктерін мақтан тұту сезіміне ие болуы;

- армияның міндетін білуі, әскердің кейбір түрлерін ажырата білуі;

- тәжірибелік эксперимент жасауға қызығушылық және білімге құмарлық таныту;

- сынап көру әрекеттерінің көмегімен түрлі мәселелерді шешу тәсілдерін таба білу, қарапайым себеп-салдар байланыстарын орнату.

- адам қатынастарындағы «жақсы» немесе «жаман» деген немене;

- түрлі әлеуметтік жағдайларда тиімді шешімдер қабылдау; өз мінез-құлқы мен құрдастарының мінез-құлықтары туралы өз пікірін білдіруде нені айтуға болатынын және нені айту қажет екендігін түсіне білуі;

- жағымсыз сезімдер көрінісін білдірмеу, өкпені кешіре білу, әдеби кейіпкерлер мен адамдардың кемшіліктерін ғана емес, сондай-ақ артықшылықтарын да байқай білу;

- жасы үлкен кісілерге құрмет көрсету бойынша халық салт-дәстүріне негізделген адамгершілік мінез-құлық нормаларын сақтай білу;

- өз мінез-құлқы арқылы басқаларға кедергі жасамай, бірікен іс-әрекетке қосылу; басқа адамдардың пікірімен санаса білу, айналасындағы адамдардың эмоционалды күйінің өзгергенін байқай білу;

- жақын адамдарына, айналасындағы адамдарға қамқорлық көрсету, олардың жан дүниесін түсіне білу және төзімділік таныту, ересектермен бірге еңбек іс-әрекеттерін атқару;

- бір-біріне және айналасындағы ересек адамдарға риясыз көмектесу.


  1. «Әлеуметтік орта» білім беру саласы бойынша білімдік материалды игеру нәтижесінде жыл соңында мектепке дейінгі ересек топтағы балалар мыналарды меңгеруі тиіс:

  2. - үй туралы, отбасы туралы, отбасындағы өзара қарым-қатынастар және туыстық байланыстар туралы, шежіре туралы түсінікке ие болу; өзінің аты-жөні мен жасын, тегін, ата-анасының аты-жөнін атай білуі;

- өзіне жақын адамдарға, айналасындағы адамдарға қамқорлық көрсету, олардың жан-дүниесін түсіне білу және төзімділік таныту, ересектермен бірге еңбек іс-әрекеттерін атқару; бір-біріне және айналасындағы ересек адамдарға риясыз көмектесу;

- көлік құралдарын тануы, атай білуі және жіктей алуы; бағдаршамның үш сигналының мағынасын түсіне білуі, жол бөліктерін ажырата білуі және атай алуы; жол қозғалысының ережелері туралы түсінікке ие болуы, жол белгілерін білуі тиіс: «Тамақтану пункті», «Телефон», «Тұрақ орны», «Медициналық жәрдем пункті; байланыс құралдарын білуі;

- кейбір өнеркәсіптік, ауыл шаруашылық және басқа да кәсіптердің атауын, мазмұны мен мәнін білуі; кез келген зат көпшілік адамдардың еңбегімен жасалғанын түсіне білуі;

- өз елінің атын, оның бас қаласын, туған қаласын (ауылын), Қазақстанның ең үлкен қаласын білуі; өз елінің мемлекеттік рәміздерін атай білуі және ажырата білуі, ҚР мемлекеттік гимнін орындау кезінде өзін ұстау ережелерін білуі;



  1. - армияның міндетін білуі, әскердің кейбір түрлерін ажырата білуі;

  2. - жасы үлкен кісілерге құрмет көрсету бойынша халықтық салт-дәстүрге негізделген адамгершілік мінез-құлық нормаларын сақтау;

  3. - ертегілер мен әдеби туынды кейіпкерлерінің мінез-құлықтарына баға бере білу, оларға деген өз қарым-қатынасын таныту; адам сезімдері мен өзара қарым-қатынастар әлемі туралы, әдеби кейіпкерлерді мысалға ала отырып, балалар мен ересектер қоғамындағы мінез-құлық мәдениеті туралы пайымдау;

  4. - әдістемелік көркем туындыларды, картиналарды, скульптураны білу;

  5. - адам қатынасындағы «жақсы» деген не және «жаман» деген не екенін білу; жағымсыз сезімдер көрінісін білдірмеу;

  6. - түрлі әлеуметтік жағдайларда тиімді шешімдер қабылдау; өз мінез-құлқы мен құрдастарының мінез-құлықтары туралы өз пікірін білдіруде нені айтуға болатынын және нені айту қажет екендігін түсіне білуі;

  7. - жасы үлкен кісілерге құрмет көрсету бойынша халық салт-дәстүріне негізделген адамгершілік мінез-құлық нормаларын сақтай білу;

  8. - жақсы мінез-құлықтарға қуану, қанағаттану, моральдық нормалар бұзылған жағдайда күйзелу;

  9. - қоршаған ортаға қатынасы бойынша өз әрекетін болжау;

  10. - рухани және материалдық мәдениет нысандарына құрметпен қарау;

  11. - экологиялық қауіпсіз мінез-құлықтар дағдыларын және адам денсаулығының қоршаған ортаның жағдайына және өз іс-әрекетіне байланысты екендігі туралы қарапайым түсініктерді игеруі;

  12. - өзін-өзі құрметтеу және басқа адамдардың қадір-қасиетін құрметтеу сезіміне, өз ата-бабаларының және Отанымыздың қазіргі қаһармандарының ерліктері мен жетістіктерін мақтан тұту сезіміне ие болуы.


Баланы ойын іс-әрекетінде дамыту

  1. Мақсаты: ойын іс-әрекеті барысында баланың әлеуметтік белсенділігі мен даралығын қалыптастыру және жетілдіру, балалардың ойын бірлестігін нығайту, өз әрекетін серіктерінің әрекеттерімен келістіре білуін дамыту, ойын іс-әрекетінде өз тәжіриесін, білімі мен икемділігін қолдану.

  2. «Баланы ойын іс-әрекетінде дамыту» тарауының мазмұнына келесі бағыттар кіреді: сюжеттік-рөлдік ойындар; драмаландыру ойындары; құрылыс материалдарымен ойындар; қимыл-қозғалыс ойындары, дидактикалық ойындар).

  3. Ойын іс-әрекетінде балалар жыл соңында мыналарды меңгеруі тиіс:

  4. - ойын тақырыбын өз бетінше таңдау, сюжетті дамыту; ұжымдық сюжеттік-рөлдік ойынға қатысуға ұмтылу; ойынға қатысушы барлық адамдарды ұйымдастырушы және атқарушы рөлін өзіне алу; таныс сюжеттерді драмаландыру; тәрбиешінің көмегімен театрландырылған ойындар, көріністер ұйымдастыру;

  5. - сюжеттік-рөлдік ойындарда қоршаған ортаның шындық болмысын көрсету; ойын ережелерін айқын сақтау және оларды орындаудан қанағаттану;

  6. - өзара әрекеттесудің жалпы ережелері негізінде біріккен дидактикалық ойындарға қатыса білу және ойындағы өз әрекеті мен құрдастарының әрекеттеріне баға беру;

  7. - ойында берілген нәтижеге қол жеткізуге ұмтылу; ойындағы қимылдар логикасына сүйене білу; ұлттық ойын ережелерін, оған тән белгілерді және ұлттық мәдениетке қатыстылығын ажырата білу;

  8. - ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде алынған конструктивті икемділіктерді қолдану, түрлі ғимараттардың суреттерін, фотосуреттерін пайдалану; дербес қимыл-қозғалыс ойындарын ұйымдастыру.




  1. Баланы еңбек іс-әрекетінде дамыту

  2. Мақсаты: мектепке дейінгі ересек топтағы балаларды еңбек әрекетіне баулу және оларды еңбек әрекетіне жүйелі қатысуын қамтамасыз ету, еңбектенуге ниеттену және еңбектене білуге тәрбиелеу.

  3. «Баланы еңбек іс-әрекетінде дамыту»» тарауының мазмұнына келесі бағыттар кіреді: өзіне-өзі іс-әрекет көрсету; шаруашылық-тұрмыстық еңбек; табиғаттағы еңбек; қол еңбегі).

  4. Еңбек іс-әрекетінде балалар жыл соңында мыналарды меңгеруі тиіс:

  5. - өзіне-өзі қызмет етуді көрсетудің қарапайым дағдыларын, тазалық пен тіртіп әдептерін игеруі; өзінің сырт келбетін қадағалауы және өзінің сырт келбетіндегі кейбір кемшіліктерді өз бетінше түзетуі; құрдасының киіміндегі, аяқ киіміндегі, сырт келбетіндегі кемшіліктерді түзету ниетін білдіру;

  6. - оқу іс-әрекеті ұйымдастырған асхана бойынша, табиғат бұрышы бойынша кезекші міндетін адал орындау;

  7. - үйде және мектепке дейінгі ұйымда тапсырмалар мен еңбек тапсырыстарын өз бетінше орындау; учаскені жинастыруда жасы үлкен кісілерге көмектесу;

  8. - табиғат бұрышының жануарлары мен өсімдіктері туралы өз бетінше қамқорлық көрсету; сюжетті-рөлдік ойындар үшін ойыншықтар, ата-аналар, достар мен таныстар үшін сувенирлер жасау;

  9. - табиғат бұрышында, учаскеде жұмыс істеу кезінде заттарды, аспаптарды қауіпсіз пайдалану ережелерін сақтау;

  10. - тиімді әдістер мен тәсілдерді іріктеп алып, тапсырмаларды орындаудың қарапайым жолдарын жоспарлау.


БІЛІМ МАЗМҰНЫН ИГЕРУДІҢ ЖОСПАРЛАНҒАН НӘТИЖЕЛЕРІ
Білім мазмұнын жүзеге асыру негізгі салалар бойынша жұмыс атқаруды қарастырады: «Денсаулық», «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеуметтік орта», олардың әрқайсысы өзіндік мақсатты бағытқа ие дербес тараулардан құралады.

Басты құзыреттіліктерге ие, ересектер және құрдастарымен қарым-қатынас және ынтымақтастық жасай білетін, дене шынықтыру мен салауатты өмір салтының негіздерін меңгерген, мектепте оқуға дайын тұлға мектепке дейінгі ересек топтағы баланы дамыту мен тәрбиелеу нәтижесі болып табылады.



Күтілетін нәтиже:

- сыртқы ортамен өзара әрекеттесуге бейімделген, мектепте оқу үшін дайындалған барлық қалыптасушы қасиеттер мен икемділіктердің жиынтығын өз бойына жинай білген бала тұлғасын қалыптастыру;

- осы үлгілік әдістеме мектепке дейінгі жастағы балалардың оқу іс-әрекеттеріне қолжетімділігін кеңейтуге; мектепке дейінгі ұйымдардың қолда бар ресурстарын тиімді пайдалануға; мектепке дейінгі білім беруде қосымша білім беру алаңдарын ашу үшін жағдай жасауға ықпал ететін болады;

- толық күн болатын шағын орталықтарда балаларды дамыту әдістемесі мектепке дейінгі ұйымдардың әдіскерлері, тәрбиешілері, сондай-ақ мектепке дейінгі балалардың ата-аналары тарапынан қажетті құрал болып табылады.
МАЗМҰНДЫҚ БӨЛІМДІ ИГЕРУ БОЙЫНША

АТА-АНАЛАРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ
Жұмыстың мақсаты: ата-аналарды мектепке дейінгі ұйымның жұмысына тарту, баланы тәрбиелеу мен дамыту барысында олармен өзара әрекеттесудің түрлі стратегияларын құру, отбасылық тәрбиені жүзеге асыруда психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету.

Міндеттері:

- ата-аналарға педагогикалық білім беру, олардың педагогикалық мәдениеттерін арттыру, ата-аналық дағдыларды қалыптастыру;

- отбасымен жұмыс істеудің неғұрлым тиімді формаларын іздестіру мен енгізу арқылы ата-аналарды балабақша өміріне баулу;

- педагогтар мен ата-аналардың тиімді әріптестігін құру, олардың мектепке дейінгі ұйым іс-әрекетіне белсенді қатысуы;

- өз баласын тәрбиелеу, білім беру және дамыту саласында ата-аналардың қажеттіліктерін айқындау;

- үздік отбасылық тәрбие тәжірибесін зерделеу, жалпылау мен тарату.



Ата-аналармен жұмыс істеу формалары

Ата-аналарға психологиялық-педагогикалық білім беру үшін мыналар ұсынылады:

- өзара әрекеттесудің ұжымдық және жеке формаларын пайдалану (дөңгелек үстелдер, іскерлік ойындар, ата-аналар конференциясы, консультациялар, педагогикалық кеңестер, ата-аналар жиналысы (жалпы және топтық), ауызша журналдар, ата-аналар клубы және т.б.);

- көрнекі үгіттеу жүйесі арқылы педагогикалық білімді насихаттау;

Ата-аналарға отбасылық оқу жөніндегі әдебиетке бағдарлануына көмектесу;

- отбасыны зерттеу бойынша диагностикалық жұмыс атқару;

- отбасылық тәрбиеге халықтық педагогика дәстүрлерін енгізу;

- педагогтар мен ата-аналардың біріккен іс-шаралары арқылы отбасындағы қалыпты қатынастарды дамытуға жағдай жасау;

- мамандардан (психолог, логопед, қосымша білім беру педагогы және т.б.) жеке кеңес алуын қамтамасыз ету;

- ата-аналардың мектепке дейінгі ұйым өмірін ұйымдастыруға қатысу аясын кеңейту, олардың шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі жүзеге асыруына жағдай жасау;

- ата-аналармен-әкелермен, ата және әжелермен ынтымақтасудың алуан түрлі формаларын пайдалану. Оларды беделін арттыруға бағытталған, балалармен бірге атқарылатын шығармашылық, әлеуметтік маңызды біріккен іс-әрекетке баулу;

- үздік отбасылық тәрбие тәжірибесін қорыту, оны фотогазет, ұжымдық жұмыстар, фотомонтаж түрінде ұсыну.




Қосымша
Ағылшын тілі (36 сағ)

(Ағылшын тілінен ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне арналған сағат Үлгілік оқу жоспарының вариативтік бөлігінен алынды)




Рет №

Тақырыбы

ҰОІӘ саны

1

Қазақстанның және Ұлыбританияның туымен таныстыру

1

2

Сәлемдесу, танысу

2

3

Менің балабақшам

Ойыншықтар



3

4

Менің отбасым

2

5

Түстер

2

6

Үй жануарлары

2

7

Жабайы жануарлар

2

8

Менің үйім

2

9

Ыдыс

2

10

Тамақ

2

11

Киім

2

12

Дене мүшелері

2

13

Көкөністер, жемістер

2

14

Мерекелер

2

15

Жыл мезгілдері

2

16

Менің Отаным – Қазақстан

2

17

Спорт

2

18

Қайталау. Ойындар. Ертегілерді сахналандыру.

2


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет