Балаларды бейнелеу өнерімен салыстыру сурет салу, мүсіндеу, жапсыру бойынша ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде және басқа да режимдік кезеңдерде 5 минуттан өткізіледі.
Музыка бойынша білімдік материалды игеру нәтижесінде жыл соңында балалар мыналарды меңгеруі тиіс:
- қарапайым жанрларды ажырата білу (күй, ән, би, марш), оларға тән белгілерді атау;
- музыкалық шығарманың сипатын анықтау;
- музыкалық мәнерлеу құралдарын (қарқын, серпін, регистр), музыкалық шығарманың формасын (әннің бастамасы мен қайырмасы, кіріспе, қорытынды) көрсету;
- музыкалық кәсіптерді атау (музыкант, орындаушы, әнші, солист, дирижёр және т.б.), композиторлардың аты-жөні;
- қарапайым музыкалық терминдерді, ән салу дағдыларын игеру;
- музыкалық сүйемелдеу арқылы жақсы таныс әнді өз бетінше орындау, қиын емес әнді сүйемелдеусіз орындау;
- пластикалық, ырғақты, мәнерлі қимылдар жасау, музыканың сипатына сәйкес қимылдау;
- кейбір музыкалық аспаптар туралы қарапайым түсініктерге ие болуы;
- балалардың музыкалық аспаптарын дыбыстау тембрі бойынша ажырата білу, олардың атын білу (дабыл, барабан, металлофон, ксилофон, үшбұрыш, маракас);
- балалардың музыкалық аспаптарында ойнаудың қарапайым дағдыларын меңгеру (металлофон, ксилофон, үшбұрыш, асатаяқ, тоқылдақ, жыланбас қоңырау, дабыл, маракас, румба және т.б.);
- музыкалық дыбыстың негізгі қасиеттерін, ұзақтығын, тембрін ажырата білу;
- суырып салма ән салу қабілетіне (ұсынылған мәтінге арнап қарама-қайшы сипаттағы әуендер шығару), өз бетінше тиісті қимылдарды іріктеу негізінде музыкалық-ойын образы қабілетіне, балалардың музыкалық аспаптарында (металлофон) суырып салма әуендер шығару қабілетіне ие болу;
- таныс би элементтерін құрамдастыру негізінде (немесе өзінің жеке элементтерін ойлап табу арқылы) би композицияларын шығару.
«ӘЛЕУМЕТТІК ОРТА» білім беру саласы (72 сағ)
-
Мақсаты: баланың бойында тұлғаның маңызды адамгершілік қасиеттерін, еңбек дағдыларын қалыптастыру, жалпы адамзатқа ортақ нормалар мен құндылықтарды, салт-дәстүрлер мен ережелерді білуін дамыту негізінде қоғамдық қатынастар жүйесіне енгізу үшін қажетті әлеуметтік-мәдени тәжірибені қалыптастыру.
-
«Әлеуметтік орта» білім беру саласының мазмұны ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің келесі түрлерінде жүзеге асырылады:
-
- қоршаған ортамен таныстыру және экология, 18 сағ. («Қоршаған ортамен таныстыру» және «Экология» блогының мазмұнына келесі бағыттар кіреді: бала, оның отбасы, үй; көлік, байланыс құралдары; жол қозғалысы ережелері; ересектердің еңбегі; Қазақстан – менің Отаным, еліміздің рәміздері; Қазақстан Республикасының армиясы; адамгершілік нормалары туралы түсінік; мінез-құлық мәдениетінің дағдылары; ересектермен және құрдастарымен өзара әрекеттесу);
-
- көркем әдебиет, 18 сағ. («Көркем әдебиет» тарауының мазмұнына келесі бағыттар кіреді: адам қатынастарының әлемі; эмоциялар әлемі);
-
- өзін-өзі тану 36 сағ. (бағдарламаны «Бөбек» ұлттық ғылыми-тәжірибелік, білім беру және сауықтыру орталығы әзірледі, Алматы 2005 ж.; 4 блокпен берілген: «Мен – адаммын», «Қарым-қатынас қуанышы», «Адамгершілік әліппесі», «Мен және менің әлемім».)
«Әлеуметтік орта» білім беру саласының «Қоршаған ортамен таныстыру» және «Экология» блогының материалдарын игеру нәтижесінде жыл соңында балалар:
- үй, отбасы туралы, отбасындағы өзара қатынастар мен туыстық байланыстар, шежіре туралы түсінікке ие болуы тиіс;
- өз аты-жөні мен жасын, мекен-жайын, тегін, ата-анасының аты-жөнін айта білуі тиіс;
- көлік құралдарын тануы, атай білуі және жіктей алуы тиіс;
- бағдаршамның үш сигналының мағынасын түсіне білуі, жол бөліктерін ажырата білуі және атай алуы тиіс;
- жол қозғалысының ережелері туралы түсінікке ие болуы, жол белгілерін білуі тиіс: «Тамақтану пункті», «Телефон», «Тұрақ орны», «Медициналық жәрдем пункті; байланыс құралдарын білуі тиіс;
- кейбір өнеркәсіптік, ауыл шаруашылық және басқа да кәсіптердің атауын, мазмұны мен мәнін білуі;
- кез келген зат көпшілік адамдардың еңбегімен жасалғанын түсіне білуі;
- өз елінің атын, оның бас қаласын, туған қаласын (ауылын), Қазақстанның ең үлкен қаласын білуі;
- өз елінің мемлекеттік рәміздерін атай білу және ажырата білуі, ҚР мемлекеттік гимнін орындау кезінде өзін ұстау ережелерін білуі;
- өзін-өзі құрметтеу және басқа адамдардың қадір-қасиетін құрметтеу сезіміне, өз ата-бабаларының және Отанымыздың қазіргі қаһармандарының ерліктері мен жетістіктерін мақтан тұту сезіміне ие болуы;
- армияның міндетін білуі, әскердің кейбір түрлерін ажырата білуі;
- тәжірибелік эксперимент жасауға қызығушылық және білімге құмарлық таныту;
- сынап көру әрекеттерінің көмегімен түрлі мәселелерді шешу тәсілдерін таба білу, қарапайым себеп-салдар байланыстарын орнату.
- адам қатынастарындағы «жақсы» немесе «жаман» деген немене;
- түрлі әлеуметтік жағдайларда тиімді шешімдер қабылдау; өз мінез-құлқы мен құрдастарының мінез-құлықтары туралы өз пікірін білдіруде нені айтуға болатынын және нені айту қажет екендігін түсіне білуі;
- жағымсыз сезімдер көрінісін білдірмеу, өкпені кешіре білу, әдеби кейіпкерлер мен адамдардың кемшіліктерін ғана емес, сондай-ақ артықшылықтарын да байқай білу;
- жасы үлкен кісілерге құрмет көрсету бойынша халық салт-дәстүріне негізделген адамгершілік мінез-құлық нормаларын сақтай білу;
- өз мінез-құлқы арқылы басқаларға кедергі жасамай, бірікен іс-әрекетке қосылу; басқа адамдардың пікірімен санаса білу, айналасындағы адамдардың эмоционалды күйінің өзгергенін байқай білу;
- жақын адамдарына, айналасындағы адамдарға қамқорлық көрсету, олардың жан дүниесін түсіне білу және төзімділік таныту, ересектермен бірге еңбек іс-әрекеттерін атқару;
- бір-біріне және айналасындағы ересек адамдарға риясыз көмектесу.
-
«Әлеуметтік орта» білім беру саласы бойынша білімдік материалды игеру нәтижесінде жыл соңында мектепке дейінгі ересек топтағы балалар мыналарды меңгеруі тиіс:
-
- үй туралы, отбасы туралы, отбасындағы өзара қарым-қатынастар және туыстық байланыстар туралы, шежіре туралы түсінікке ие болу; өзінің аты-жөні мен жасын, тегін, ата-анасының аты-жөнін атай білуі;
- өзіне жақын адамдарға, айналасындағы адамдарға қамқорлық көрсету, олардың жан-дүниесін түсіне білу және төзімділік таныту, ересектермен бірге еңбек іс-әрекеттерін атқару; бір-біріне және айналасындағы ересек адамдарға риясыз көмектесу;
- көлік құралдарын тануы, атай білуі және жіктей алуы; бағдаршамның үш сигналының мағынасын түсіне білуі, жол бөліктерін ажырата білуі және атай алуы; жол қозғалысының ережелері туралы түсінікке ие болуы, жол белгілерін білуі тиіс: «Тамақтану пункті», «Телефон», «Тұрақ орны», «Медициналық жәрдем пункті; байланыс құралдарын білуі;
- кейбір өнеркәсіптік, ауыл шаруашылық және басқа да кәсіптердің атауын, мазмұны мен мәнін білуі; кез келген зат көпшілік адамдардың еңбегімен жасалғанын түсіне білуі;
- өз елінің атын, оның бас қаласын, туған қаласын (ауылын), Қазақстанның ең үлкен қаласын білуі; өз елінің мемлекеттік рәміздерін атай білуі және ажырата білуі, ҚР мемлекеттік гимнін орындау кезінде өзін ұстау ережелерін білуі;
-
- армияның міндетін білуі, әскердің кейбір түрлерін ажырата білуі;
-
- жасы үлкен кісілерге құрмет көрсету бойынша халықтық салт-дәстүрге негізделген адамгершілік мінез-құлық нормаларын сақтау;
-
- ертегілер мен әдеби туынды кейіпкерлерінің мінез-құлықтарына баға бере білу, оларға деген өз қарым-қатынасын таныту; адам сезімдері мен өзара қарым-қатынастар әлемі туралы, әдеби кейіпкерлерді мысалға ала отырып, балалар мен ересектер қоғамындағы мінез-құлық мәдениеті туралы пайымдау;
-
- әдістемелік көркем туындыларды, картиналарды, скульптураны білу;
-
- адам қатынасындағы «жақсы» деген не және «жаман» деген не екенін білу; жағымсыз сезімдер көрінісін білдірмеу;
-
- түрлі әлеуметтік жағдайларда тиімді шешімдер қабылдау; өз мінез-құлқы мен құрдастарының мінез-құлықтары туралы өз пікірін білдіруде нені айтуға болатынын және нені айту қажет екендігін түсіне білуі;
-
- жасы үлкен кісілерге құрмет көрсету бойынша халық салт-дәстүріне негізделген адамгершілік мінез-құлық нормаларын сақтай білу;
-
- жақсы мінез-құлықтарға қуану, қанағаттану, моральдық нормалар бұзылған жағдайда күйзелу;
-
- қоршаған ортаға қатынасы бойынша өз әрекетін болжау;
-
- рухани және материалдық мәдениет нысандарына құрметпен қарау;
-
- экологиялық қауіпсіз мінез-құлықтар дағдыларын және адам денсаулығының қоршаған ортаның жағдайына және өз іс-әрекетіне байланысты екендігі туралы қарапайым түсініктерді игеруі;
-
- өзін-өзі құрметтеу және басқа адамдардың қадір-қасиетін құрметтеу сезіміне, өз ата-бабаларының және Отанымыздың қазіргі қаһармандарының ерліктері мен жетістіктерін мақтан тұту сезіміне ие болуы.
Баланы ойын іс-әрекетінде дамыту
-
Мақсаты: ойын іс-әрекеті барысында баланың әлеуметтік белсенділігі мен даралығын қалыптастыру және жетілдіру, балалардың ойын бірлестігін нығайту, өз әрекетін серіктерінің әрекеттерімен келістіре білуін дамыту, ойын іс-әрекетінде өз тәжіриесін, білімі мен икемділігін қолдану.
-
«Баланы ойын іс-әрекетінде дамыту» тарауының мазмұнына келесі бағыттар кіреді: сюжеттік-рөлдік ойындар; драмаландыру ойындары; құрылыс материалдарымен ойындар; қимыл-қозғалыс ойындары, дидактикалық ойындар).
-
Ойын іс-әрекетінде балалар жыл соңында мыналарды меңгеруі тиіс:
-
- ойын тақырыбын өз бетінше таңдау, сюжетті дамыту; ұжымдық сюжеттік-рөлдік ойынға қатысуға ұмтылу; ойынға қатысушы барлық адамдарды ұйымдастырушы және атқарушы рөлін өзіне алу; таныс сюжеттерді драмаландыру; тәрбиешінің көмегімен театрландырылған ойындар, көріністер ұйымдастыру;
-
- сюжеттік-рөлдік ойындарда қоршаған ортаның шындық болмысын көрсету; ойын ережелерін айқын сақтау және оларды орындаудан қанағаттану;
-
- өзара әрекеттесудің жалпы ережелері негізінде біріккен дидактикалық ойындарға қатыса білу және ойындағы өз әрекеті мен құрдастарының әрекеттеріне баға беру;
-
- ойында берілген нәтижеге қол жеткізуге ұмтылу; ойындағы қимылдар логикасына сүйене білу; ұлттық ойын ережелерін, оған тән белгілерді және ұлттық мәдениетке қатыстылығын ажырата білу;
-
- ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде алынған конструктивті икемділіктерді қолдану, түрлі ғимараттардың суреттерін, фотосуреттерін пайдалану; дербес қимыл-қозғалыс ойындарын ұйымдастыру.
-
Баланы еңбек іс-әрекетінде дамыту
-
Мақсаты: мектепке дейінгі ересек топтағы балаларды еңбек әрекетіне баулу және оларды еңбек әрекетіне жүйелі қатысуын қамтамасыз ету, еңбектенуге ниеттену және еңбектене білуге тәрбиелеу.
-
«Баланы еңбек іс-әрекетінде дамыту»» тарауының мазмұнына келесі бағыттар кіреді: өзіне-өзі іс-әрекет көрсету; шаруашылық-тұрмыстық еңбек; табиғаттағы еңбек; қол еңбегі).
-
Еңбек іс-әрекетінде балалар жыл соңында мыналарды меңгеруі тиіс:
-
- өзіне-өзі қызмет етуді көрсетудің қарапайым дағдыларын, тазалық пен тіртіп әдептерін игеруі; өзінің сырт келбетін қадағалауы және өзінің сырт келбетіндегі кейбір кемшіліктерді өз бетінше түзетуі; құрдасының киіміндегі, аяқ киіміндегі, сырт келбетіндегі кемшіліктерді түзету ниетін білдіру;
-
- оқу іс-әрекеті ұйымдастырған асхана бойынша, табиғат бұрышы бойынша кезекші міндетін адал орындау;
-
- үйде және мектепке дейінгі ұйымда тапсырмалар мен еңбек тапсырыстарын өз бетінше орындау; учаскені жинастыруда жасы үлкен кісілерге көмектесу;
-
- табиғат бұрышының жануарлары мен өсімдіктері туралы өз бетінше қамқорлық көрсету; сюжетті-рөлдік ойындар үшін ойыншықтар, ата-аналар, достар мен таныстар үшін сувенирлер жасау;
-
- табиғат бұрышында, учаскеде жұмыс істеу кезінде заттарды, аспаптарды қауіпсіз пайдалану ережелерін сақтау;
-
- тиімді әдістер мен тәсілдерді іріктеп алып, тапсырмаларды орындаудың қарапайым жолдарын жоспарлау.
БІЛІМ МАЗМҰНЫН ИГЕРУДІҢ ЖОСПАРЛАНҒАН НӘТИЖЕЛЕРІ
Білім мазмұнын жүзеге асыру негізгі салалар бойынша жұмыс атқаруды қарастырады: «Денсаулық», «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеуметтік орта», олардың әрқайсысы өзіндік мақсатты бағытқа ие дербес тараулардан құралады.
Басты құзыреттіліктерге ие, ересектер және құрдастарымен қарым-қатынас және ынтымақтастық жасай білетін, дене шынықтыру мен салауатты өмір салтының негіздерін меңгерген, мектепте оқуға дайын тұлға мектепке дейінгі ересек топтағы баланы дамыту мен тәрбиелеу нәтижесі болып табылады.
Күтілетін нәтиже:
- сыртқы ортамен өзара әрекеттесуге бейімделген, мектепте оқу үшін дайындалған барлық қалыптасушы қасиеттер мен икемділіктердің жиынтығын өз бойына жинай білген бала тұлғасын қалыптастыру;
- осы үлгілік әдістеме мектепке дейінгі жастағы балалардың оқу іс-әрекеттеріне қолжетімділігін кеңейтуге; мектепке дейінгі ұйымдардың қолда бар ресурстарын тиімді пайдалануға; мектепке дейінгі білім беруде қосымша білім беру алаңдарын ашу үшін жағдай жасауға ықпал ететін болады;
- толық күн болатын шағын орталықтарда балаларды дамыту әдістемесі мектепке дейінгі ұйымдардың әдіскерлері, тәрбиешілері, сондай-ақ мектепке дейінгі балалардың ата-аналары тарапынан қажетті құрал болып табылады.
МАЗМҰНДЫҚ БӨЛІМДІ ИГЕРУ БОЙЫНША
АТА-АНАЛАРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ
Жұмыстың мақсаты: ата-аналарды мектепке дейінгі ұйымның жұмысына тарту, баланы тәрбиелеу мен дамыту барысында олармен өзара әрекеттесудің түрлі стратегияларын құру, отбасылық тәрбиені жүзеге асыруда психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету.
Міндеттері:
- ата-аналарға педагогикалық білім беру, олардың педагогикалық мәдениеттерін арттыру, ата-аналық дағдыларды қалыптастыру;
- отбасымен жұмыс істеудің неғұрлым тиімді формаларын іздестіру мен енгізу арқылы ата-аналарды балабақша өміріне баулу;
- педагогтар мен ата-аналардың тиімді әріптестігін құру, олардың мектепке дейінгі ұйым іс-әрекетіне белсенді қатысуы;
- өз баласын тәрбиелеу, білім беру және дамыту саласында ата-аналардың қажеттіліктерін айқындау;
- үздік отбасылық тәрбие тәжірибесін зерделеу, жалпылау мен тарату.
Ата-аналармен жұмыс істеу формалары
Ата-аналарға психологиялық-педагогикалық білім беру үшін мыналар ұсынылады:
- өзара әрекеттесудің ұжымдық және жеке формаларын пайдалану (дөңгелек үстелдер, іскерлік ойындар, ата-аналар конференциясы, консультациялар, педагогикалық кеңестер, ата-аналар жиналысы (жалпы және топтық), ауызша журналдар, ата-аналар клубы және т.б.);
- көрнекі үгіттеу жүйесі арқылы педагогикалық білімді насихаттау;
Ата-аналарға отбасылық оқу жөніндегі әдебиетке бағдарлануына көмектесу;
- отбасыны зерттеу бойынша диагностикалық жұмыс атқару;
- отбасылық тәрбиеге халықтық педагогика дәстүрлерін енгізу;
- педагогтар мен ата-аналардың біріккен іс-шаралары арқылы отбасындағы қалыпты қатынастарды дамытуға жағдай жасау;
- мамандардан (психолог, логопед, қосымша білім беру педагогы және т.б.) жеке кеңес алуын қамтамасыз ету;
- ата-аналардың мектепке дейінгі ұйым өмірін ұйымдастыруға қатысу аясын кеңейту, олардың шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі жүзеге асыруына жағдай жасау;
- ата-аналармен-әкелермен, ата және әжелермен ынтымақтасудың алуан түрлі формаларын пайдалану. Оларды беделін арттыруға бағытталған, балалармен бірге атқарылатын шығармашылық, әлеуметтік маңызды біріккен іс-әрекетке баулу;
- үздік отбасылық тәрбие тәжірибесін қорыту, оны фотогазет, ұжымдық жұмыстар, фотомонтаж түрінде ұсыну.
Қосымша
Ағылшын тілі (36 сағ)
(Ағылшын тілінен ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне арналған сағат Үлгілік оқу жоспарының вариативтік бөлігінен алынды)
Рет №
|
Тақырыбы
|
ҰОІӘ саны
|
1
|
Қазақстанның және Ұлыбританияның туымен таныстыру
|
1
|
2
|
Сәлемдесу, танысу
|
2
|
3
|
Менің балабақшам
Ойыншықтар
|
3
|
4
|
Менің отбасым
|
2
|
5
|
Түстер
|
2
|
6
|
Үй жануарлары
|
2
|
7
|
Жабайы жануарлар
|
2
|
8
|
Менің үйім
|
2
|
9
|
Ыдыс
|
2
|
10
|
Тамақ
|
2
|
11
|
Киім
|
2
|
12
|
Дене мүшелері
|
2
|
13
|
Көкөністер, жемістер
|
2
|
14
|
Мерекелер
|
2
|
15
|
Жыл мезгілдері
|
2
|
16
|
Менің Отаным – Қазақстан
|
2
|
17
|
Спорт
|
2
|
18
|
Қайталау. Ойындар. Ертегілерді сахналандыру.
|
2
|
Достарыңызбен бөлісу: |