Түсінік хат «Қиындығы жоғары есептер шығару» қолданбалы курсының бағдарламасы. 10-сынып Бағыты



бет1/3
Дата31.01.2022
өлшемі20.75 Kb.
#454957
түріБағдарламасы
  1   2   3
10кл, фак


Түсінік хат

«Қиындығы жоғары есептер шығару» қолданбалы курсының бағдарламасы. 10-сынып

Бағыты : Жаратылыстану - математика бағыты. Бағдары : Химия -биология

Математикалық білім мазмұнының құрылымындағы курстың орны: Курстың мазмұны математикалық білім сипатында,математиканы танып-білуге, пән бойынша математикалық білімді терең білуге бағытталған.Бағдарламада математикадан негізінен жалпы білім беретін мектеп бағдарламасына сүйеніп құралғанымен, қарастырылатын сұрақтар олимпиада бағдарламаларына енгізілген тақырыптармен толықтырылған. Тақырыптарды оқып-үйрену реті тек бағдарлы сипатқа ие. Сағаттар санын,нақты мектеп бағдарына,сондай-ақ оқушылардың дара қабілетіне байланысты өзгертуге болады.

Ғылыми - жаратылыстану бағытына арналған математика курсының міндеті - іргелес пәндері оқып үйренуге қажетті тұғырды қамтамасыз ету, оларға керекті математиканың маңызды немесе арнаулы облыстарын,сонымен қатар осы облыстардағы құбылыстар мен процестерді модельдеу және оларды сипаттау үшін математикалық аппарат пен математикалық әдістерді қолдану ерекшелігін білуден тұрады. Осы міндеттерді шешу қажеттілігі екі себептен құралады. Біріншісі,жаңа ақпаратты технология талаптарынан шығатын оқушылардың қабілеттігі мен бейімділігі, қызығушылығы дамуының жалпы бағытына байланысты. Екіншісі, практикада математикалық әдістер мен түсініктер рөлінің үсуіне байланысты. Бағдарлы оқыту, кәсіби саралаумен байланысты және мектептің жоғарғы сатысына арналған математиканы оқытудың жетекші принципі ретінде жүзеге асады. Кәсіби саралау - тақырыптар мен мағлұматтар көлемі,білім мазмұны жағынан өзгешеліктері бар бағдарламалармен оқыту, оқушылардың математикалық қабілеттілігі мен икемділігін толық аша түсу, математикаға қызығушылық танытқан оқушылардың сұранысы мен талаптарын қанағаттандыру.

Курстыңмақсаты: Оқушылардың математикалық білім деңгейлерін тереңдету,кеңейту,кәсіби бағдарға бейімдеу.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет